Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен техналогиялары пәні бойынша дәрістер
Дәріс №1. Кіріспе. Әлеуметтік технология мәні, классификациясы «әлеуметтік технология» түсінігі
Жоспары
Әлеуметтік жұмыс технологияларының түсінігі даму тарихы
Әлеуметтік технологиялардың классификациясы
Технология — (гр. «техне», көркемөнер, шеберлік, «лойке» – ақылдылық, ішкі заңдылық, ізділік дегенді білдіреді) бір нәрсеге әсер етуде қолданылатын әдістер жиынтығы. Технология бұл объектінің сапалы түрде қызмет етуіне қолданылатын әдістер мен тәсілдер жүйесі. Бұл түсінік өндіріс саласында қалыптасқан.
Өндіріс саласында технология деп - өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс аталады.
Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады. Әлеуметтік технология термині жаңа термин. Ең алғаш «әлеуметтік технология» ұғымын 1976ж. Н.Стефанова «Общественные науки и социальная технология» атты еңбегінде қолданған. Әлеуметтік технология – бұл қоғамдық қатынастарға жетудің нақты тәсілі, оның мәні операциялық қызметтің жүзеге асырылуы болып табылады.
Әлеуметтік технологиялар ХХ ғасырдың басында дами бастады. «әлеуметтік технология» ұғымы ХХ ғасырдың 40 ж. бастап қолдана бастады. Бұл түсініңтің ең басты термині « технология», машиналар немесе механизммен байланысты емес, ол көлемді түрде әлеуметтік ортамен байланысты.
Ғылыми жоспарда әлеуметтік технология Ресейде бірнеше этаппен дамыды, әрбір этап өз дамуында әлеуметтік мәселелрді оптималды шешуге тырысты.
1 этап – 1900-1917жж. бұл этапта өнеркәсіптің дамуы, қалалық халықтың дамуымен ерекшеленеді.
2 этап – 20 жылдар мен 30 жылдар аралығы, ресейде қазан төңкерісінен кейін болды. Әлеуметтік технологияның теоретикалық қалыптасуын қалағандар: Қараев, Сорокин, Богданов.
Караев өз концепциясында қоғамның қалыптасуын технологиялық кесте түрінде көрсетті.
Сорокин әлеуметтік жағдайдың жақсаруында өз әдісін және реконструкциясын қолданды. Әлеуметтік технологияның ұйымдастырылуында 4 принципке сүйенген және ол осы күнге дейін қолданылып жүр.
Реформалар адам табиғатына ешқандай кедергі жасамау керек.
Нақты әлеуметтік шараларды ғылыми түрде тексергенде практикалық реформалаған кезде әрдайым алда болып жүзеге аксырылуы керек.
Әрбір қайта құрылған экспериментті басында кішігірім материалды түрде тестпен өткізу керек, егер жағымды нәтиже алынатын болса, масштабты реформаны кеңейтуге болады.
Реформалар өмірде құүқықтық және конституциялық жолмен іске асу керек.
3 этап. 30-60 жылдар Батыста әлеуметтік технологияны түзеуде олардың теориялық дәлелденуі, үздіксіз мінездемеге ие, 40 жылдардың басында әлеуметтік сөздікте әлеуметтік технологиялар ғылыми анқтамалар пайда болған. Біздің елде ол әлеуметтік жұмыс туралы ешқандай сөз болмаған. «әлеуметтік технологиялар» термині қолданылмаған. Бірақ бес жылдық жоспарларда әлеуметтік мәселелер туралы сөз болған, 60 жылдар әлеуметтік жұмыстар жүргізілген, бірақ олар басқа терминдермен белгіленген.
4 (қазіргі) этап – 70-80 жылдары (кейбір жерлерде 90 жылдардан кейін) келесі белгілермен белгіленеді.
70 жылдары әлеуметтік жоспарлау туралы көптеген ғылыми жұмыстар жарық көре бастады. Онда әлеуметтік мәселелер, оларды шешу жолдары, еңбектің тиімділігі, еңбектің шарттары, әлеуметтік құрылымдар, материалдық жағдай.
80 жылдары әлеуметтік жоспарлау жоспары қолданыла бастады, себебі әлеумсеттік жоспарлаумен ол кезде толып кеткен әлеуметтік мәселелерді шеше алмады.
Әлеуметтік технологияның классификациясы. Әлеуметтік жұмыстың технологияларын классификациялау әр түрлі негіздерге байланысты: түрлерге, қолдану аймағына, деңгейіне байланысты.
Қолдану аймағына байланысты әлеуметтік технологияларға негізделіне отырып бөлінеді, өндірістің экономикалық – аумақтық мәселелерін шешуге қоғамдық – саяси, мәдени және әлеуметтің күнделікті мәселесін шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |