Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар



бет3/7
Дата12.05.2023
өлшемі144,15 Kb.
#92280
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ақділдә әлеуметтану2

3. Әлеуметтендіру қызметінде өзінің мүшелерін қоғамдық маңызды проблемаларды шешуге тарта отырып, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар олардың белсенді өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына, саяси білімі мен мәдениетінің көтерілуіне, азаматтарды мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға тартуға мүмкіндік береді. 4. Өз мүшелерінің басқа саяси институттармен өзара қарым- қатынасындағы мүдделерін ұсыну мен қорғау қызметі. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар өз мүшелерінің ерекше мүдделері мен қажеттіліктерін ұғынуға және білдіруге мүмкіндік беріп қана қоймайды. Сондай-ақ, осы мүдделерді ұсынудың міндеткерлігін, топ талаптарын мемлекеттік органдарға, саяси партияларға, басқарушы элитаға мәлімдеп, жеткізу жауапкершілігін де өзіне алады. Қоғамдық ұйымдар мен қоғалыстардың билік құрылымдарына ықпал етуі екі жолмен: электоралдық өкілдік арқылы (сайлау жүйесі арқылы) және ұйымдасқан мүдделердің тікелей, функционалдық өкілдігі арқылы іске асуы мүмкін. 5. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың тағы бір қызметі саяси-қоғамдық құрылымдардың жаңа үлгісін жасау, әлеуметтік байланыстардың дәстүрлі емес формаларын іздеу мен сынап көру болып табылады. Қоғамдық, өзіндік әрекетті сипаттағы ерікті бірлестіктер әлеуметтік сынақ жүргізудің, халықтың әлеуметтік белсенділігінің жаңа өзін-өзі басқару формасын іздеу мен іске асырудың теңдесі жоқ жолы бола алады.

Әр алуан қоғамдық қозғалыстардың қоғамға ықпал ету деңгейі де әр түрлі. Олардың бірі – жұмысшы, кәсіподақ және ұлттық қозғалыстар және т.б. саяси жағдайға елеулі түрде ықпал етеді.Қоғамдық қозғалыстардың саяси рөлі мемлекеттік билік органдары мен әр түрлі деңгейдегі басқару органдарының саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпал етуден, билік құрылымдарына азды-көпті болса да тұрақты қысым көрсетуден тұрады. Қоғамдық қозғалыстар өзінше мүдделі топтар мен қысым- топтары ретінде алға шығады. Мүдде топтары немесе мүдделі топтардың тұжырымдамасын А. Бентли, Д. Трумэн жасады және оны басқалары батыстық саясаттануда мойындайды және берік ұстанады. А.Бентлидің пікіріне сәйкес, қоғамдық қозғалыс дегеніміз – белгілі бір топтарға ұйымдасқан адамдардың өздерінің мақсаттары мен мүдделеріне жету үшін өзара әрекеті мен күресі процесі. Мүдделі топтар – бұлар ерікті ұйымдар, олар оған кіретін адамдардың басқа да топтармен және саяси институттармен, сондай-ақ ұйымдардың өз ішіндегі өзара қарым-қатынастарындағы мүдделерін білдіру үшін және ұсыну үшін құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет