А) эксперименталды емес психологиялық әдістер Психологиялық зерттеудің экспериментальды емес әдістерге: бақылау, сауалнама, әңгімелесу, монографиялық әдістер жатады.
Б) Диагностические методы Диагностикалық зерттеу әдістеріне әртүрлі тесттер, яғни зерттеушіге объектісін жан-жақты зерттеп диагноз қоюға септігін тигізетін әдістер жатады.
Тест – зерттеліп жатқан адамның психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында құрылған стандартталған тапсырмалар жиынтығы.
В) Экспериментальды әдістер Экспериментальды әдістердің экспериментальды емес әдістер мен диагностикалық әдістерден айырмашылығы, зерттеу барысында зерттелетін объектінің қызметіне тікелей араласу мүмкіндігін тудырады.
Экспериментальды әдістердің ерекшелігі:
А) зерттеліп отырған адамның психологиялық ерекшелігіне әсер ететін арнайы психологиялық жағдайларды ұйымдастыру;
В) зерттеу барысында осы жағдайлардың өзгертілуі.
Психологияда экспериментальды әдістің негізіг 3 түрі бар:
1. табиғи (полевой) эксперимент.
2. модельдеуші эксперимент.
3. Лабораторлық эксперимент.
Г) Қалыптастырушы әдіс Психологияда қалыптастырушы әдістерге бір топ адам, яғни әртүрлі әлеуметтік эксперименттер жатады:психолого-педагогикалық эксперимен, қалыптастырушы эксперимент, экспериментальды-генетикалық әдіс, кезеңдік қалыптасу әдістері және т.б. жатады.
Қалыптастырушы эксперимент бұл:
1. Массалық эксперимент, яғни статистикалық маңызды (оның ареалына минимум дегенде - мектеп, педагогикалық ұжым жатады).
2. ұзақ мерзімге, яғни пролонг эксперимент.
3. Эксперимент эксперимент үшін емес, психологияның нақты бір облысында жалпы теориялық тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында жасалады (жасерекшелік, балалық, педагогикалық және басқа да салалар).
4. Эксперимент кешенді түрде жүзеге асырылғандықтан, психолог-теоретиктердің, психолог практиктердің, зерттеуші-психологтардың, дидактиетердің, методистердің бірігіп қызмет етуін талап етеді.