4. Мүгедек балаларды үйде оқытатын отбасыларына төленетін мемлекеттік жәрдемақы. 1.Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) кемтар балалардың тұрақты тұрғылықты жерінде тіркелуі бойынша өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) алушының жеке басын куәландыратын құжаты;
2) баланың туу туралы куәлігі;
3) алушы мен баланың тұрақты тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттары;
4) Білім басқармасының қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиясы беретін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес тұжырымы (бұдан әрі - Тұжырым);
5) мүгедектігі туралы анықтама;
6) банк шотының болуы туралы құжат.
2. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.
3. Заңды өкілдер кемтар балаларды асырап алғандығы және қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленгендігі жөнінде тиісті органдардың шешімдерінің көшірмелерін ұсынады.
4. Ата-аналардың (заңды өкіл) бірінің жәрдемақы тағайындау туралы өзі өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда ата-аналар (заңды өкіл) жәрдемақы тағайындау туралы өтініш жасауға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
5. Әлеуметтік көмек Тұжырымда көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген мерзімге әр тоқсан сайын төленеді.
6.Алғаш тағайындалған жағдайда жәрдемақы өтініш берген күннен бастап төленеді.
Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Әлеуметтік көмек: 1) алушы қайтыс болған; 2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен; 3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген; 4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады. Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша
Отбасыны тіркеу нөмірі ____________