Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы


ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР



Pdf көрінісі
бет12/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   175
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР 
 
АХАТ– Азаматық хал актілерін тіркеу 
ТЕӘ – тегі, есімі, әкесі  
ТЕ – тегі, есімі 
ӘЕ – әкесі, есімі 
 
ағыл. – ағылшын тілі 
алт. – алтай тілі  
ар. – араб тілі 
ассир. – ассирия тілі 
ауысп. – ауыспалы мағына 
батыс. ес. – батыс есімі 
герм. – герман тілі 
гр. – грек тілі 
евр. – еврей тілі  
ж.е. – жаңа есім 
ир. – иран тілі 
ирл. – ирланд тілі  
исп. – испан тілі 
к.ағыл. – көне ағылшын тілі  
к.ассир. – көне ассирия тілі  
кельт – кельт тілі 
к.егип. – көне египет есімі 
к.евр. – көне еврей 
к.герм. – көне герман тілі 
к.парс. – көне парсы тілі  
к.слав. – көне славян тілі  
к.т. – көне түркі тілі 
қаз. – қазақ тілі 
қырғ. – қырғыз тілі  
лат. – латын тілі 
монғ. – монғол тілі 
ор. – орыс тілі 
санск. – санскрит 
сканд. – скандинавия тілі 
слав. – славян тілі 
тат. – татар тілі  
тәж. – тәжік тілі 
тув. – тува тілі  
түр. – түрік тілі  
түрк. – түркі тілі  
фр. – француз тілі 
хак. – хакас тілі 


7
 
 
КІРІСПЕ 
 
Бүгінгі  тіл  білімі  ғылымында  ономастика  мәселелеріне  қатысты  зерттеу 
жұмыстары ерекше назар аудартады. Лингвистика ғылымы үздіксіз дамуда, бұл 
орайда  бірнеше  ғылым  салаларының  интеграциясы  негізінде  зерттеуді  қажет 
ететін  жаңа  бағыттар,  салалар  туындауда.  Осыған  байланысты  ономастика 
саласында,  оның  ішінде  кісі  есімдері  жайлы  ғылым  ретінде  антропонимикада 
жаңа  зерттеулер  пайда  болуда,  себебі  қоғамда  орын  алған  өзгерістер  саяси-
әлеуметтік  оқиғалар,  мәдени  қатынастар  жайлы  нақты  мәлімет  сақталатын 
антропонимдерде көрініс табады. 
Әбдуәли  Қайдардың  пікірі  бойынша  адам  өмірінде  ат  қою  дәстүрі  зор 
маңызға ие: «Адам баласының жер бетінде қауымдаса өмір сүре бастаған бағзы 
замандардың  өзінде  өзара  араласып,  қарым-қатынас  жасау  қажеттілігінен 
туындаған өркениетті дәстүрдің бірі – «бір-біріне ат қойып, айдар тағу. Онсыз 
адамдардың  қауымдаса,  ұйымдаса  тіршілік  етуі,  табиғаттың  сырын  ұғынып, 
тылсым күшіне қарсы тұруы мүмкін емес еді» [1, 728 б.]. 
Қазақстандағы  ономастикалық  зерттеулерде,  оның  ішінде  антропонимика 
саласына  қатысты  зерттеу  жұмыстарында  антропонимдердің  тарихи  даму 
жолдары  айқындалып,  семантикалық,  құрылымдық,  этнолингвистикалық 
ерекшеліктері  салыстырмалы,  салғастырмалы  аспектіде  қарастырылып, 
уәжділік сипаты анықталған. Дегенмен қазақ антропонимиясы қазіргі жай-күйі, 
даму  динамикасы  үрдісінің  айқындалуы,  қоғамдағы  әлеуметтік-мәдени 
өзгерістердің қазақ антропонимдік жүйесінде көрініс табуы, оның қазақ халқы 
менталитетіндегі  өзгерістермен  өзара  шартты  байланысы  тұрғысында  жан-
жақты зерттеуді талап етеді.  
Аталған  диссертациялық  жұмыста  заманауи  қазақ  антропонимдері 
лексика-семантикалық тұрғыда топтастырылып, құрылымы және сөзжасамдық 
құрамына  талдау  жасалып,  белгілі  бір  лингвомәдениетке  қатысты 
антропонимдердің  сандық-пайыздық  құрамын  анықтау  мақсатында  нақты 
деректі 
материалдардың 
тілдік 
атрибуциясы 
айқындалды. 
Қазақ 
антропонимдерінің  өсу  динамикасын  анықтау  мақсатында  1980-2018  жылдар 
аралығында  туылған  ұлты  қазақ  азаматтардың  аты-жөні  нұсқалары  сандық 
есептеу тәсілі негізінде қарастырылып, ең жиі қойылған және сирек кездесетін 
кісі есімдері анықталды. Сонымен бірге жаңа туған сәбиге есім берудегі сәнді 
үрдісті  айқындауға  мүмкіндік  тудырған  антропонимиядағы  «сән»  ұғымы, 
сонымен  қатар  қазақ  шоу  бизнесіндегі  сахналық  есімдердің  ерекшеліктері 
айқындалды.  Сонымен  қатар  соңғы  онжылдықта  қоғамда  орын  алған 
әлеуметтік-мәдени  жағдайлардың,  ғаламдық  жаһандану  үдерісінің  көрінісі 
ретінде 
қарастырылатын 
тілдік 
трансмиссия 
және 
трансформация 
құбылыстары, есім берудегі ұлттық дәстүрдің сақталу үрдісі айқындалды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет