Әлеуметтік педагогика бойынша әлеуметтік педагогиканың пәні мен мазмұны


Балалар мен жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқының алдын алу және түзету жұмыстары бойынша әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары



бет6/10
Дата14.06.2022
өлшемі44,67 Kb.
#36853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әлеуметтік педагогика

Балалар мен жасөспірімдердің девианттық мінез-құлқының алдын алу және түзету жұмыстары бойынша әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі бағыттары.

Білім беру үдерісінде жасөспірімдердің девиантты мінез –құлқының алдын алу психологиялық тұрғыда негізгі мәселелердің бірі ретінде қарастырылуда. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, осы жағдайда іс-әрекеттің бірнеше өзекті бағыттарын бөліп көрсетуге болады.
Бірінші бағыт– кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының алдың алу стратегияларын құру және жүзеге асыру. Бұл тек мектептегі тәрбие субьектілері мен педагог – психологтардың күшімен ғана емес, көптеген басқа да мамандардың, әсіресе педагогтардың бірлескен әрекетімен жүзеге асады. Тұлғаны тиімді әлеуметтендіруде отбасының рөлі орасан зор.
Екінші бағыт- білім беру ұйымдарында педагог – психологтардың девиантты, делинквентті балалар және жасөспірімдермен арнайы жүргізетін жұмыстары. Бұл бағыт аясында түзету жұмысына арналған негізгі амалдардың ғылыми-әдістемелік құралдарын арнайы топтық тренингтер мен жеке түзету жұмыстарының бағдарламаларын құруды бөліп көрсетуге болады.
Үшінші бағыт– девиантты және делинквентті мінез-құлықты кәмелетке толғандарды қайта әлеуметтендіру саласында әртүрлі ұйымдардың ерекшеліктері мен құзырлық аясын анықтау. Бірінші кезде бұл мектеп, колледж, әлеуметтік оңалту орталықтары, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция, арнайы кеңес беру орталықтары.


  1. Әлеуметтік педагогикадағы «қиын», «педагогикалық ықпалдан тыс қалған», «тәрбиесі қиын» балалар түсініктері.

Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын».
«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Әрине, бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысқан, қиын балалар мінезін, өмірін жан-жақты зерттеген. Қазір де мұндай жасөспірімдер көп.
Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ.
А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек. Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие — бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз»(48).
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминологиялық тұрғыда қарастырылуда.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет