Мәтінге арналған сөздік
Словарь к тексту
бұйрық – приказ
кәсіпорын – предприятие
басқару құжаттары – распорядительные документы
ең маңызды – наиболее важный
көп тараған – распространенный
түр – вид
болып табылады – является
қандай да бір – каких-либо
міндет – задача
өндіріс – производство
шешу үшін – для решения
кәсіпорын басшысы – глава предприятия
құжат – документ
мекеме - учреждение
құрылымдық бөлімше – структурная часть
құрылу – создание
таратылу – ликвидация
қайта ұйымдастырылу – реорганизация
өзгеріс – изменение
енгізу – внести
ереже – положение
нұсқаулық – инструкция
бекіту – утвердить
қаржыландыру – финансировать
жоспарлау – планировать
жабдықтау – снабжать
жеке құрам – личный состав
негізгі қызмет бойынша – по основной деятельности
Бұйрық үлгісі
(Форма приказа)
Қостанай облысының салық комитеті
БҰЙРЫҚ
14.12. 2007. № 159 ж/қ
Қостанай қаласы
Жұмысқа қабылдау туралы
2007 жылдың 28 қарашасындағы № 736 келісім-шарт бойынша бас бухгалтер қызметіне азаматша Байділдаева Қаракөз Мәсімбайқызы тағайындалсын.
2010 жылдың 29 қарашасына дейін белгіленген келісім-шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында бас бухгалтер мына жобаларды жүзеге асырсын:
бөлімшелерді, қызметтерді, лауазымды тұлғаларды және басқа да қызметкерлерді олардың келісім-шарттарымен таныстыруды көздеген басшының өкімін;
бас бухгалтердің келісім-шартта белгіленген құқықтары мен міндеттерін, сонымен бірге келісім-шарттың басқа да талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін бастықтың бұйрығын дайындасын.
Негіздеме: 2006 жылдың 28 қарашасындағы №736-жеке еңбек шарты
Бастық қолы аты-жөні
Бас бухгалтер қолы аты-жөні
14.12.2007.
Бұйрықпен таныстым
Жұмысқа қабылданушының қолы
17.12. 2007.
|
Достарыңызбен бөлісу: |