28
Ұлменай,
Ұлнара,
Ұлтуар,
Ұлыш сынды есімдер береді. Бұл кейін дүниеге
келетін сәби ұл болады деген үміттен, тілектен туындаған.
«Халықтың өзіне тән өмірінің басты көрінісі дәстүрінде. Ал дәстүрдің де
сан салалы тамыры, көкке қол созған жас өркені бар. Әр дәуірдің перзенті оған
өзінше қызмет етеді. Керегін алып, рухани дүниесін шыңдаса, шыңдалған
рухпен оның жаңа беттерін ашады. Сөйтіп, халық пен дәстүр бірін-бірі
толықтыра отырып, бір-біріне бар болмысымен байланып, қатар ғұмыр кешеді»
[72, 19 б.].
Сонымен қатар антропонимдердің пайда болуы заң институттарының
қалыптасуы мен тұлғаның аты-жөнін ресми құжаттарда тіркеу нормаларының
болуына сәйкес оның қоғамдағы орнын, рөлін анықтау қажеттілігімен тікелей
байланысты. Кейбір елдерде есім қоюға қатысты тыйымдар да кездеседі, бұл
жағдай сол мемлекет басшысының есіміне сәйкес есімнің жаңа туылған сәбиге
берілмеуіне қатысты жарғысына, ережелерге байланысты болып келеді.
Әр халықтың антропонимдері сол халықтың өзіне тән ұлттық болмысын
сипаттайды. Халықтың дүниетанымы, наным-сенімдері мен әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлері ықпалынан туындаған кісі есімдері аса құнды лингвомәдени ақпарат
көзі болып табылады.
Aнтропонимдердің пайда болуы заң институттарының қалыптасуы мен
тұлғаның аты-жөнін ресми құжаттарда тіркеу нормаларының болуына сәйкес
оның қоғамдағы орнын, рөлін анықтау қажеттілігімен тікелей байланысты.
Кейбір елдерде есім қоюға қатысты тыйымдар да кездеседі, бұл жағдай сол
мемлекет басшысының есіміне сәйкес есімнің жаңа туылған сәбиге берілмеуіне
қатысты жарғысына, ережелерге байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: