Елі сүйген, елін сүйген елбасы



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата19.02.2017
өлшемі5,2 Mb.
#4499
  1   2   3   4

ЕЛІ СҮЙГЕН,

 ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ

Атырау облысы,  Атырау қаласы

Ағылшын  тілін  тереңдетіп

оқытатын  техникалық гимназияның

4 «В» сынып оқушысы

Хисма Аңсар Тұрғалиұлы

Сынып жетекшісі:

Калиева Айтолқын Кайсаевна

Осыдан  жиырма  жыл  бұрын  егемендігімізді

жариялап,  тәуелсіздікке  қол  жеткіздік.  Бұл  ғасырлар

бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.

Менің  Отаным  осы  күнге  жеткенше  үш  жүз  жылға

жуық  бодандықтың  бұғауында,  жетпіс  жылдан  аса

кеңестік  кезеңнің  шырмауында  болды.  Жер  бетінде

елінің 


тәуелсіздігін,

 халқының 

бостандығын

ойламайтын  жұрт  жоқ  шығар.  Бұл  тәуелсіздік  –  біз

үшін  басқа  қонған  бақ,  астыға  тиген  тақ.  Бақты

бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек.

Бұл   –   ежелден   келе   жатқан   өмір   заңы.   Осыған

байланысты   ата   тарихты   ақтарсақ,   ежелден   ел

басқарған   ер   жүрек   батыр   бабаларымызды,   ұлы

хандарды кездестіруге болады. 

Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш

жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы

үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды

айтсақ та жеткілікті болар. Сол замандарда ел ақылды

әрі   айлалы   ісімен,   іскерлігімен   сүйсіндіретін

азаматтардың   маңайына   топтасқан.   Басты   біріктірер

басшысыз елдің ел болуы қиын ғой. Тәуелсіздігімізді

алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел

қылуда   Нұрсұлтан   аға   Әбішұлы   Назарбаев   қазақ

халқының   тұңғыш   Елбасы   болды.   Ол   кісінің

бастауымен   менің   Отаным   әлемге   танылды.   Елім

елдігін   көрсетті,   ерлігін   танытты.   Маған   қазір

Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы

ғұлама,   аты   аңызға   айналған   тұлғаларымыздың

жалғасындай көрінеді.  Қазақ халқы егемендігін алып,

тәуелсіздікке   қол   жеткізгенде   өз   алдымызға   ел   бола

алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен.

Бірақ   ар   -   намысты   ту   еткен   Елбасымыз   бен   үкімет

басындағы   елі   үшін   еңбек   еткен   ағаларымыздың

аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.



МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕ 

МЕНІҢ ТІЛЕГІМ

Атырау облысы,  Атырау қаласы

Ағылшын  тілін  тереңдетіп

оқытатын  техникалық гимназияның

4 «В» сынып оқушысы

Камза Расул Хайрунұлы

Сынып жетекшісі:  Калиева

Айтолқын Кайсаевна

Еліміз   Тәуелсіздігн   алғаннан   бері   Нұсұлтан

Әбішұлы   Назарбаев   Қазақстан   Республикасында

тұңғыш   елбасы   болды.   Елбасымыздың   арқасында

Қазақстан   тәуелсіз   мемлекеттер   қатарына   қосылды.

Елбасының   бастауымен   менің   елім   әлемге   танылды.

Елімнің   елдігін   көрсетіп,   елдігін   танытқан   да   осы

елбасым. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев   - Қазақстан

Республикасының Тұңғыш Президенті. Ол – талантты

тұлға өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат. Оның

еліне, жеріне деген махаббатын естімеу, көрмеу мүмкін

емес.   Біз   оны   елбасымызды   әрбір   ісінен,   сөйлеген

сөзінен,   халыққа   жолдаған   жолдауынан   білеміз.

Қазақстанды   тәуелсіз   елдер   қатарына   қосып,

қажырлылық пен жұмыс жасау ақылы еліміз ең үздік

елу мемлекеттің қатарына кірді. Қазақ халқының атын

әлемге   танытқан   алаш   баласының   абыройын

асқақтатқан тұлға – Елбасы. Ол – менің Президентім!

Мемелекет   басқару   –   бұл   өте   қиын   іс,   мәртебелі

міндет. Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш

–   жігерін   жұмсайды.   Қазақстанның   әр   облыс

орталықтарына,   қала,   аудандарына   барып   халықпен

кезедеседі.   Елбасымыз   жастарға   көп   көңіл   бөледі,

олардың   тілектерін   тыңдап,   жастар   мәселелерін

шешеді.   Елбасымыздың   игі   істерінің   бірі   –

мемлекетіміздің Тәуелсіздігі. Тәуелсіздіктің арқасында

еліміз   көркейіп,   Астанамыз   гүлденуде.   Біздің   елде

тұратын жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір – бірімен

тату   –   тәттә   тұрады.   Елбасымыз   шыдамдылықпен,

еңбекқорлықтың арқасында әлемге танылды. Ең үздік

саясаткер ретінде бүкіл әлем халықтарына әйгілі тұлға.

Елбасымыз   біз   үшін   жастар   болашағы   үшін   жарқын

болашақ есігін айқара ашты. Білім алып, елімізді басқа

да үлкен мемлекеттерге таныту мақсатында «Болашақ»

бағдарламасын   жасады.   Қазақ   жастары   білім   алсын

деген сеніммен, өзінің атында мектеп және жоғары оқу

орындарын да ашты. 

Біз   ең   бай   мемлекетпіз,   халқымыз   ең   бақытты

халық.   Даламыз   егісті,   Ордамыз   кеңесті!   Елімнің

елдігін   көрсетіп,   ерлігін   танытқан   да   елбасым.

Елбасының   үздік   еңбегі   осы   нұрлы   күнге   жеткізді.

Табандылықпен   жасалған   істің,   әрқашанда   жүзеге

асатынын   біле   отыра,   біз   де   елбасымызбен   бірге

болашақты құру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық

шараларға өз үлесімізді қосамыз. Мен де елбасымның

еңбегін   бағалай   келе   өз   алғысымды   білдіремін.

Ежелден   еркіндікті   аңсаған   азат   халқымыз

тәуелсіздіктің   23   жылдығын   да   тойлауда.   Қазақстан

тәуелсіз   мемлекет   ретінде,   дүние   жүзіндегі   барлық

елдерге   түгелдей   дерлік   танылды.   Тәуелсіздік   ата   –

бабаларымыз аңсаған арман! 

Сол   арман   Елбасымыздың   жігерлі   еңбегі

арқасында орындалды. Осы 23 жылда Қазақстан әлем

сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Мемлекетіміз

осындай   аз   уақыт   ішінде   көптеген   ірі   экономиялық,

саяси   және   әлеуметтік   жетістіктерге   қол   жеткізді.

Еліміздің   аяғына   нық   тұруы,   ұлттық   қауіпсіздікті

қамтамасыз   ету   экономиямыздың   жедел   қарқынмен

дамуы   –   қазіргі   таңдағы   стратегиялық   бағыттар

елбасымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Қазақстан

халқының   жарастығы   мен   ынтымақтастығы

Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген

саясатының нәтижесі.

МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕ 

МЕНІҢ ТІЛЕГІМ

Атырау облысы,  Атырау қаласы

Ағылшын  тілін  тереңдетіп

оқытатын  техникалық гимназияның

4 «В» сынып оқушысы

Талғатұлы Тимур

Сынып жетекшісі:  Калиева

Айтолқын Кайсаевна

Туған   елім,   кең   байтақ   дархан   далам   –   менің

мақтанышым.   Себебі,   мен   осы   дархан   далада   дүние

есігін   аштым.   Осы   жерде   алғаш   қадам   бастым,

мектепке бардым. Менің қасиетті Отаным – қазақтың

киелі   жері!   Сол   киелі   жерде   қаншама   талантты   да

зиялы,   ақылды   да   мейірімді   адамдар   дүниеге   келді!

Қазақ   халқының   атын   әлемге   танытқан,   алаш

баласының абыройын асқақтатқан тұлға – ол – Елбасы,

ол   –   менің   Президентім!   Нұрсұлтан   ата   Әбішұлы

Назарбаев   –   Қазақстан   Республикасының   Тұңғыш

Президенті.   Ол   –   талантты   тұлға,   өз   елін,   жерін

сүйетін   ұлтжанды   азамат.   Оның   еліне,   жеріне   деген

махаббатын   естімеу,   көрмеу   мүмкін   емес.   Біз   оны

Елбасымыздың әрбір ісінен, сөйлеген сөзінен, халыққа

жолдаған жолдауынан сезінеміз. 

Мемлекет   басқару   –   бұл   өте   қиын   іс,   мәртебелі

міндет. Біздің Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш

–   жігерін   жұмсайды.   Қазақстанның   әр   облыс

орталықтарына,   аудандарына,   қала,   ауылдарына

барып, халықпен кездеседі, біз сияқты оқушылармен

кездеседі.   Балаларға   көп   көңіл   бөледі,   олардың

тілектерін   тыңдайды,   мәселелерді   шешеді.   Сондай

адамдардың бірегейі деп мен Нұрсұлтан атам Әбішұлы

Назарбаев айтар едім.

Бірінші   желтоқсан   –   Тұңғыш   Президент   күні.

Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев   –   Қазақстан

Республикасының   Тұңғыш   президенті.   Бұл   адамды

балабақшадағы сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін

біледі. Еліміздің алға қойған мақсаты мен міндеттерін,

қуанышы   мен   жетістігін   сенімділік   пен   үмітті

басшылыққы   ала   отырып   алға   тартып   келеді.

Отанымыз тыныш, көрші елдермен тату – тәтті, бейбіт

өмір   сүріп   келеміз.   Нұрсұлтан   атамыз   балалардың

үлкен   досы.   Балаларға   үлкен   қамқорлық   көрсетуде.

Соның   бір   дәлелі   біздің   қаламызда   Нұрсұлтан

зияткерлік   мекетбінің   таяу   уақытта   ашылуы.   Менің

арманым   Президент   атамыздың   атындағы   мектепте

оқып,   елімнің   үмітін   ақтау.   Біз   болашаққа   сеніммен

қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда. Мен елімнің

өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосамын. 

Нұрсұлтан атам сияқты өз елімді, өз жерімді шексіз 

сүйіп, Отан алдындағы борышымды орындауды 

азаматтық парызым деп түсінемін. Атамыздың жасы 

ұзақ болып, бізбен бірге қуана берсін.

БІЗ  ПРЕЗИДЕНТПЕН 

БІРГЕ БАҚЫТТЫМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАУ

Республикалық 45minut.kz

басылымы және барша

ұстаздар атынан 

Арыс қалалық

 Ж. Байгуттиева атындағы

өнер мектебінің басшысы

Сейтбеков Жомарт

Жандарұлын мерейтойымен

құттықтаймыз. 

Отбасыңызға берекет, қызметте табыс,

шығармашылықта шабыт тілейміз! 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ 

ЖАҢАША ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 

Темиргалиева Шынар Бактыгереевна 

бастауыш сынып әдіскері 

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауылы Қазталов

ауданы Казталов аудандық білім беру бөлімі

 

Елімізде   ұрпаққа   білім   беру   саласында   түбірлі



өзгерістер   жасалып   жатқаны   баршамызға   аян.

Жаһандану дәуіріндегі жаңашылдықтан қалыс қалмау

мақсатында   білі   беру   жүйесіне   жаңашылдықтар

енгізілуде.   Ең  бастысы  әлемдік   білім  кеңістігіне  ену

мақсатындағы   алғашқы   қадамдар   жасалды.   Әлемдік

білім кеңістігіне енуге жасалған алғашқы қадамдардың

бірі   Кэмбридж   Білім   беру   орталығымен   бірлесе

отырып жасалған деңгейлі курс бағдарламалары. 

Ол ХХІ ғасыр талаптарына сай бәсекеге қабілетті

сыни тұрғыдан ойлайтын, топпен жұмыс істей алатын,

достарымен ой бөлісетін, өмір дағдылары қалыптасқан

бала тәрбиелеуді көздейді. 

«Хадис»   кітабында   «Білімнің   апаты   —   есте

сақтамау,   немесе   оны   қызығушылығы   жоқ   біреуге

үйретіп   алтынға   тең   уақытыңды   босқа   өткізу»

делінген. 

Бұл бағдарлама білімді өмірмен байланысты алуға

бағыттап, оқушының ішкі уәжін тудыруға тырысады.

Өз   ойын   еркін   жеткізіп,   өзіне   баға   беруге,   өзгені

сыйлауға үйретеді.



СҮЙІНШІ ХАБАР! 

ҰСТАЗДАР ӘНҰРАНЫ!

Республикалық

45minut.kz 

Ұстаздар басылымы

ұсынысымен, ұстаздарға

арналған «Ұстаздар әні»

жазылды. 

Әннің музыкасы мен

мәтіні ұстаздарға

арналған құрмет пен

сүйіспеншілікті білдіретін әуен деп сеніммен айта

аламыз. Алдағы уақытта «Ұстаздар әні» іс-

шараларда және мерекелік бағдарламаларда

әуендейді. Республикалық 45minut.kz оқырмандарына

қолдануға рұқсат етіледі. 

«Ұстаздар әні» cөзін жазған: Темірхан Әбдіков, 

әнін жазған: Жомарт Сейтбеков. 

Ән авторлары Оңтүстік Қазақстан облысы 

Арыс қалалық Ж. Байгуттиева атындағы өнер

мектебінде ұстаздық қызметінде. 

Ән авторларына барша ұстаздар атынан алғыс

білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

10 желтоқсан  2015 ж | № 29-30 (149-150)

 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 10 желтоқсан 2015 ж | № 29-30 (149-150)

СЕЙТБЕКОВ ЖОМАРТ ЖАНДАРҰЛЫНЫҢ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ 

Сейтбеков   Жомарт   Жандарұлы

1965   жылы   14   қазанда   Оңтүстік

Қазақстан   облысы   Ордабасы

ауданында   ұстаздар   отбасында

дүниеге   келген.   Жастайынан   әнге

әуес,   күйге   құмар   болып   өседі.

Жамбыл   Жабаев   атындағы   жалпы

орта   мектебінде   оқып,   білім   алған.

Мектептен   соң   Жетісай   мәдени   –

ағарту  

училищесін  

бітірген.

Мамандығы   бойынша:   Халық–

аспаптар   оркестрінің   жетекшісі.

Қазақстанға танымал композитор, оңтүстік өңірінде күй мектебін қалыптастырған

Бөрі Исаевтің шәкірті. Музыкалық аспаптарда: домбыра, баян, фортепиано, гитара

мен ұрмалы аспаптарда ойнауды жетік меңгерген. 1988 жылы Ордабасы ауданында

ауылдық клубта вокалды аспаптар ансамбльін құрып, оның көркемдік жетекшісі

болды. Вокалды аспаптар ансамблі «Думан» деп аталды. 

Шымкент   халықаралық   гуманитарлы–техникалық   университетін   бітірген.

Мамандығы  бойынша   Педагог-Психолог  және   Бакалавр   академиялық  дәрежесін

алып  шыққан. Алғашқы еңбек  жолын  мектепте ұстаздық етуден  бастады. Білім

және мәдениет саласында өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, жемісті еңбек етті.

Шығармашылық жұмыстармен айналысты. Ең алғашқы әні: «Достар туралы —

ән» сөзі мен әнін өзі жазған. Бұл ән 1991- жылы Түркістан қаласында жазылған.

Содан   бері   әртүрлі   тақырыпта,   көптеген   әндер   дүниеге   келді.   Атаулы   мереке

күндеріне арналған «Ұстаздарым», «Желтоқсан -әні», «Тәуелсіздік таңы», «Жаңа –

жыл» «Наурыз  –көктем»  , «Асыл –ана» , «Арыс вальсі» сияқты  әндер  дүниеге

келді.   Аудандық   байқауларға   арнайы   жазылған   әндері:   «Арыс   аруы»   «Жігіт

сұлтаны»,   «Ауылым»,   «Мерей   той».   Облыстық   «Ақ   көгершін»   атты   әскери

патриоттық әндер конкурсына арнайы жазылған әндері: «Ауғанстан», «Сарбаздар».

Облыстық «Құлагер» фестивальіне арнап жазған әні «Құлагерім», «Ақбақай» атты

әндер. Бір қатар әндері достық пен махаббат, сән мен салтанат, қуаныш пен қайғы,

Отан, еңбек, ата – ана, туыс – бауыр, табиғат, ел, жер – су тақырыбын қамтиды.

«Шәмшіні аңсау», «Көңіл назы», «Қобызшы қыз», «Забира қыз» атты күйлері мен

әндері   оркестрлер   мен   топтардың   репертуарында   аудан,   облыс,   республика

сахналарында   орындалып   жүр   .Т.Тәжібаев   атындағы   балалар   үйінің   әнұраны

«Алтын   шаңырақ»,   44859   Әскери   бөлімінің   әнұраны   «Арсеналшылар   маршы»,

Өнер   мектебінің   әнұраны  «Өнер   ордасы»,   Ауған   соғыс   ардагерлерінің   әнұраны

«Ауғанстан маршы», спортық-сауықтыру ойынының әнұраны «Шарболат», Семей

полигоны   ардагерлерінің   әнұраны   «Семей   қасіреті»,   Жастар   орталығының

әнұраны «Арыс жастарының әні», Ұстаздар қауымының әнұраны «Ұстаздар әні»,

Ұлттық   кәсіпкерлер   палатасының   әнұраны   «Атамекен»   Облыстағы   аудан,

қалалардың мәдениет күндері іс-шарасының әнұраны «Мәдениетім-мерейім» атты

әнұрандардың   авторы.«Қыз   ұзату»   «Анашым   қартаймашы»,   «Туылған   күн»,

«Бетховен»   атты   әндеріне   клип   түсірілген.   Жомарт   Сейтбековтің   әр   кезеңдерде

қалам   тартқан   түрлі   тақырыптағы   туындылары   мен   мақалалары,   әндері   мен

күйлері республикалық, облыстық, аудандық басылымдарда бірнеше жылдардан

бері жарияланып келеді. 

Республикалық   «Жаңа   білім-жаңа   ғасыр»   атты   ұстаздар   шығармашылығы

топтамасына «Құт қонған шаңырақ», «Кемел шақ», «Көңіл күмбезі», «Ұстаздар

үні», «Қос үміт» «Қоңырағыс», «Сезім сардары», «Роза», «Оңтүстіктің 100 күйі»,

«Жеңістің 65 жылдығына — 65 ән», «Ұлы жеңістің 70 жылдығына-70 ән» «Біз

білетін   Зиядин»,   «Ауғанстанда   от   кешкен   Арыстықтар»   кітаптарына,   «Өмірін

өлеңмен өрнектеген» «Туған жермен тағдыры тамырлас», «Арысым әнім», атты

кітапшаларына,   республикалық,   облыстық,   аудандық   баспасөз   беттеріне

«Айбергенов әлемі» журналына «Арыс ақиқаты», «Шалқар шыңдары», «Оңтүстік

Қазақстан»,   «Южный   Казакстан»   «Егемен   Қазақстан»   газеттеріне   80-ге   жуық

әндері мен күйлері, еңбектері енген. 

Жомарт   Сейітбеков   1991   жылдан   бері   өзінің   туған   жері   Арыс   қаласында

«Балалар   саз   мектебінде»   ұстаз   болып   жұмыс   істеп,  жемісті   еңбек   етіп   келеді.

Мектеп   тарихында   1993   жылы   тұңғыш   рет   Халық   аспаптар   оркестрін   құрып,

көркемдік жетекшісі болды. Саз мектебі ұстаздары мен оқушыларынан құралған

оркестр “Арыс сазы” деп аталады.Оркестрдің репертуары жылдан жылға молайып,

халық   әндері   мен   күйлерін,   отандық   және   шетел   композиторларының   әлемдік

деңгейдегі   музыкалық   шығармаларын   сахнаға   шығарды.   Ж.Сейтбековтің

бастамасымен өнер мектебінде 2009 жылы «Вокал бөлімі» ашылып, кәсіби музыка

манмандары   жұмысқа   қабылданды.   2010   жылы   «Әуен»   дыбыс   жазу   студиясы

ашылып халыққа қызмет көрсете бастады. Сол уақыттан бері жыл бойы өткізіліп

келе   жатқан   аудандық   іс-шараларға   облыстық,   респбликалық,   халықаралық

конкурстарға   түгел   қатысып,   өнер   көрсетіп,   қаламыздың   мәдениетін   көтеруге,

өнерін дамытуға өз үлесін қосып келеді. 

Жомарт   Сейітбеков   қазіргі   таңда   Оңтүстік   Қазақстан   облысы   Арыс   қалалық

Ж.Байгуттиева атындағы өнер мектебі МКҚК — ның директоры. Музыка маманы,

Жоғарғы санатты ұстаз, белгілі композитор. Әр түрлі тақырыпта жазылған 100-ден

аса   әндер   мен   күйлердің   авторы.   Садықбек   Адамбеков   атындағы   әдебиет   және

өнер   бірлестігінің   мүшесі,   Нұр   Отан   ХДП   -ның   мүшесі,   бастауыш   партия

ұйымының төрағасы. «Нұр Отан» ХДП Арыс қалалық партия ұйымының кезектен

тыс ХХ-шы, ХХІ-ші  конференцияларының  делегеаты. 02.04.2015 жылы №45-ші

куәлігімен   Қазақстан   Республикасының   Перезиденттігіне   кандидат   Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевтың сенім білдірілген адамы болып тіркелді. 20.04.2015 жылы

№30-ші куәлігімен Қзақстан Республикасының Президент сайлауында №176-шы

сайлау   учаскелік   комиссиясында   бақылаушы   болуға   сенім   білдірілген.   Арыс

ауданы бойынша ата-аналар коммитетінің төрағасы. Аудандық ұстаздардың тамыз

маслихатында музыка, ән-күй пәндері бойынша секция жетекшісі. Аудандық іс-

шараларды ұйымдастыру комиссиясының мүшесі, аудандық өнер байқауларының

тұрақты   әділқазылар   алқасының   мүшесі   және   төрағасы.   Жомарт   Сейтбековтің

тікелей   басшылығымен   мектептер   арасында,   аудан   көлемінде   жарыстар,

конкурстар,   байқаулар   өткізіліп   отырады.   Арыс   қалалық   білім   бөлімінің

ұйымдастыруымен   2008   жылы   «Біз   естімеген   әндер»   атты   авторлық   ән-кеші

өткізілді. Арыс қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2009 жылы Арыс қаласының

мәдениет сарайында «Ән арнаймын жүрегімнен» атты авторлық, шығармашылық

кеші   өткізілді.   2010   жылы   «Ән   арнаймын   жүрегімен»   атты   ән   жинақ   кітабы

жарыққа шықты. 2013 жылы Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен

Шымкент қаласында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда «Көңіл

назы» атты авторлық, шығармашылық ән-күй кеші өткізілді. 

Жомарт   Сейітбеков   2009   жылы   аудандық   “Туған   жер   –   жыр   әнім”   атты

жергілікті композиторлар арасында өткізілген байқаудың «Бас жүлде» иегері. 2010

жылы  Арыс  ауданы  бойынша  «Жылдың   үздік  композиторы» атанды.  Аудандық

«Үздік білім беру менеджері»-2011 байқауында «Шығармашыл басшы менеджері»

номинациясымен марапатталды. Аудандық «Қос жүректің лүпілі» атты отбасылар

сайысының   жеңімпазы.   2009   жылғы   облыстық   “Өмірімді   өнерге   бейімдеймін”,

2011   жылғы   облыстық   «Бірлігіміз   жарасқан»,   2012   жылғы   облыстық   «Өнер

құдіреті   мәңгілік»,   2013   жылы   облыстық   «Тарихқа   толы,   мәдени   өлке   —

Оңтүстік»,   2015   жылы   облыстық   «Ерлік   даңқы   мәңгілік»   атты   өнер

фестивальдерінің   лауреаты,   22.11.2013   жылы   «Ән   тербеген   Сарыағаш»   атты

облыстық композиторлар байқауының ІІ-орын иегері. 2008 жылы республикалық

“Елім   менің”   атты   патриоттық   әндер   конкурсының   дипломанты.   2012   жылы

«Таңшолпан»   ақпаратты-сазды   бағдарламасының   Астана   күні   мерекесіне   орай

ұйымдастырған   Республикалық   «Астана-Арман»   атты   Елордаға   арналған

композиторлардың ән-жыр байқауының дипломанты. «Қазақстан» РТРК Алматы

қаласындағы   филиалының   «Қазақстан»   ҰТА   директоры   Марат   Сандықбайдың

дипломымен   марапатталған.   Республикалық   Т.Айбергеновтың   75-жылдығына

арналған «Бір тойым бар» атты Қазақстандық композиторлар байқауының ІІ-орын

иегері. 


Республикалық ОҚО-ның 80-жылдығына арналған композиторлар байқауының

ІІІ-орын иегері. VI-ші Республикалық Қазақстан композиторларының «Жырлайды

жүрек»   атты   М.Мақатаевтың   өлеңдеріне   жазылған   әндер   байқауының   І-орын

иегері. 


Республикалық   «Әнге   айналған   Шиелім»   атты   композиторлар   байқауының

дипломанты.   ҚР   халық   артисі,   Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік

сыйлығының   лауреаты,   композитор   Ескендір   Хасанғалиевтің   алғыс   хатымен

марапатталған. 

Шәкірті Айдана Лақай VI Республикалық «Жырлайды жүрек» атты байқауында

ән   жанры  бойынша   І-орынды  иеленді   Республикалық   «Жаз   мереке»   байқауына

сіңірген   еңбегі   үшін   ҚР   мәдениет   қайраткері,   хореограф   Б.   Бектаевтің   алғыс

хаттарымен,   Республикалық   «Жаз   мереке»   атты   жасөспірімдермен   балалар

шығармашылық ән-би байқауына сіңірген еңбегі үшін Т.Жүргенов атындағы өнер

академиясының   режисері,   актер   Т.Көбековтың   алғыс   хатымен,   Республикалық

«Қүз   мереке»   байқауына   сіңірген   еңбегі   үшін   ҚР   мәдениет   қайраткері

М.Нұрмағанбетованың   алғыс   хатымен,   Республикалық   «Қысқы   ертегі»   ән-би

балалар   байқауына   сіңірген   еңбегі   үшін   ҚР   еңбек   сіңірген   әртісі   Қ.Ж.

Қаламбаеваның   алғыс   хаттарымен,   Республикадық   «Баян   сұлу»   балалар

шығармашылығы байқауына жоғары деңгейде шәкірттер дайындап, сіңірген еңбегі

үшін   конкурстың   авторы   және   директоры   Б.Б.Сатылғанованың   алғыс   хатымен,

Республикалық   «Ақжелең»   өнер   байқауына   шәкірттер   дайындағаны   үшін   ҚР

мәдениет   қайраткері,   дәстүрлі   әнші   Ардақ   Исатаеваның   алғыс   хатымен,   VII

Республикалық «Таланттарды іздейміз» байқауына сіңірген еңбегі үшін ҚР еңбегі

сіңген   қайраткері,   композитор   Б.Дәлденбаевтың   алғыс   хатымен,   Республикалық

«Баласа   жұлдыздар»   өнер   байқауына   қосқан   зор   үлесі   үшін   ҚР   еңбек   сіңірген

әртісі   Майра   Илиясованың   алғыс   хатымен   марапатталды.І-ші

республикалық«Жадыра,жас   дарын!»   фестивал-конкурсына   шәкірттерді

дайындауға   қосқан   үлесі   мен   елеулі   еңбегі   үшін   Атырау   мемлекеттік

университетінің   дотценті,   ҚР   білім   беру   ісінің   үздігі   М.З.   Гайсинаның   алғыс

хатымен,   ІІ-Республикалық   «Жұлдызға   жол»   байқауына   жоғары   деңгейде

шәкірттер   дайындағаны   үшін   ҚР   еңбек   сіңірген   артисі,   «Құрмет»,   «Парасат»

ордендерінің   иегері   Майра   Илиясованың   алғыс   хатымен,   Х-шы   Республикалық

«Ақ   көгершін»   байқауына   қосқан   үлесі   үшін   балалар   қорының   директоры

Т.Ескенованың   алғыс   хатымен,   Республикалық   «Ғажайыптар   маусымы»   атты

«Жайдарман»   әзілқойлар   мен   тақпырлар   сайысына   қосқан   зор   үлесі   үшін

Қазақстан   КВН   Одағы   Республикалық   жастар   қоғамдық   бірлестігінің   алғыс

хатымен, Республикалық «Күншуақ» балалар шығармашылығы байқауына қосқан

зор   үлесі   үшін   қоғамдық   қордың   президенті   С.В.   Ковалерованың   алғыс

хаттарымен марапатталған. 

 ---2 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 10 желтоқсан 2015 ж | № 29-30 (149-150)

І-ші   Халықаралық   «Дарын   2015»   конкурсына   жоғары   деңгейде   шәкірт

дайындағаны   үшін   Ресейдің   еңбек   сіңірген   әртісі   әнші,композитор   Дмитрий

Дунаевтың алғыс хатымен, І-Халықаралық «Тұлға» байқауына қосқан зор үлесі

үшін   Тұлға   ЖШС   директоры   С.Шаймұраттың   алғыс   хатымен, VI-Халықаралық

«Ғұмырдария»   байқауына   қосқан   зор   үлесі   үшін   Халықаралық   «Алаш»

сыйлығының иегері, ақын Ибрагим Исаевтың алғыс хатымен, VІІ Халықаралық

«Ғұмырдария» ән-би байқауына қосқан мол үлесі үшін ҚР «Кино қайраткері» ҚР

киноматографиясының   үздігі,   профессор   Ш.Имашұлының   алғыс   хатымен,   IV-

Халықаралық «Жұлдызды талант», фестиваль-конкурыстарына қосқан зор үлесі

үшін   Қазақстан   және   Евразия   жазушылар   Одақтарының   мүшесі,   Ресей

Федерациясы   педагогика   академиясының   академигі   э.ғ.д.,   профессор

А.А.Нұрмановтың алғыс хатымен, Халықаралық «Ақ көгершін» байқауына қосқан

үлесі   үшін   балалар   қорының   президенті   Т.Ескенованың   алғыс   хаттарымен

марапатталған. Х-шы Халықаралық «Күншуақ» ән-би балалар байқауында шәкірті

Игібай   Зарина   Гран-при   иегері   атанды,   ұстазы   Ж.Сейтбеков   Гран-при   иегерін

дайындағаны үшін фестиваль-конкурсының арнайы дипломымен, «Күншуақ KZ»

қоғамдық   қорының   президенті   С.В.   Ковалерованың   алғыс   хаттарымен

марапатталған. 

29   наурыз   2013   жылы   КР   Білім   және   ғылым   министірлігінің   «кәмелетке

толмағандар  арасындағы   құқық   бұзушылықтың  профиликтикасы:   проблемалары

мен шешу жолдары» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңеске қатысушы. 

29-31   наурыз   2010   жылы   «Қазақстан   Республикасында   көркемдік   білім   беру

ұлттық   дәстүрлер   және   мәдениеттерді   жақындастыру»   атты   ІV   Республикалық

ғылыми-практикалық   коллоквиумға   қатысушы.   2013   жылы   Шығыстың   ғұлама

ғалымы Шоқан Уәлихановқа арналған «Ш.Ш. Әәлиханов Мұраларының әлемдік

ғылымда   алатын   орны»   атты   Халықаралық   ғлыми-практикалық   конференцияға

қатысушы, белсене атсалысып, тың ой-пікір білдіргені үшін марапатталған. Қазақ

елінің   белгілі   жазушысы   Әзілхан   Нұршайықовтың   90   жылдығына   арналған

«Махабаттың   жаршысы   Әз-Аға!»   атты   Халықаралық   ғылими–практикалық

конфепенцияға  қатысушы,   атсалысып,  тың  ой-пікір  білдіргені  үшін  2013  жылы

марапатталды. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еселі еңбегі

үшін  Арыс  қалалық   білім  бөлімінің,  Аудандық   мәдениет  және  тілдерді   дамыту

бөлімінің, Арыс қаласы әкімінің, Арыс қалалық маслихатының, облыс әкімінің,

облыстық   маслихаттың,облыстық   білім   басқармасының,   облыстық   мәдениет

басқармасының,   облыстық   халық   шығармашылығы   орталығының   облыстық   «

Педагог   кадрлардың   біліктілігін   арттыру   және   қайта   даярлау   институтының»,

облыстық   педагог-қызметкерлердің   кәсіподақ   кеңесінің,   облыстық   «Алпамыс»,

«Бота»  УЕҰ қоғамдық  қорының, облыстық  Нұр Отан  ХДП-сы саяси  кеңесінің,

облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттарымен, дипломдарымен марапатталған.

Қазақстан   республикасы   Білім   және   Ғылым   министрі   Ж.   Түймебаевтың   алғыс

хатымен,   ҚР   Парламенті   мәжілісінің   депутаты   Әкім   Ысқақтың   алғыс   хатымен,

Қазақстан   республикасы   Қарулы   Күштерінің   алғыс   хаттарымен   марапатталған.

Республикалық   www.45minut.kz.   ұстаздар   сайтының   сертификатын   иемденген.

14.08.2012   жылы   ҚР   Білім   және   Ғылым   Министрі   Б.Жұмағұловтың   №138-ші

бұйрығымен «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілді. 07.12.2013

жылы   Халықаралық   «Бейбітшілік   әлемі»   Қазақ   Творчествалық   Бірлестігінің

«Мәдениет   майталманы»   төсбелгісінің   иегері   атанды.   31.07.2012   жылдан

Қазақстан   Авторлары   Қоғамының   мүшесі,   13.05.2013   жылдан   Халықаралық

көркем   өнерпаздар   одағының   мүшесі,   30.12.2013   жылы   ОҚО   әкімдігінің   29

қарашадағы №406 қаулысымен  Оңтүстік  Қазақстан  облысы бойынша «Жылдың

үздік   композиторы»   болып   танылды.   Республиканың,   облыстың,   ауданның

қоғамдық   өміріне   белсене   араласып,   мәдениетін   көтеруге,   өнерін   дамытуға

атсалысып, өз үлесін қосқаны үшін 44859 Әскери бөлімінің құрылғанына 80 жыл

толу мерекесіне орай «Әскери бөлімге 80 жыл» мерекелік төс белгісімен , «Совет

әскерінің   Ауғаныстаннан   шығарылғанына   20   жыл»   медальімен   ,   «Ерен   еңбегі

үшін»   құрмет   белгісімен,.   Ауғанстандағы   соғыс   ардагерлері   қоғамдық

бірлестігінің   құрылғандығына   25   жыл   толуына   орай   «Отан»   медалімен

наградталған. 

2015   жылдың   сәуірінде   Қазақстан   Республикасы   Президентінің   сайлауында

еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласып, сайлау науқанына белсене қатысқаны

және   ерекше   қызметі   үшін   Қазақстан   Республикасының   Президенті,   Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. 

Шәкірттері:  ҚР  мәдениет  қайраткері, әнші-композитор, тележүргізуші  Нұрлан

Еспанов,   Қазақстанға   белгілі   айтыскер   ақын   Нұрлан   Есенқұлов,   белгілі   әнші

Айдар Әміре Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Маржан Дәрібаева, Баяш

Гүлмира, Жандар Фариза, Игібай  Зарина, Әділбек Шынар, Абдысалы Аружан ,

Әуезхан Мерей, Алтынбек Ұлтуар, Серікбаев Әсел, Жұмабай Тоғжан , Ауданбек

Ақерке   ,   Құрманғали   Айда,   Қыдырбай   Дана,   Қуанышбек   Бекайдар,   Мәдина

Арысбек, Тұрлыбек Бекзат, Габдуллина Гульниса, Жұмахан Шынар, Ибрагимова

Хорлан,   Құрманбек   Орынкүл,   Өмірзақ   Арайлым,   Сабыр   Аружан   ,   Кенжалы

Мерей , Қоныс Айман, Орынбасар Шыңғыс. 

Республикалық   конкурстардың   лауреаттары:   Қуаныш   Серімбетов,   Салтанат

Тұрғанбекова,   Сәулет   Төребай,   Ақтолқын   Төлтайева,   Шілдехан   Бекзат,   Мансүр

Нұрдәулет, Ақнұр Абдіхан, Нұржан Зұлпыхаров, Насыр Айзере, Н.Рахым, Айдана

Лахай. Ахметбек  Дильназ, Шағырбай  Назым, Жаппарбекова Бекайым, Ақымбек

Арайлым, Әділ Арман, Жақсылық Дильназ, Сүлейменова Әсел, Жолшы Гулназ,

Төлен Ақниет, Нұрлыбек Біржан, Максим Мерей , Оңғарбай Иманғали, Қаранар

Айгерім, Жаңабай Алида . 

Құрманғазы атындағы консерваторияның студенттері: Әсел Нұранбаева, Рысты

Мусаева, Айгерім Елтаева, Жансерік Қарабаев, Мейрбек Әміреев, Сәбит Дүсебаев.

Ұлттық   Өнер   Академиясының   студенттері:   Зульфия   Қалходжаева,   Мұхтарима

Мұхамеджанова.   Қазақстанның   саз   колледждерінде   көптеген   шәкірттері   оқып

жүр,. Мақсаты: Қазақстан Республикасының мәдинетін көтеруге, өнерін дамытуға

ат   салысу.   Халқымыздың   рухани   байлығы   ,   асыл   мұрасы,   таусылмас   қазынасы

өнерді,   оның   ішінде   ән   жанырын   дамытып,   жаңартуға,   отандық   музыкалық

шығармалардың   репертуарын   молайтуға   өз   үлесін   қосып,   жас   ұрпақты

Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет