1 Әлеуметтік педагогика пәні мақсаты міндеттері
2 «Әлеуметтік педагогика» ұғымы
3 Әлеуметтік педагогика пәні зерттеу обьектісі
Кіріспе
«Әлеуметтiк педагогика» ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы А. Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П. Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г. Нол, Г. Боймер есімдерімен байланысты болды
Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады.
Тұлғаны әлеуметтендіру идеялары ұлы ғұламалардың педагогикалық көзқарастарында қарастырылған. Атап айтқанда, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Ясауи және т.б. ғұламалар еңбектерін айтуға болады
Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi - адамның әлеуметтiк ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негiзiнде оның қоғамдағы даму процесi болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі негізгі мақсаты педагогикалық мақсатпен сабақтастықта тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты білімдерді интеграциялау болып табылады. Практикалық пән ретіндегі негізгі мақсаты - өзінің табиғи болмысынан алыстаған тұлғаны қалпына келтіруге көмектесетін технологияларды жасау.
Әлеуметтiк педагогика өзiнiң пәндiк өрiсiне ие және ғылым ретіндегі өзiндiк мiндеттерi айқындалған. Олар:
- тұлғаның даралық дамуын гармониялы бiрлiкте қарастыра отырып, ғылыми әлеуметтендiрудi қамтамасыз ету;
- тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесiне әсер етушi қарым-қатынастарды педагогикалық тұрғыдан реттеу;
- тұлғаның қоғамға және әлеуметтену процесiндегi педагогика-лық ғылымдардың көпжақты әсерiнiң мүмкiндiктерiн зерттеу;
- әлеуметтiк ортаның педагогикалық потенциалын арттыру мен оны пайдаланудың шарттарын және тәсiлдерiн зерттеу;
тұлға ұғымының мәнін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін түсіну;
- адамның әлеуметтік болмысының түрлі формаларының (адам, жекелік, тұлға, субъект) шекараларын ажырата алу;
- тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуының өзара байланыстылығына талдау жүргізу;
- әлеуметтік детерминант, әлеуметтік қалыптасу, тұлға қызметі мен дамуы ұғымдарының мәнін ашу.
Ресейде әлеуметтік педагогика ХІХ ғасырдың аяғында пайда болып, ХХ ғасырдың 20 жылдары мектеп пен өмірді және әлеуметтік ортамен
байланыстыру негізінде жүзеге асырылып отырады. Бұл идеяны Ресей педагогы С.Т.Шацкий теориялық тұрғыдан негіздеп, практикалық тұрғыдан жүзеге асырды. Дегенмен жалпылай тәжірибеде қарапайым түрде қарастырылады.
Әлеуметтік педагогика педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде
адамдар, топтар, ұжымдар арасындағы әлеуметтік қарым қатынас
заңдылықтары мен іс - әрекет барысындағы мінез-құлық ерекшеліктерін
зерттеумен де айналысады
Алдымен, әлеуметтік педагогиканың зерттеу ұстанымдары туралы сөз қорғау керек. Себебі ұстаным дегеніміз — педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруда табан тірейтін, басшылыққа алатын негіз.
Әлеуметтік педагогиканың үш негізгі ұстанымы бар:
1) жұмыс барысында адамның табиғи болмысын ескеру;
2) қоршаған ортаның мэдениетін, басқа да ерекшеліктерін есте ұстау;
3) ізеттілік қарым қатынас орнату, ықпал ету.
Адамның табиғи болмысымен байланысты ұстанымын басшылыққа алуда педагог баланың туа біткен табиғи ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді. Бұл ұстаным туралы алғаш пікір айтқан белгілі чех педагогі Ян Амос Коменский (1592-1670) болатын. Ол әйгілі «Ұлы дидактика» деген еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеуді, оның психикалық және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру керектігін белгілеген.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Әлеуметтік педагогика ғылымы адамды өзi өмiр сүрiп отырған қоғамының талаптарына сай әлеуметтендiру тәжiрибелерiн ұрпақтан-ұрпаққа беру қажеттiлiгiнен туындады.
2. Әлеуметтік педагогика ғылымы адам мәселелерiмен айналысатын барлық ғылымдармен тығыз байланысады.
3. Әлеуметтік педагогика ғылымының мақсат-мiндеттерi қоғамның адам тәрбиесiне деген талаптарына сай үнемi өзгерiп отырады. Ол қоғам талаптарынан туындап, қоғам мұқтажын ескередi.