Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар



бет7/7
Дата12.05.2023
өлшемі144,15 Kb.
#92280
1   2   3   4   5   6   7

«Невада-Семей» халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл еңбекшілердің еріктілік негізінде құрылған ұйымы. Ұйым халықаралық «Невада-Семей-Морура-Лобнор-Новая Земля» ядролық соғысқа қарсы бірлікке кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты- ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау. Табиғатты, Адамды, Мәдениетті қайта жаңғырту.Осы қозғалыстың бастамасына сәйкес Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге тыйым салынады, «ядролық қарусыз ел» деп жарияланды.Бүкіл әлем халқы бұл бастаманы қолдады. «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы оны мақұлдады. Оның мақсаты : Арал теңізі жағдайына, республикадағы экоклкгиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау. Комитеттің бастамасымен Арал қорына қаражат түсірілді, Қазақстанның белгілі ақындарының қатысуымен поэзия кеші, дөңгелеки үстел,Мәскеуде арал күні,Арал аймағында экологиялық апат туралы телемарафон өткізіледі.1996 жылы халықаралық «Арал-азия-Қазақстан» қоғамдық комитетінің мәртебесі бекітілді.Аралды сақтау туралы, Арал аймағындағы экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу туралы шараларды іске асыруда көптеген шаралар іске асырылуда.Осы мақсатпен «Халықаралық Арал сыйлығы» құрылып, ол Арал аймағындағы мәселелерді шешуге үлес қосқан ғалымдарға, қоғамдық, қайраткерлерге беріледі. Комитет жанынан Арал және Қазақстан экологиясы туралы қоғамдық академия құрылды. Жоғарыда қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстарға біршама сипаттама бердік.Олардан щығатын қорытынды – қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар тәуелсіз республикамыздың күрделі мәселелерін шешуге зор үлес қосуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет