Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәнінің мазмұны


) 9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды



бет11/11
Дата29.03.2022
өлшемі0,78 Mb.
#29127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5) 9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

ӘТБ оқу пәнінің мазмұны келесі

бөлімдерді қамтиды:

1-бөлім «Денсаулық»;

2-бөлім «Киім, аяқ киім»;

3-бөлім «Тамақтану»;

4-бөлім «Тұрғын үй»;

5-бөлім «Көлік, көше»;

6-бөлім «Отбасы»;

7-бөлім «Мерекелер, салтанатты жиындар»;

8-бөлім «Кәсіпорындар, мекемелер және байланыс құралдары».

«Денсаулық» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) жеке бас тазалығы;

2) медициналық көмек.

«Киім, аяқ киім» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) киім, аяқ киім , бас киім түрлері;

2) киімді, аяқ киімді күту.

«Тамақтану» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) азық –түлік;

2) ас үй, асхана ыдыстары, техника;

3) тамақ дайындау.

«Тұрғын үй» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) тұрғын үй түрлері;

2) тұрғын үйді жинау.

«Көлік, көше» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) көліктердің түрлері;

2) көліктегі және жолдағы жүріс-тұрыс;

3) қала ішіндегі жүру бағыттары.

«Отбасы» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) отбасы құрамы;

2) отбасылық қарым-қатынас;

3) Қазақстан Республикасы азаматының құжаттары.

«Мерекелер, салтанатты жиындар» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) мерекелерді дайындау және өткізу, сыйлықтар мен кәде сыйларды рәсімдеу;

«Кәсіпорындар, мекемелер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:

1) сауда кәсіпорыны; 2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының (бұдан әрі – ТКШ) кәсіпорындары; 3) қаржы кәсіпорындары; 4) тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорыны; 5) байланыс құралдары кәсіпорыны; 6) мәдени ошақтары, демалыс орындары.

Әрбір бөлімше үшін білім алушылардың икемдері мен дағдылары анықталған. Аталған дағдылар мен икемдерді игеру деңгейі сабақтағы оқу қызметтерін бағалау үшін қарастырылады.

Жедел мақсат қою мұғалімге білім алушының танымдық процесін басқаруға, материалды игертудің қадамдық бақылауын жүзеге асыруға, оқыту процесін жекелендіруге мүмкіндік береді.

Осы Бағдарлама жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған 5-9 сыныптары үшін «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспары негізінде осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспарда барлық сынып бойынша әр бөлімде қамтылатын оқу мақсаттарының көлемі белгіленген.

Бөлімдер мен тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет