Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәнінің мазмұны


Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту нәтижесін бағалау ағымдық (сабақ барысындағы), кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде жүзеге асады



бет9/11
Дата29.03.2022
өлшемі0,78 Mb.
#29127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Әтб бағдарлау

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту нәтижесін бағалау ағымдық (сабақ барысындағы), кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде жүзеге асады.

Кезеңдік бақылау бағдарламалық тақырыптары, бөлімдерді зерделегеннен кейін жүргізіледі. Оның нәтижелері курс тақырыптары бойынша білім алушы жетістіктерінің картасында көрінеді.Әртүрлі типологиялық топтарда оқитын белгілі бір тақырып негізіндегі оқу материалдарын зерделеу нәтижелері бірдей болмайды. 1-типологиялық топ білім алушылары (В.В. Воронкова бойынша) оқу материалдарын игеруді білімді қолану деңгейінде көрсете алады. 2-типологиялық топ білім алушылары игеруді тақырыптың негізгі мазмұнын түсінумен көрсетеді. 3-типологиялық топ білім алушылары материалды тек танитын болады және өздерінің білімін өзекті ету үшін мұғалімнің көмегіне қажет етеді. 4-типологиялық топ білім алушылары олардың жетістіктерін бағалау жүзеге асатын жеке бағдарламалар бойынша оқиды.

Педагогтармен міндетті түрде білім алушы жетістіктерінің жиынтық карталарында тіркелінетін оқу жылы ағымында бақылауға алынған әрбір сынып білім алушыларының дамуы мен жетістігінің қарқыны сарапталынады.

Бағалау процесінің көмегімен педагогтармен алынған ақпарат дағдылар мен икемдерді игеру кезінде пайда болған қиындықтарға дер кезінде және уақытында бейімделуге мүмкіндік береді. Педагог мұнда білім алушыларға көмек көрсету тәсілдері мен мазмұнын негіздеп анықтайды.

Сипаттамалы бағалау тек даму мен оқытудың деңгейін ғана емес, сонымен қатар оқуышымен жұмыс жасаудың келесі қадамдарын анықтайды. Сипаттамалы бағалау мектеп білім алушыларының баламалық өзін-өзі бағалауын қалыптастыру мүмкіндігін береді. Мұнда білім алушы жетістіктерін бір-бірімен салыстыруға жол жоқ. Білім алушы жетістіктерін салыстыру оның алдыңғы жетістіктерімен байланысты болады. Ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға қатысты білім сапасы мен жетістіктерінің пайызын анықтау дұрыс емес.

Қорытынды бақылау тоқсанның, жылдың аяғында жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет