Жетім және қараусыз қалған балалар - әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың нысаны ретінде.
Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан жетім және әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Қазіргі кезеңдегі қоғамның даму жағдайы бала тұлғасының әлеуметтенуі балалар іс-әрекеттерінің ерекше ұйымдастырылған, әлеуметтік тұрғыдан тәуелді, қоғамдық және тұлғалық маңызға ие болатын баланың өзін-өзі анықтауға, ұсынуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық құбылыстармен түсіндіріледі.
Жетім балаларды әлеуметтендіру қоғамнан ауқымды орын алып отырған ең өзекті мәселелердің бірі – жетім балалар мәселесі. Олардың өмірге даярлық процесі тар шеңберде өтетіндіктен, бұл балалардың әлеуметтенуі де өзіндік ерекшелікке ие. “Жетім” ұғымының анықтамасына келетін болсақ, бұл да бір тарихи сипатқа ие және жетім балалардың жай-күйін сараптау арқылы түсіндіруге болады
Маскүнемдік – девиантты мінез-құлықтың басты себебі.
Маскүнемдік сипатына қарай оған әр түрлі ғылым тұрғысынан түрліше анықтамалар берілген:
- медицинада – маскүнемдікке әдеттенген – ауру, маскүнемдікке берілген деп аталады.
- әлеуметтануда маскүнемдікке берілген адамды – девиантты жүріс-тұрысқа бейімді, тұлғалық сапалары жоғалған адам қатарынан шығу деп белгілейді.
- Психологияда – маскүнем адам - әр түрлі психикалық ауруларға жылдам беріледі деп қараған.
Масайту ішімдіктерін күн сайын, үнемі және көптен ішу нәтижесінде ол маскүнемге айналады. Осындай әдеттер берілген балалар қоғамға және өзіне қарсы теріс әрекеттерге барып, қылмысқа араласуына да әкеп соқтырады.
Кәмелетке толмаған балалардың масайту ішімдігін берілуі мінезі мен жүріс - тұрысының нашарлап бұзылуына алып келеді. Оларда өзін бақылау сезімі жоғалып, қылмысты істерге жылдам берілуін бірнеше себептермен нақтылауға болады.
- Жеткіншек жастағы балалар жасаған қылмыстың көпшілігі мас күйінде істелген болып келеді, оларда өзін бақылау сезімі жоғалып, қылмысты істерге жылдам берілуін бірнеше себептермен нақтылауға болады:
- жеткіншек жастағы балалар жасаған қылмыстың көпшілігі мас күйінде істелген болып келеді, мысалы ұрлық, тонау, жәбірлеу.
- Масайту ішімдігін сатып алу үшін, нан табу үшін істелген қылмыстар.
- Кәмелетке толмаған баланың қылмысқа тартылмауы, жазаланбауы.
- Мас адамның қылмысты істерге ойланбастан тез баруы.
- Маскүнем жеткіншек өзі секілді қосылуға бейім болады
- Қылмыскерлер арасында беделді топтарға қосылып солармен бірге қорықпастан қылмысқа баруына шарт түзеді.