Екінші көзқарасқа сүйенсек, әлеуметтік лингвистика – ғылымдардың шекаралық, пәнаралық саласы.
Оның проблемаларымен лингвистер және өзге ғылым - әлеуметтану, тарих, психо-лингвистика, этнография т.б. өкілдері айналысады.
Неміс лингвистері Р.Горссемен А.Нойберт әлеуметтік лингвистика мен тіл социоло-гиясын (лингвосоциологияны) айырып көрсетуді ұсынады. Оның біріншісі, яғни әлеуметтік лингвистика тіл мен қоғамның өзара байланысы проблемасын лингвисти-калық тұрғыдан зерттейді, ал екіншісі, яғни лингвосоциология оны әлеуметтану тұрғы-сынан қарастырады.
Үшінші көзқарасбойынша, әлеуметтік лингвистика өзінің зерттеу әдістері мен тәсілдерге ие біртұтас, жеке ғылыми пән.
«Характерной чертой современной социолингвистики является, на наш взгляд, - деп жазады А.Д.Швейцер,- не просто механическое соединение соответствующих разделов языкознания и социологии, а объединение их на основе единой теории, единого понимания объекта и целей исследования, единого понятийного аппарата и общей совокупности исследовательских процедур»