Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады. Экологиялық бағыттағы ұйымдар.Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с. Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары. Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал» , «Әділет , «Ақиқат» және т.б. Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен» , «Алтын бесік» , «Жерұйық» , «Шаңырақ» және т.с.с. Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар.Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек. Енді соңғы мәліметтер бойынша бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, 6 әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестіктер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар.
Бұқараның іс-қимылының артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өмірге келуіне жағдай жасады. Жеке ұйымдар мен қозғалыстар: «Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу. «Азаттың» бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы-съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда.Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында. «Азат» басқа елдердегі осындай қозғалым ұйымдары мен тікелей байланысты. «Азат» газетін шығарады, «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыста. «Азат» қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты-толық саяси-экономикалық тәуесіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік және демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материялдық және рухани өмірін қамтамасыз ету.