Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы


Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі



Pdf көрінісі
бет13/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   175
Зерттеу  тақырыбының  өзектілігі.  Мемлекеттік  «Мәдени  мұра» 
бағдарламасында  тілге  мәдениеттің  көпөлшемді  ұғымы  ретінде  баса  назар 
аударылады.  Сол  себепті  мәдениеттің  игерілу,  сақталу,  кейінгі  ұрпаққа 
табысталу,  тіл  арқылы  мәдениеттің  модернизациялану  мәселелері  өзектілікке 


8
 
 
себеп  болып,  тіл  білімінде  антропоөзектік  және  этноцентристік  бағыттағы 
зерттеулерде  қарастырылуда.  Осыған  орай  жұмыстың  өзектілігі  қазақ 
антропонимиясында  ұрпақтан  ұрпаққа  берілетін  (тілдік/антропонимдік 
трансмиссия)  есімдерді  анықтауға  негізделген  антропонимиялық  қорда 
сақталған  есімдерді  айқындау  болып  табылады.  Сонымен  қатар  орындалған 
диссертациялық жұмыс «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан 
Республикасында  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  2017  жылдың  12  сәуірінде  Елбасының 
бастамасымен  жарияланған  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты 
бағдарламалық мақаласы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 12 
желтоқсанда  бекітілген  «Цифрлық  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасы, 
«Қазақстан  –  2030  барлық  қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі 
және  әл-ауқатының  артуы»  стратегиясы  сынды  бағдарламалық  құжаттардың 
жүзеге  асырылуымен  де  байланысты.  Соңғы  құжатта  «қоғамымыздағы 
трансформация  ықпалымен,  өзiмiз  көбiне  оны  түйсiне  де  бермей, 
құндылықтардың  сапалық  тұрғыдағы  өзге  жүйесi  мен  адамдық  қарым-
қатынастардың  жаңа  түрiне  дағдылана  отырып,  өзiмiз  де  түгел  өзгердiк»  [2] 
деп  көрсетілген.  Осымен  байланысты  жүргізілген  зерттеу  жұмысының 
міндеттерінің  бірі  халық  менталитеті  трансформациясын  көрнекі  түрде 
аңғартатын  антропонимдердің  трансформациясын  анықтау  болып  табылады. 
Антропонимдер  де  қоғамдағы  түрлі  жағдаяттарға,  жаһандану  үдерісіне  сәйкес 
мағыналық,  тұлғалық,  құрылымдық  жағынан  үнемі  өзгеріп,  дамып  отырады. 
Қоғамдағы жаңа әлеуметтік өзгерістерге қатысты қазақ кісі есімдері жүйесінде 
орын  алған  трансформацияны  (антропонимдік  трансформация)  айқындау  да 
зерттеу  жұмысының  өзектілігі  болып  саналады.  Қазіргі  таңда  қазақ 
антропонимиялық  қорында  айтарлықтай  өзгерістер  орын  алғандығын  зерттеу 
нәтижелері  дәлелдеп  отыр:  көне  түркі  дәуірінде  қалыптасқан  ай  мен  күнге 
табыну, аң-құстарды, табиғат құбылыстарын тотем ретінде тану, сонымен бірге 
қазақ халқының наным-сеніміне, салт-дәстүріне қатысты қойылған кісі есімдері 
қолданыстан шығып немесе өзгеріске ұшырау үстінде. Жиі кездесетін есімдер 
қатарын  анықтау  кезінде  қазіргі  кезеңде  нәрестеге  есім  беруде  оның  мәнді, 
мағыналы болуына қарағанда, қысқа, әрі құлаққа жағымды естілуіне, заманауи 
және сәнді есім болуына баса назар аударылатындығы белгілі болды. Қоғамда 
орын  алған  саяси-экономикалық  жағдаяттардың,  жаһандану  үдерісінің  кісі 
есімдерінде 
көрініс 
табуы 
антропонимдердің 
әлеуметтік-мәдени 
маңыздылығын айшықтай түседі. 
«Қазақстан – 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі 
және  әл-ауқатының  артуы»  бағдарламалық  құжатында:  «Бiздiң  жас 
мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп, кемелденедi, бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз 
онымен  бiрге  ер  жетедi.  ˂…˃  Олар  бабаларының  игi  дәстүрлерiн  сақтай 
отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр 
болады» деп атап көрсетілген [2].  
Осыған орай қазақ халқының  есім беру  дәстүрі  сақталып келеді  ме деген 
заңды  сұрақ  туындайды.  Тәуелсіздік  алған  кезеңнен  бастап  жаңа  туған  сәбиге 


9
 
 
тарихи  тұлғалардың  құрметіне:  ел  билеген  хандар  мен  билердің,  елді  жаудан 
қорғаған  батырлар  мен  сұлтандардың,  саяси  тұлғалар,  қоғам  қайраткерлерінің 
есімдері берілді, бұл ұлттық сана-сезімнің, сондай-ақ қоғамның тарихи-мәдени 
модернизациясының көрінісі іспетті.  
Алматы  қаласы  АХАТ  бөлімдеріндегі  туу  туралы  акт  жазбалары  және 
Әділет  департаменті  азаматтық  хал  актілерін  тіркеуді  және  апостильдеуді 
қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің мұрағатынан алынған құжаттар, түрлі 
антропонимдік тізімдерден таңдалған деректі материалдар негізінде «Заманауи 
қазақ  есімдерінің  электронды  сөздігін»,  яғни  жаңа  типтегі  мобильді  қосымша 
түрінде  заманауи  антропонимиялық  сөздік  құрастыру  мүмкіндігі  туындады. 
Аталған  сөздікті  «Цифрлық  Қазақстан»  бағдарламасын  дамытуға  белгілі  бір 
деңгейде үлес қосу мақсатында жасалған инновациялық ақпараттық технология 
өнімі ретінде қарастыруға болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет