Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы



бет2/5
Дата15.11.2022
өлшемі2,13 Mb.
#50365
1   2   3   4   5
Байланысты:
леуметтік-гуманитарлы ылымдар кафедрасы

Шаруашылығы. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле мен, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды.

Әдебиеті. Махмұд Қашғари еңбегі “Диуан луғат ат түрік”. Қарахан мемлекетінің түркілері өзінің тілі мен көне дәстүрін мақтан тұтты. Мұсылманша тамаша білім алған ғалым, ақсүйек Махмұд Қашғари өзінің энциклопедиялық еңбегі “Диуан луғат ат түрікті” түркі тайпаларының тілі мен этнографиясына арнаған. Ол түрік халықтарының орналасуы жайында мәліметтер бере отырып қыпшақтарға да тоқталған. М.Қашғаридің еңбегі қыпшақтардың тілін зерттеуде өте құнды еңбек болып саналады. Орта Азиядан шыққан ежелгі филолог және саяхатшы түріктер қоныстанған территорияларды аралап жүріп, өз көргендерін нақты жазып отырған, оның еңбегі 1074 жылы жарық көрді.
Заманында алыс аймақтарға әйгілі болып, саяси-шаруашылық және қоғамдық-әкімгершілік үлкен орталыққа айналған Қашғарда оқып (әлде, жан-жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы Орта Азияның не бір мықты басқа да шаһарлары мен кенттерінде – Бұқара, Нишапур, Самарқанд, Мерв, т.б. тұрып) білім алған Махмұт өз дәуірінің теңдесі жоқ атақты ғұламасы еді. Классикалық араб тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдинетін, олардың жалпы зерттелу дәрежесін өте жетік білген. Шығыс елдерінің (Қытай, Иран, Түркістан, Орта Азия, Рум, Еділ бойы, т.б.) әлеуметтік өмірі мен әдебиетін түбегейлі меңгерген. Махмұттың ана тілі – Қарахан мемлекеті қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі (ғалым оны «таза тіл» деп санайды). Ол тілде Іле бойын жайлайтын яғма, тухси, чығыл сияқты тайпалар сөйлеген.
Сәулет өнері. Бабаджахатун, Айша Бибі, Қарахан, Алаша хан, Сырлытам мазарлары, Талас өзеніндегі тас көпір, Тараз моншасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет