Қарахандар әулеті тұсында ислам дінінің қазақ даласына таралуы мен оның ерекшеліктері Қожа Ахмет Йссауи есіміне байланысты.
Қарахан әулеті өзін “Афрасиаб үйі” деп атаған, сонымен өздерінің түріктік шығу тегін басып көрсетіп отыр. Түркілер мекендеген Оңтүстік Қазақстанның, Жетісу мен Шығыс Түркістанның қалалары сауда – қолөнердің, мәдениттің дамыған орталықтарына айналды. Мысалы: бір Шаштың (Ташкент) өзінде, төрт мыңдай мешіт болған.
10 – 12 ғасырда Жетісу, Сырдария алқаптарында қала, мешіт, монша, кесене тас көпір салу ісі өркендеді. Архитектура құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композиция типтерін қалыптастыруға, арка, күмбез құралымын (конструкциясын) кеңінен қолдануға, көркемдеу әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты. Олардың сыртқы қабырғалары, күмбездері мен күмбезге ұласатын тұстары өрнекті кірпіш өрілімімен нақышталса, ішкі еңселері ғимарат құрылымымен үндес ою-өрнекпен әсемделді. Құрылыстарда қашап, құйып, исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қала мәдениетінің дамуында ислам дінінің маңызы артты. Мұсылман діні қалаларда қарқынды дамып, орта ғасырлық араб ғалымы әл-Макдиси мешіттердің қалалардағы міндетті құрылыстардың біріне айналғанын айтады. Құйрықтөбе қаласының жұртында жүргізілген қазба жұмыстарында 10 – 13 ғасырларда салынған деп табылған мешіт қазылған. Баласағұн, төмен Сырдария және Тараздағы мұсылман сәулет өнерінің діни құрылыстары неғұрлым кейінгі кезеңге жатады. Мешіт пен мұнара әкімшілік биліктің және билік басындағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген. Қарахан әулетінің билігі тұсындағы сәулет өнерінің үлгілері Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы моншалардан айқын көрінеді. Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында маңызды орын алғаны мәлім. Археологиялық зерттеулер қала тұрғындарының өмірінде мәдени-қоғамдық мәні артып, мешіттен кейінгі кісі ең көп баратын орынға айналған моншалардың орындарын анықтады.