Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек



бет5/5
Дата18.05.2022
өлшемі2,07 Mb.
#34963
1   2   3   4   5
Акция түрлері
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия «25 игі іс» атты акцияның басталғанын мәлімдеді.
Республикалық деңгейде өтетін акцияның бірі аз қамтылған отбасылардағы классикалық ота жасауды қажет ететін балаларға көмектесу. «Екіншіден, біз әке институтын көтеруге назар аударамыз. Бұл да ұлттық комиссияның отбасы-демографиялық саясатының бір бағыты болып табылады.
Халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған санаттарына аса көңіл бөліп, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қайырымдылық білдіруге жаны құштар жандар аз емес арамызда. Оның ішінде билік орындары тарапынан да көрсетіліп жатқан көмектер бар. Соның ішінде елордада 2015 жылдың қорытындысы бойынша 100 000 астам адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды, атап айтқанда, көп балалы отбасылар - 6969, көп балалы аналар - 4008, тұрмысы төмен азаматтар (3 мыңнан астам) және т.б. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетілді: 239 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек ұсынылды; 1200 астам отбасыға 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы төленді; 1662 отбасыға тұрғын үй көмегі көрсетілді . «Өрлеу» ілкі жобасы. аясында шартты ақшалай көмек ұсыну бойынша жұмыстар жалғасуда. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша тегін қызметтер ұсыну және ақшалай төлемдер түрінде 2 536 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 1 235 700 теңге қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жол жүруге бөлінді.
Ал Алматыда бастау алған «1000 игілікті іс» акциясы аясында 100 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пакеттері табыс етілді. Онда күріш, кеспе, шұжық, консервіленген ет, өсімдік майы, халуа, қарақұмық, зефир секілді қажетті азық-түліктер бар. Бұл акцияны G38 жастар ұйымы бизнес-қауымдастық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. 
Әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын балалардың мұң-мұқтажын ескеріп, оларға жәрдемдесіп отыруды, олардың әл-ауқатын жақсартуды бүгінгі қоғам өз алдына міндет етіп қойып отыр. Осыған орай, Павлодар облысында 10237 оқушыға 32684,8 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Нақты айтқанда, Павлодар облысында республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында 10237 оқушыға жалпы сомасы 32684,8 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде 4635 оқушыға демеушілер 13717,3 мың теңге бөлген. Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, шараға өңірдегі ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары, білім беру орындары және басқа да мекеме-ұйымдар белсенді атсалысқан.
Оңтүстік Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 пайдалы іс» республикалық акциясы өтті. ОҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері облыстық психоневрологиялық интернатына барып, балаларға арналған демалыс бөлмелерін жабдықтауға атсалысып, балаларға базарлық жасады.Атап айтқанда, акцияға қатысушылар ондағы екі демалыс бөлмесіне жиһаз жасатып, толықтай жабдықтауға 450 мың теңгенің сертификатын табыстаса, балаларға ойыншықтар мен киімдер, кілем, жөргек заттары мен кітаптар таратып, барлығы 1 млн-ға жуық теңгенің көмегі көрсетілді.
«Мектепке жол»
акциясы өткізілді. Бұл акция аз қамтылған,көпбалалыотбасылардағы балалар мен жетім балаларды жаңа
оқу жылы қарсаңында мектепке даярлау және балалардың
әлеуметтік себептерге байланысты мектептен тыс қалуының алдын алуға бағытталған. Көмектің кез келген көмек түрі, оқу құралдары, ұйымдастыру техникасы және оқыту құралдары, жиһаз бен спорт мүліктері , тұрмыстық техника, азық-түлік тағамдары мен кітаптар балалардың
жаңа оқу жылына дайындалуына
ықпал етіп, оларды оқыту мен тәрбиелеу , бос уақыттарын
жағдайын жақсартуға көмектеседі. 
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға
әлеуметтік қызметкердің көмек көрсетуі
Қорытынды 

Қым-қуыт тіршілікте қиналған сәтте адамдардың бір біріне демеу болып, мейірім шуағын шашып, көмек қолын созуы мына жарық дүниені нұрға бөлейді. Сондықтан да болар, қазір мемлекет тарапынан да, түрлі ұйымдар, кәсіпкерлер мен жекелеген адамдар тарапынан да қайырымдылық жасау тұрақты ұйымдастырылатын игі шаралар легіне айналды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет