Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәнінің мазмұны


ӘТБ бойынша оқу процестерін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері арнайы педагогиканың принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады



бет2/11
Дата29.03.2022
өлшемі0,78 Mb.
#29127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘТБ бойынша оқу процестерін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдері арнайы педагогиканың принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады:


1) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды дайындау және дамыту ерекшеліктері мен ерекшеліктеріне қойылатын білім беру жүйесінің бейімділік қағидасы;

2) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудағы түзеудамыту бағыт олардың мүмкіндіктері мен білім алудағы айрықша қажеттіліктеріне байланысты оқыту қызметтері мен арнайы әдістерімен қамтамасыздандырылады;



3) оқытудың әлеуметтік-бейімдік бағыттары тұлғаның әлеуметтік бейімделмеуінің алдын алады немесе оны азайтады. Білім алушыларға әлеуметтік өмірге қажетті дағдыларды, мінез-құлықтарының әлеуметтік нормаларын игерту бойынша арнайы жұмыстар қарастырылады;

4) білім берудегі әрекеттік тәсіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды тұлғалық тұрғыдан дамыту ерекшелігіне байланысты білім беру құрылымы мен оның негізгі заңдылықтарын ашатын психологиялық ғылымның теоретикалық ережелеріне негізделеді.

5) оқытудың тәжірибелік бағыты зерттелетін материал мен білім алушының тәжірибелік қызметі арасында тығыз байланыс орнатуды, тәжірибелік-бағыттық тапсырмаларды шешуге арналған бастапқы мәнге ие білім мен біліктерді қалыптастыруды қарастырады;

6) жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқытудағы дифференциалды және жекелей тәсіл бағдарлама мазмұнын игеру мүмкіндігінің әртектелігімен, оқу материалдарын игеру кезінде көрінетін вариативті типологиялық ерекшеліктердің болуымен көрінеді, ол алынған білім, дағды мен икемдерге ықпал етеді. Ақыл-ойы кемістігі бар білім алушыларға арналған білім беру процесі типологиялық топтардың негізінде жүзеге асады (В.В. Воронкова бойынша).

7) оқу-танымдық және тәжірибелік қызметке арнайы педагогикалық жетекшілік ету қажеттілігі танымдылық белсенділіктің төмен болуына, ойлаудың сараптамалық және жалпылама қызметтердің әлсіздігіне негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет