1.Әлеуметтік лингвистика тілдің құрылымын, дамуы мен қызмет етуін қоғамдық бірлікте қарастырады, тілдің қоғамға, қоғамның тілге әсер етуін зерттейді.
2.Тілдің қоғамдық қызметін, оның түрлерін және тілдің қызмет етуінің нақтылы-тарихи әлеуметтік жағдайда тәуелділігін зерттейді.
3.Сөйлесім әрекетін, ондағы өзгерістер және оның әлеуметтік жағдаятқа тәуелділігін, сондай-ақ сөйлеушілердің әлеуметтік белгілерін (жасы, білім деңгейлері, кәсібі т.б.) қарастырады.
5. Дамыған қоғамдағы тіл, ұлттық және ұлтаралық тілдер проблемаларын қарастырады.
4. Әдеби тіл, оның басты белгілері мен қызметін, тілдік норманың стильдік қырларын, тілдің стильдік саралануын зерттейді.
6. Әлеуметтік диалектология проблемаларын қарастырады.
7. Тіл дамуындағы қоғамдық шарттылықты, түрлі қоғамдық тарихи формациялардағы тілдердің әлеуметтік типтерін қарастырады.
8. Мемлекеттік (ресми) тіл мәселесін, оның мәні мен қызметін сөз етеді, әлемдік үлгі-тәжірибелерді қорытады, үлгі ретінде ұсынады.
9. Лингвистиканың өзіндік әдістері мен тәсілдерін, материал жинау көздерін, сұрау салу, оның түрлерін, эксперименттер, материалды талдау, оның әдістерін таңдау мәселелерін зерттейді.
11. Әлеуметтік лингвистика тарихына қазіргі әлеуметтік лингвистиканың Еуропадағы, АҚШ, Франция, Англия, ФРГ, Италия, Ресей және Жапониядағы қазіргі әлеуметтік лингвистикалық зерттеулерге шолулар жасалады.
10. Тіл саясаты, оның өзіндік бағыттарын, типтік түрлерін (алфавит жасау және оны жетілдіру, тілдерді ана тілі, мемлекеттік тіл, т.б. ) зерттейді.
12. Қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуын, қазіргі проблемаларын зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |