Әлеуметтік теңсіздік мәселесі нәсілшілдікке, ксенофобияға және жынысына негізделген кемсітушілікке негізделген. Әлемдегі әлеуметтік теңсіздіктің ең индикативтік өлшемі - халықтың әртүрлі табысы. Көптеген жылдар бұрын бүкіл әлемдегі қоғамдағы стратификацияға әсер ететін факторлар өзгермейді:
қалалық немесе ауылдық жерлерде өмір сүру тәсілі - ауылда еңбекке ақы төлеу қалаға қарағанда аз, ал жағдай көбінесе нашар, ал жұмыс көп;
әлеуметтік рөлдер (анасы, әкесі, мұғалімі, лауазымды адамы) - мәртебесін, беделін, биліктің, мүліктің болуын анықтау;
еңбек бөлінісі - физикалық және зияткерлік еңбекті әртүрлі тәсілдермен төлейді.
Қазір әлемдегі стратификация ұлттарға байланысты және мемлекеттерге байланысты пайда болады. Мысалы, ұлттарға байланысты; манғалоиттық, қытайлық, қандас бауырлар. Қырғыз халқы Россия немесе Москва еліне барғанда оларды кемсітеді, «Сендер қырғызсыңдар», елдеріне қайтыңдар деген сияқты кемсітушіліктер пайда болады. Қытайдан Еуропа еліне барғандарды, түріне байланысты кемсітеді. Мысалы, « сендер маңғолсыңдар», деген кемсіту сөздер естіп жатамыз .Мысалы, қара нәсілділерге көптеген кемсіту сөздер айтылады. «Қылмысты көп жасайды, жұмыссыз жүреді». Бұлардың барлығы стратификациялық шиелініске алып келеді.
Мемлекеттер арасындағы стратификацияға келетін болсақ, жиырмасыншы ғасырдан кейін КСРО тарағаннан кейін АҚШ капитализмге қарама- қарсы социализм кеткеннен кейін мынандай нәрсе пайда болды. Бірінші әлем елдері, екінші әлем елдері және үшінші әлем елдері пайда болады. Батыстықтар өздерін қатты дамыдық деп ойлады, басқа елдер туралы дамушы, әлі дамымаған және артта қалған мемлекеттер деп үшке бөледі. Бұның өзі стратификацияға алып келеді. Мешеу мемкелет және ескі көзқарастағы мемлекетсіңдер деп төмендетеді.
Осы стратификацияның шешу механизмі мынада; БҰҰ халықаралық конвенциялар қабылдаған .Яғни, барлық мемлекетке, адам өміріне байланысты еңбектер жасаған. Бірақ бұлар аса қатты айқындап тұрған жоқ. Сол себепті , БҰҰ -ның жұмыстарына түзетулер еңгізуіміз керек. Әлемдік бөлініске алып келмейтіндей, саяси жағдайларды тузеу керек. Құлдық сананы халықтың жадынан өшіру керек. Осыған көптеген жұмыс жасау керек.
Қазақстандағы әлеуметтік стратификацияға келетін болсақ, байлармен кедейлер туралы. Мысалы, бұрын байлар бір ауылды асырап отырған беделді адамдар болған. Кейінгі көзқараста, КСРО дан шықаннан кейін миларына мынаны сіңіріп тастаған. « байлар деген жаман, ақшаны жейді, халыққа көмектеспейді». Байларға деген жеккөрушілік осыдан шыққан. Кедей және бай деген көзқарасты алып тастау керек.
Ауыл аймақ және қала болып бөліну мүлдем дұрыс емес. Қарап тұрсан қаланы көтеріп жоғары орында отқандардын бәрі ауылдан шыққан адамдар.