Б.Х.Хасанұлы, Э.Д.Сүлейменова, М.М.Копыленко, А.Е.Карлинский, М.К.Исаев,З.К.Ахметжанова, С.Баяндина, А.Құмарова, С.Асанбаева, А.Абасилов т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атауға болады.
Б.Хасанұлы 1976 жылы жарық көрген «Языки народов Казахстана и их взаимодействие» атты еңбегінде Қазақстандағы тілдік жағдаятқа кең түрде мінездеме береді.
Б.Хасанұлы 1976 жылы жарық көрген «Языки народов Казахстана и их взаимодействие» атты еңбегінде Қазақстандағы тілдік жағдаятқа кең түрде мінездеме береді.
1982 жылы М.М.Копыленко мен С.Т.Саинаның «Функционирование русского языка в различных слоях казахского языка», 1984 жылы М.М.Копыленко мен З.К.Ахметжанованың «Фонетическая интерференция в русской речи казахов», 1987 жылы осы еңбектің екінші бөлімі «Лексическая и морфологическая интерференция в русской речи казахов» деген атпен басылып шықты.
1990 жылы жарық көрген А.Е.Карлинскийдің «Основы теории взаимодействие языков» деген еңбегінде тілдердің бір-біріне әсер ету мәселесі, қостілділік, оның пайда болуы және қоғамдағы орны, табиғи және жасанды билингвизм, тілдік ұжым, интерференция, оның типтері, интеркаляция типологиясы т.б. мәселелер қамтылған.