Қоғамда кездесетін құбылыстар мен процестер туралы үздіксіз, шұғыл мәліметтер алатын әлеуметтік мониторинг жүйесі әлеуметтік мәселелерді шешудің нәтижелі формасы болып табылады. Социологиялық мониторинг – келіп түскен мәліметтерді жазып алуға, сақтауға және алғашқы талдау жасап шығуға мүмкіндік беретін біртұтас жүйе. Социологиялық мониторинг жүйесін екі салаға: әлеуметтік мониторинг және статистикалық мониторинг деп бөлуге болады. Әлеуметтік мониторинг - қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалап отырудың біртұтас жүйесі. Оның міндеті – жаңа, қажетті және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарда алып тұру болып табылады. Сонымен әлеуметтік мониторинг дегеніміз қоғам өмірінің аса зәру проблемалары жайлы әлеуметтік және статистикалық мәліметтер алу, өңдеу және сақтаудың тармақталған жүйесі.
Статистикалық мониторинг – сандық сипаттамалар, қоғам өмірінің түрлі жақтары туралы статистикалық көрсеткіштер мен коэффициенттер алу жүйесі. Оның басты мақсаты саяси, әлеуметтік, экономикалық т.б. құбылыстарды тиімді талдауға қажетті әлеуметтік және экономикалық статистика көрсеткіштерін жинап беру болып табылады. Бұл екі мониторинг жүйесі біріге келе әлеуметтік мониторингтік біртұтас жүйесін құрайды.\
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
3. https://studopedia.info
1. Брайман, А. Әлеуметтік зерттеу әдістері: Оқулық. Т.ІІ / Ағыл.тілінен ауд.: И.А.Баймұратова. - Алматы: ҚР ЖООҚ, 2016. - 456 б. - ISBN 978-601-217-583-7: 5485,00
2. Рахметов К., Булатова А., Исмағамбетова З. Социология. А.,2003.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!