Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)


Мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңінде



бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі439,15 Kb.
#119323
1   2   3
3. Мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңінде - жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады
4. Қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады. Талдау барысында аладын ала жасалған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады, әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, парадокстар, жаңа әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалған жұмыстардың нәтижелері айқындалады.
Социологияның зерттеу әдістері:
1) сұрау әдісі. Өзара әрекет сипаты бойынша, сұрау жазбалы (анкета) және ауызша (интервью) болып ажыратылады. Жүргізу орны бойынша сұрау: тұратын жері, жұмыс жері, почталық және баспалық болып ажыратылады;
2) құжаттарды талдау;
3) бақылау әдісі;
4) эксперимент;
5) социометрия әдісі;
Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарын талдауда құжаттарды талдаудың бір түрі контент-анализ кең қолданылады.
Контент-анализ – бұл құжаттардың сандық-сапалық талдауы, екі талдау бірлігін ажыратудан басталады: мазмұндық және сандық.
Контент–анализ - бұл қалыптасқан, сапалы және есептік құжаттардың талдауы, талдаудың екі бірліктерін көрсетуден басталады: мағыналық, сапалық, және есеп бірліктері.
Бақылау – оқиға куәгерінің оқиға өтіп жатқан кездегі оқиғаны тікелей тіркеу әдісі. Ол статистика әлсіз, бастапқы таным пункті ретінде бағдарламаны жасау кезеңінде; индивид пен топтардың сөйлесу, мінез-құлық формаларын зерттеу кезінде қолданылады. Социологиялық ақпаратты жинаудың ең бір ерекше және қиын игерілетін әдістерін эксперимент жатады. Эксперимент - `experimentum деген латын сөзінен шыққан - сынам, тәжірибе ) бақыланатын және басқарыланылатын жағдайларда жаңа білім алудың ғылыми әдісі. Табиғи ( далалық, лабораториялық ) және ойша (үлгілік) түрлері бөліп көрсетіледі.
Социологияда табиғи эксперименттерді пайдалану адамдардан тұратын әлеуметтік зерттеу объектілерінің табиғатымен және зерттеушіден объектіге « зиян келтірмеу» деген моральдық норманы сақтауын талап етумен шектелген. Сондықтан көпшілік табиғи социологиялық эксперименттер шағын топтарда өткізіледі. Және әдетте әлеуметтік - психологиялық экспериментпен көптеген ұқсастықтары болады.
Ойша социологиялық эксперименттер барынша кең таралған, мәні бойын олар статистикалық талдау әдістері қолданылатын әрбір ірі социологиялық зерттеуге қатысады, және әлеуметтік процестерде компьютерде үлгіге келтіру кезінде негізгі болып табылады. Сонымен қатар социометриялық зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Социометрия - (socins- жолдас, қызметтес, metrum- бақылау) 19 ғасырдың аяғында социопсихолог Джекоб Моренонің зерттеуімен пайда болған термин.
Социометриялік тәсіл - сұрау әдісі. Социометрияның негізгі түсінігінде: таңдау жатады - теріс таңдау немесе дұрыс таңдау.
Әлеуметтік зерттеудің негізгі әдісі – сұрау болып табылады. Бұл әдіс ғылымда ең кең тараған және барынша жиі қолданылатын әдістеме болып саналады. Бақылау барысында зерттеуші объектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сұраудың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемдегі ақпарат ала алады, сонымен қатар, олардың өткен уақыттағы тыныс-тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде де ақпарат алады. Сауалнама әсіресе, индивидтердің субъективті жай-күйі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ерекше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алынады. Ғылымда сауалнаманы жүргізуші адамдарды – анкетерлер, сұрақтарға жауап қайтарушыларды –респонденттер деп атайды. Алынған ақпараттың сипатына және оны алу тәсіліне қарай сауалнама бірнеше түрге бөлінеді. Сауалнама әдісінің екі түрі бар: анкеталық және сұхбат. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын-ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респонденттің аты-жөні көрсетілмей жүргізіледі. Әдетте анкета үш бөлімнен тұрады: үндеулік, негізгі, төлқұжаттық. Үндеулік бөлімде зерттеудің мақсаты туралы қысқаша айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі, анкетаны толтыру ережелері көрсетіледі, қайтарылған жауаптардың құпиялылығы сақталатындығы туралы ескертіледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналастырылады. Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті және қызықты болуы тиіс. Бұл респонденттердің қызығушылығын арттырады. Жеке әңгімелесу (сұхбат)-пікір сұрау жүргізуддің ең әмбебап әдісі.Қажет болса,зерттеуші сауалнамадағы сұрақтардан да басқа сауалдар қойып,зерттеу нәтижелерін толықтыруы мүмкін.Бұл тәсіл-мұқиат дайындықты,әңгіме өткізуді жоспарлауды және білікті мамандардың қатысуын талап ететін әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет