-әлеуметтік-медициналық, заңдық, психологиялық – педагогикалық, материалдық және басқа көмекті, адамгершілік, күш пен психикалықденсаулықты қорғауды қажет ететін отбасылар мен жеке адамдарды анықтауға;
оларға қиындық, жанжал жағдайларын тудыратын себептерді белгілеуге (отбасында, жұмыс және оқу орындарында, т.б.), осындай қтындықтар мен жанжалдарды шешуде ықпал етуге және әлеуметтік қорғауға;
көмек қажет ететін халық тобына қажетті әлеуметтік – экономикалық көмек көрсетуде әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге ықпал етуге;
кәмелетке толмаған балалары бар әйелдердің, мүгедектердің, зейнеткерлердіңүйдегі жұмысы туралы еңбек келісім шартын жасау және отбасы тәрбиесіне көмек көрсетуге;
- әлеуметтік мінез – құлықты кәмелетке толмаған балалармен отбасы және некеге тұру мәселелері бойынша психологиялық – педагогикалық, заң кеңесін және тәрбиелік жұмыс жүргізуге; - қамқоршылық пен қамқорлық көрсетуді, емдейтін және оқытып тәрбиелейтін мекемелерге орналастыруды, материалдық, әлеуметтік – тұрмыстық және басқа көмекті қажет ететін балалар мен ересектерді анықтауға, оларға ықпал етуге; - кәмелетке толмаған тәртіп бұзушыларды қоғамның атынан қорғауды ұйымдастыруға, сотта олардың қоғамдық қорғаушысы ретінде сөйлеуге (қажет болған жағдайда);
- отбасына, жетімханаларға әлеуметтік көмек көрсетуге (балалыққа алу, қамқоршылық пен қамқорлық көрсету, әлеуметтік ақталуына ) орталықтарын, мүддесі бойынша жеткіншектердің, балалардың және отбасының орталықтары мен бірлестіктерін және т.б. құру жұмыстарына қатысуға міндетті.
Біліктілік анықтамылығы әлеуметтік қызметкердің жалпылай қызметін, әлеуметтенуін, дайындық дәрежесін есепке алмастан оған қойылатын талап пен міндеттерін анықтайды.
Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету, өмір сүру сапалығын жақсарту және мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамдық өмірде, басқа да азаматтармен, тең жағдайда қарым-қатынас жасауларына жағдай туғызу Әлеуметтік көмек көрсетуге жататын топтар: