Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы


 Антропонимиядағы тілдік трансмиссия құбылысы



Pdf көрінісі
бет35/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   175
1.3 Антропонимиядағы тілдік трансмиссия құбылысы 
Қазіргі  таңда  тілді  антропоөзекті  көзқарас  тұрғысынан,  яғни  адамды 
дүниенің  тетігі  деп  білетін  ілім  бағытына  сәйкес  зерттеуге  орай  ұлттық 
таңбаның  бірі  ономастикалық  атаулар  тек  ономастика  шеңберінде  ғана  емес, 
сонымен 
бірге 
когнитивтік 
лингвистика, 
лингвомәдениеттану, 
этнолингвистика,  психолингвистика  сынды  салаларда  да  қарастырылып  жүр. 
Мұның  басты  себебі  тілді  зерттеуде  сол  тілде  сөйлейтін  халықтың  тарихы, 
ұлттық  мәдениеті,  мінез-құлық  нормалары,  түрлі  дәстүрлердің  өзіндік 
ерекшеліктері өзара байланыста зерттелуімен түсіндіріледі.  
W.A. Foley  бойынша  антропологиялық  лингвистика  әлеуметтік  және 
мәдени  мәнмәтіндегі  тілдің  қоғамдағы  орнын,  тілді  мәдени  тәжірибе  мен 
әлеуметтік  құрылымды  қалыптастырудағы  рөлін  қарастыратын  сала  болып 
есептеледі:  «Anthropological  linguistics  is  that  sub-field  of  linguistics  which  is 
concerned with the place of language in its wider social and cultural context, its role 
in forging and sustaining cultural practices and social structures» [87, p. 3].  
A. Duranti  антропологиялық  лингвистикаға
  тілді  мәдени  дереккөз  ретінде 
және сол тілде сөйлеуді мәдени тәжірибе ретінде зерттеу деп анықтама береді 
[88, p. 2]. 
«Тіл  –  ұлт  мәдениетінің негізі» деген қағида бойынша  тіл  мен  мәдениет 
арасындағы тікелей қатынас анық байқалады, сан ғасырлар бойы халық тілінде 
жинақталған  асыл  мұраның  болашақ  ұрпаққа  сақталып,  жеткізілуі  тілдің 
мұрагерлік,  кумулятивтік  қызметі  ретінде  айқындалады.  Ономастиканы 
теориялық  және  практикалық  тұрғыда  зерттеген  А.В. Суперанская  көптеген 
мәселелердің шешімін дұрыс тауып көрсете келе, «...тілдің қоғамдағы мәдениет 
тарихымен байланысына ерекше назар аудару қажет» екендігін атап өтеді [89, 
c. 26]. 


34
 
 
Тіл  –  семиотикалық  жүйе  болғандықтан,  мәдениеттің  ажырамас  бөлігі 
ретінде  мәдениеттен  тыс  өмір  сүре  алмайды.  Лингвистикалық  ықтималдылық 
теориясының  негізін  қалаушы  Эдуард  Сепир  мәдениет  терминіне  қатысты 
бірнеше  анықтама  береді:  «Во-первых,  это  «социально  наследуемые  черты 
человеческой  жизни»,  а  также  «цивилизация,  взятая  в  той  мере,  в  какой  она 
воплощает  в  себе  национальный  дух»;  ˂…˃  во-вторых,  «условный  идеал 
индивидуальной  благовоспитанности»;  ˂…˃  в-третьих,  «общие  установки, 
взгляды  на  жизнь  и  специфические  проявления  цивилизации,  которые 
позволяют конкретному народу определить свое место в мире» [90, c. 466-469]; 
˂…˃  «культуру  можно  определить  как  то,  что  данное  общество  делает  и 
думает.  Язык  же  есть  то,  как  думают»  [90,  c.  185].  Ғалым  үшінші  анықтама 
арқылы мәдениеттің аксиологиялық құраушы ретіндегі мәнін көрсетеді.  
Тілдік  трансмиссия  ұғымының  мазмұнын  түсіндіру  үшін  ең  алдымен  тіл, 
мәдениет  және  ойлаудың  өзара  байланысы  мәнмәтініндегі  орнын  анықтау 
қажеттілігі туындайды. Осы орайда «Тіл – мәдениет – ойлау» (триада) үштігін 
талдай  отырып,  С.Г. Воркачев  моральдық  қасиет  пен  сезімді,  дүниетанымды 
біріктіретін рухани мәдениет үшін, сонымен қатар ұғымның коннотативті және 
этникалық  ерекшеліктер  секілді  қасиеттерін  қолдануға  мүмкіндік  беретін 
логикалық-вербальды  ойлау  үшін  де  тіл  мен  мәдениеттің  ұлттық  құндылықты 
құраушы  бірлік  ретіндегі  маңыздылығын  атап  өтеді.  Яғни  осы  үштік  арқылы 
«ерекше  мінез-құлықтық  стереотип  анықталып,  ұлттық  сипат  пен  менталитет 
бейнесі ретінде этникалық стереотип қалыптасады» [91, c. 16]. 
В.В. Красных «тіл – мәдениет – ойлау» атты үштіктің ауқымын кеңейтіп, 
«адам – сана – мәдениет – лингвомәдениет – коммуникация – қауымдастық» 
сынды  көп  өлшемді  бірлікті  ұсынады.  Тіл  мен  мәдениеттің  өзара 
әрекеттестігінің  күрделі  құрылымын  ашып  көрсете  отырып,  оларды  адамның 
ақиқат  шындықты  түсінуіне  индивидуалдық  және  ұжымдық  ықпал  ету  мен 
коммуникация үдерісі әсерінен тыс қарастыруға болмайтындығын айтады [92, 
c.  77-78].  Ғалымның  тілді  лингвомәдениеттану  тұрғысынан  қарастыруы  тілдің 
мәдениетті  жеткізу  құралы  ретіндегі  қызметі  тілге  қаншалықты  ықпал 
ететіндігін анықтауға мүмкіндік береді.  
М.
 
Мид  ұрпақаралық  қатынасты  қоғамның  дамуы  мен  басымдыққа  ие 
отбасылық  ұйыммен  байланыстыра  отырып,  адамзат  тарихындағы  үш  түрлі 
мәдениетті  бөліп  қарастырады  [93,  c.  209-235]:  постфигуративті  (білім  мен 
мәдениеттің  ересектерден  балаға  берілуі,  ата-баба  тәжіріибесіне,  дәстүрге 
негізделген  бағыт,  әлеуметтік  және  мәдени  өзгерістер  баяу  жүреді) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет