Жоғарыда айтылғандардан ұғатынымыз: қазіргі қоғам көп өлшемді, яғни қоғамда түрлі орындарға ие, түрлі белгілері бар көптеген страттардан құралады. Таптар, әлеуметтік топтар, қабаттар қоғам өмірінің барлық жағына әсер етеді. Осыдан келіп әлеуметтік стратификаттаудың маңызы көрінеді.
Әлеуметтік құрылым динамикасының сипаты әлеуметтік мобилділік (байланысқа) тәуелді болады. "Әлеуметтік мобилділік" терминін әлеуметтануға ендірген П.А.Сорокин. Термин адамдардың бір әлеуметтік қабаттан топтар басқасына өтуін, олардың барынша жоғары орынға, билікке, табысқа көтерілуін, я болмаса өте төмен әлеуметтік орын алмасу әлеуметтік кедергілерді жеңе білу арқылы жылжиды. Ол ең басты кедергілердің бірінің пайда болуы салдарынан болады. Мәселен, шығармашыл зиялылар отбасындағы сәби шаруа немесе жұмысшы ортаның нормасы мен құндылықтарын әркезде игере бермейді.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасауда орта тап қызығушылық тудырады. Американ ғалымы У.Уотсонның моделіне сәйкес қоғам ұш таптан тұрады: жоғары, орта, төмен тап. Олардың ішінен де аралық таптарды айырып көрсетеді. Сөйтіп, модельдің соңғы көрінісі мынадай:
I жоғары — жоғары тап. төменгі — жоғары тап.
II жоғары — орта тап. төменгі — орта тап.
IIIжоғары — төмен тап. төменгі — төмен тап.
Бұл экономикасы дамыған елдерде ең көп кездесетін орта тап. Бұлар - алдыңғы қатарлы бизнесмендер, фирмадағы жалдамалы менеджерлер, ірі заңгерлер, ғылыми элита, эстрада жұлдыздары (жоғары орта тап), сондай-ақ жалдамалы қызметкерлер -инженерлер, орташа және ұсақ шенеуліктер, оқытушылар, ғылыми инженерлер, орташа--және--ұсақ--шеиеуліктер, ғылыми қызметкерлер, бөлімше басшылары, жоғары білікті жұмысшылар (төменгі — орта тап). Американың "Форбс" журналының (1997 шілде) мәліметінше бұл таптың орташа табысы жылына 35 мың доллар (айына 2-3 мың доллар). АТоинби қазіргі индустриялық дамыған қоғамдар — орта тап қоғамы деп басқа көрсетеді. АҚШ-та олар тұрғындардың 3/4 бөлігін құрайды.
!
Назарларыңызға рахмет!