1 бөлім бойынша тұжырым
Антропонимдер – әлеуметтік-мәдени құндылықтың, салт-дәстүрдің
көрінісі ретінде тіл саясатымен тығыз байланыста қарастырылады. Адам белгілі
бір есім иесі ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортадағы заттар мен
құбылыстарға атау беруге қабілетті саналы тіршілік иесі болып табылады.
Антропонимдерге
қатысты
мәселе
философтар,
антропологтар,
әлеуметтанушылар, лингвистер мен қоғамдағы барлық адамның назарында
болатын бірнеше пән тоғысына тиесілі мәселе. Кез-келген тілдің антропонимдік
40
жүйесінде кісі есімі отбасында дүниеге келген кезінде беріліп, бастапқы болу
табиғатымен ерекшеленеді.
Кісі тегі адамның шыққан тегі жайлы мәлімет беретін отбасылық мұра
ретінде есептеледі, сонымен бірге адам аты-жөніндегі тұрақты бөлшек ретінде
белгілі бір отбасында ұзақ уақыт бойында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады,
ал есім мен әке аты үнемі өзгеріп отырады. Бұл тұрғыда антропонимдердің
тарихи, әлеуметтік-саяси өзгерістер жайлы ақпарат беретін тілдік бірлік
екендігі назар аудартады.
Ғалымдар тіл саясаты мен антропонимдік саясатты (name policy)
салыстырмалы түрде зерттей отырып, олардың ортақ тұстары көп екендігін
айтады. Антропонимдер саяси-әлеуметтік, экономикалық оқиғалар, рухани
және мәдени құндылықтар, діни және ұлттық идеология, салт-дәстүрдің
көрінісі болып саналады. Сондықтан теориялық негізді құрайтын бұл бөлімде
антропонимдердің даму және қалыптасу тарихы, семантикалық, құрылымдық,
этнолингвистикалық ерекшеліктері, салыстырмалы және салғастырмалы
тұрғыда зерттелуі, уәжділік сипаты, әлеуметтік лингвистикалық аспектісі,
оларға ықпал ететін экстарлингвистикалық факторлар бойынша зерттеу
жұмыстары қарастырылды.
Берілген бөлімнің мақсатына заманауи қазақ есімдер жүйесіндегі
антропонимдік трансмиссия, антропонимдік трансформация құбылысын
анықтаудың алғышартын құрайтын мәдени трансмиссия, ұрпақаралық
трансмиссия,
тілдік
трансмиссия,
ономастикалық
трансформация,
антропонимдік трансмиссия ұғымдарының табиғатын жан-жақты ашып,
жұмыста қолданылатын терминдердің анықтамасын нақтылау жатады.
Мәдени трансмиссия әлеуметтік-мәдени үдерістерінің шартты белгісі
ретінде тікелей мәдени трансмиссия, көлденең мәдени трансмиссия, жанама
мәдени трансмиссия болып жіктеледі. Ұрпақаралық трансмиссия қоғамда
ұрпақтар алмасуы тұрғысында рухани және мәдени құндылықтардың алдыңғы
ұрпақтан келесі ұрпаққа табысталуымен түсіндіріледі. Ұлттық тіл – ұрпақтар
жалғастығын, ұлттың дәстүрін, әлеуметтік-мәдени құндылықтарын, этникалық
қасиеттерін анықтайтын әлеуметтік институт болып есептетеледі. Тілдік
трансмиссия – тіл арқылы жүзеге асқан құндылықтардың сақталып, табысталу
тетігі ретінде анықталса, антропонимдік трансмиссия – ұлттық тіл қорында
сақталған кісі есімдерін болашақ ұрпаққа табыстау, жеткізу болып саналады.
Әлеуметтік-саяси жағдаят пен жаһандану үдерісі ықпалынан кісі
есімдерінің тілдік санада сәнді, заманауи болып қабылдануы тұрғысынан батыс
елдері тілдерінің нормаларына сәйкес дыбыстық өзгеріске ұшыраған есімдер
антропонимдік трансформация құбылысын анықтайды.
|