Әлеуметтік жұмыстың шешуші моделі. Әлеуметтік жұмыстың бұл моделі бсқа модельдерден ерекшеленіп спецификалық мінездемеге ие. Оның қалыптасу негізіне қоғамның жеке мүшесіне жағымсыз әсер ету факторын төмендету енеді. Бұл модель көбіне отбасымен жұмыс барысында қолданылады, себебі отбасы мүшелерінің бір біріне қолдау көрстеуі олардың әлеуметтік дамуын белсендендіру мүмкін.
Шешуші модель көмек сұрап келгендердің барлығына көмек көрсетуге бағытталған. Алайда көптеген потенциалды клиенттер әлеуметтік көмек көрсету қызметінен көмек сұрау ниетінен айырылған. Мысалы: әлеуметтік көмек көрсету қызметіне қандай да болмасын көмек сұрап келген адам қызметкерлер тарапынан өзінің сұранымына жағымсыз жауап алатын жағдайды жатқызуға болады. Адам өз мәселесін толық түсініп оны жан-жақты қарастыру керектігін, және оны қандай жолмен шешу керетігін анықтай алмаған жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің клиентіне айналады.
Қазіргі кезде әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің клиентіне нақты адам топтарын жатқызамыз(аз қамтылғандар, жалғызбастылар, қарттар және т.б.). кейбір топтарда стереотипті көзқарас қалыптасқан, яғни олар әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің клиенті болу бұл ұятты құбылыс деп санайды. Көптеген адамдар әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің клиенттеріне менсінбеушілікпен қарап, кемсітіп отырады.
Әлеуметтік жұмыстың шешуші стратегиясы әр түрлі категорияларға қолдау көрсетумен қатар, көмек сұрап келген клиенттерге де негативті қарым-қатынасты жақсартумен айналысады. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің шешуші моделінің негізгі мәселесіне клиенттерге пайда болған мәселелерді шешуге жеке өзіндік потенциалды бағалай білуді үйрету.
Осы мақсатпен клиент өз мәселелерін шешу үшін арнайы оқытылады және үйретіледі. Бұл жағдайда «серіктестік қарым-қатынас» технологиясы қолданылады. Бұл технологияның мақсаты алғаш клиентпен кездесу барысында оның негативті реакциясын жеңе білу болып табылады. Негативизм ерте бала шақтан бастау алатынын, және бала шақтағы теріс тәжірибемен байланысты екендігін ескеріп, негативизмнің пайда болуын анықтау керек ( отбасының кедей екендігіне, немесе ата-аналардың мүгедектігіне ұялу, қандай да бір этникалық топқа жату, әлсіз денсаулық, дамудың ақырын жүруі және т.б.). Осының бәрі клиенттің әлеуметік рөлдерді орындау тиімділігін төмендетеді. Негативті блоктарды анықтап, оларды жоя бастаған соң, мәселесін шешуге талпынған клиентке қолдау көрсету керек.
Әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы қарым-қатынас негізінде офицалды қызмет орындарына, өз күшіне деген сенімсіздік жойылу керек. Әсіресе клиентте мұндай сезім бірінші мүмкіндіктің іске аспай қалуынан пайда болуы мүмкін. Әлеуметтік қызметкер клиенттің әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, мотивацияларын ескеріп отыруы тиіс. Бұл әлеуметтік қызметкер клиентпен жұмыс барысында бірнеше функцияны атқаратынын білдіреді: консультант (клиентте өзін-өзі бағалау сезімін тудырады), оқытушы (өзі туралы ақпараттарды алуға көмектеседі), тәрбиелеуші (клиентте өзінің спецификалық мәселелерін шешуде әлеуметтік дағды қалыптасады). Әлеуметтік жұмыстың шешуші моделі отбасы, микрорайон, қоғамдастықта қолданылады.