Туберкулездің таралуы бойынша қазіргі жағдай



бет1/10
Дата03.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#78879
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.1 Туберкулездің таралуы бойынша қазіргі жағдай

Туберкулез әлемнің жекелеген елдері үшін маңызды және өзекті жаһандық проблема болып қала береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, соның ішінде көптеген елдердің үкіметтері мен денсаулық сақтау ұйымдарының басшылығымен дүниежүзілік қоғамдастық туберкулезден болатын өлім-жітімді 2015 жылмен салыстырғанда 2035 жылға қарай 95% - ға және аурушаңдықты 90% - ға төмендету бойынша жаһандық мақсаттар қойды [1]. Туберкулезді көбінесе өкпеге әсер ететін бактерия (Mycobacterium tuberculosis) тудырады.


Химиотерапия туберкулезбен науқастарды емдеудегі негізгі әдіс болып табылады. Туберкулездің химиотерапиясы 2 этаптан тұрады:
1 – емнің интенсивті фазасы. Оны ТМБның мүмкін болатын максималды санын жоюға және бактерия популяциясын айтарлықтай азайтуға бағытталған. Интенсивті фаза – аурудың жедел көріністерін азайтуға, бактериябөлуді тоқтатуға және ыдырау қуыстарының жабылуына әсер етуге бағытталған.
2 – емнің ұстап тұрушы фазасы. Ол қолжеткізілген нәтижелерді тұрақтандыруға бағытталған. Бұл этапта ол сақталып қалған ТМБ әсер етеді және олардың көбеюін алдын алады.
Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге қолданылатын химиотерапиялық дәрілер 3 топқа бөлінеді: А, В және С.

  • А тобына — ТМБ-га жоғары белсенді әсер ететін дәрілер: изониазид және рифампицин жатады.

  • В тобына орташа белсенділік көрсететін: этамбутол, иротионамид (этионамид), пиразинамид, стрептомицин, канамицин, флорамицин жатады.

  • С тобына белсенділігі әлсіз препараттар: пара-аминосалицил қышқылы (ПАСҚ) және тиоацетазон (тибон) жатады.

Қазіргі кезде туберкулезге қарсы дәрілерді негізгі және резервті топтарға бөледі. Негізгі топ дәрілері: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, Стрептомицин. Резервті топтағы дәрілер: Этионамид, Протионамид, Циклосерин, Канамицин, ПАСҚ, Амикацин, Капреомицин, Фторхинолондар.

Кесте 1. – Ересектерге арналған туберкулезге қарсы препараттардың тәуліктік дозасы (мг)



Препарат атауы

Салмақ (кг)

30-39

40-54

55-70

70 жоғары

Интенсивті фаза – күнделікті қабылдау

Изониазид

200 мг

300 мг

300 мг

400 мг

Рифампицин

300 мг

450 мг

600 мг

750 мг

Пиразинамид

1000 мг

1500 мг

2000 мг

2000 мг

Этамбутол

600 мг

800 мг

1200 мг

1600 мг

Стрептомицин (1 гр.)

500 мг

750 мг

1000 мг

1000 мг



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет