- Билингвтің бір тілінен екінші тіліне әсер етушіліктің барлығы, сондай-ақ оның нәтижелері интерференция деп аталады.
- Әдетте интерференция дегеннен тек өздігінен табиғи түрде жүзеге асатын, бақыланбайтын процестер ұғынылады, саналы түрдегі араластырулар оған жатпайды.
Интерференция түрлері (А.Карлинский)
1) Сөз оралымының, тіркесінің құрылымын бұзу, бұл сигнативті интерференция деп аталады. Мысалы, шындыққа (-пен) мүлдем жанаспайды, аспазшы мамандығын (-на) оқу, зор жауапкершілікпен (-те) қарау және т.б.
2) Мазмұнға қатысты интерференция семантикалық деп аталады. Мысалы: бір тілдегі кейбір сөздердің мағынасының келесі тілде болмауы не сәйкес келмеуі, мысалы, орыс тіліндегі «свежий» сөзі қазақ тілінде бірнеше нұсқамен беріледі: жас, жаңа, балғын және т.б.
Интеркаляция
1) Интеркаляция деп ана тілінде баламалары болса да, екінші тілдің элементтерін қолдануды қарастырамыз. Мысалы: – Сіз нешінші этажда тұрасыз? – Сіз қай қабатта тұрасыз? – Келесі остановкадан түсемін (остановка – аялдама).
2) Билингв тілді шұбарламай, интеркалацияны бақылауына болады, ал интерференцияны басқару мүмкін емес.
3) Интерференция аралас, ал интеркаляция өзара байланысқан көптілділікте орын алады
4) Интеркалация – бұл екінші тілдегі сөйлесімге екі жақты, маңызды бірліктерді (морфемаларды, фразаларды) қосып айту болса, ал интерференция кезінде барлық деңгейлерде нормалардың бұзылуы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |