Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен техналогиялары пәні бойынша дәрістер Дәріс №1. Кіріспе. Әлеуметтік технология мәні, классификациясы «әлеуметтік технология»


Әлеуметтік жұмыс технологиялары ғылым ретінде



бет4/31
Дата23.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Технология 15 дәріс

Әлеуметтік жұмыс технологиялары ғылым ретінде.

Әлеуметтік жұмыс технологияларының ғылым ретінде ерекшелігі қазіргі кезеңдегі әлеуметтік жұмыс технологияларының негізгі даму заңдылықтарын анықтап отыру. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыстың перспективасын, жаңа бағыттарын, және болашақтағы даму тенденциясын болжайды. Алынған нәтиже негізінде ғылыми анализ жасалып, солардың нәтижесінде әлеуметтік жұмыстың инновациялық технологиялары өңделеді.
Дәріс №3. Әлеуметтік жұмыс модельдерінің технологиялық ерекшеліктері


Жоспары

  1. Жүйелік теория және оның әлеуметтік жұмыс тәжірибесіне тигізетін әсері

  2. Өмір, шешуші, әлеуметтік-радикалды, марксистік модель

Әлеуметтік жұмыста жүйелік идеялар Берталанфидің жалпы әлеуметтік теория жүйесінен бастау алады. Жалпы жүйе деген ұғым алғаш рет биолигия ғылымында қолданылған. Сол кезде биология ғылымында барлық организмдер жүйешіктерден құралған жүйелер деген. Осы теориялар жүйесіне сәйкес, әлеуметтік жүйе нақты емес тұтастықты білдіріп, қарым-қатынас, адамдар тәртібі мен қоғамдастықтарынан тұратын нақты тұрақты формалар.


Жуйе теориясының негізінде әлеуметтік қызметкер клиентті қоршаған әсер етуші факторларды анықтайды. Осыған орай әлеуметтік қызметкер клиентпен қосыла отырып клиентке көмек көрсетудің әртүрлі жолдарын іздестіре бастайды.
Әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтанушыларға теориялар жүйесі әлеуметтік тәртібінде ауытқушылық бар адамдармен күрес ретінде түрлі бағдарламаларды өңдеуге септігін тигізеді. Бұл бағдарламаларды қолдану барысында түрлі әлеуметтік мекемелердің қатысуы көзделеді. Теориялар жүйесі әртүрлі әлеуметтік факторлар мен әлеуметтік процесстер арасындағы әлеуметтік байланыстарды анықтайды, бірақ әлеуметтік қызметкерге сол себептерді шешу жолдарын , амалдарын және пайда болған қорытынды нәтижесін қадағалауын көрсетпейді.
Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде әлеуметтік көмекті қамтамасыз ететін, клиентке әсер ететін теориялық тұжырымдамалар жүйесінің рөлін үлкен алқап ретінде елестетуге болады. Осы жүйелерден дискомфорт жағдайындағы клиенттің мәселесін шешуге араласатын, нақты факторларға негізделетін әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің модельдері пайда болады. Қазіргі кезде теориялар жүйесі әлеуметтік қамсыздандыру, мемлекеттік және аумақтық халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамаларын өңдеуде кең қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет