Еңлік или Еңлікгүл (эдельвейс), Қалампыр (гвоздика), Қызғалдақ (тюльпан),
Райхан (базилик), Раушан (роза) и др.» деп түсіндіреді [132, c. 70].
Түркі тілдерінде грамматикалық тек категориясы жоқ. Түркі тілдеріндегі
кісі есімдерінің әйел не ер кісіге қатыстылығы олардың мағынасына қарай
белгілі болады. Ұлға күш, жігер, батылдық және қайсарлық мағынасындағы
сөздер, қызға әдемілік, сұлулық, нәзіктікті білдіретін сөздерден жасалған
есімдер қойған. Бұған қоса, тек әйел, не ер антропонимдерінде қолданылатын
ұлттық бірліктер бар [133, c. 64].
45
Б.А. Старостин қазақ тіліне араб тілінен енген есімдер арқылы тек
категориясының пайда болғандығын айтады: «Арабские имена женского рода
(Амина, Закия, Парида, Рашида, Салиха и др.) впервые внесли категорию рода
в казахский язык» [134, с. 285].
Демек ер мен әйел антропонимдерінің лексикалық жүйесінен гендерлік
айырмашылықты байқауға болады. Ер антропонимдері аңдарға, құстарға
байланысты атаулардан болса, ал әйел антропонимдері өсімдік, мата
атауларынан қойылған.
Т. Жанұзақов өз еңбегінде «Қымбат бағалы металл мен сапасы жоғары
маталар, алуан түрлі тастар атауларынан қойылған есімдер тек әйелдерге
берілетін» деп атап өтеді [13, 59 б.].
Қазақ және түрік тілдеріндегі қымбат металл мен асылтас атауларынан
жасалған ер және әйел антропонимдерінің айырмашылығын М.М. Бигелдиева
былайша көрсетеді: «Қымбат металл мен асылтас атауларынан жасалған
есімдер де өзара бөлінеді. Әшекей жасауда қолданылатын металлдар мен
асылтас атауларынан жасалған есімдер әрдайым қыз балаға беріледі. Мысалы:
Алтын, Алтынгүл, Күміс, Меруерт, Маржан, Гауһар, Gümüş, Altun, Zümrüt,
İnci, Yeşim. Мұндай есімдерді берудегі басты уәж – қыз баланың әдемі, сыпайы,
тәрбиелі, нәзік болуын тілеу. Ал мықтылықты, қаттылықты білдіретін металл
мен асылтас атауларынан жасалған есімдер сәйкесінше тек ер балаларға
қойылған. Мысалы: Алмас, Болат, Құрыш, Polat, Çelik, Demir. Мұндағы басты
уәж ер баланың бекем, мықты, жігерлі, күшті болуын қалауы» [85, 74 б.].
Телқожа Жанұзақов «Очерк казахской ономастики» (1982) [135] еңбегінде
В.А. Никоновтың ғылыми негізделген семантикалық топтастыруына [20]
сүйене
отырып,
зерттеу
жұмыстарын
толықтыра
келе
қазақ
антропонимиясының лексикалық және семантикалық жүйесін жасады:
1) имена описательные (дескриптивы);
2) имена-пожелания (дезидеративы);
3) имена-посвящение (меморативы);
Өз тарапынан Т. Жанұзақов антропонимдердің семантикалық тобына тағы
бір топты қосады:
4) имена культурно-исторические (cоциальные) [135, с. 23-26].
Біздің тарапымыздан жоғарыда аталған семантикалық топтастыруға
заманауи қазақ есімдері тобы қосылды.
Қазақ антропонимиясында нәрестенің сипатына қарай берілетін есімдер
(дескриптивтер) баланың физиологиялық ерекшелігі, туған жері мен туылған
күні, отбасында сәбидің нешінші бала болып өмірге келуі, ата-ананың тілегі,
қуаныш сезімі, баланың жарық дүние есігін ашқанда орын алған түрлі
оқиғаларды сипаттайды. Тілек есімдер (дезидеративтер) ата-ананың сәбиіне
ұзақ өмір, бақыт, байлық, батырлық, батылдық, сұлулық, нәзіктік, сыпайылық,
мәдениеттілік, ақылдылық, даналық секілді жақсы қасиеттерді тілеу ниетінен
туындаған. Бұл топқа келесі сәбидің ұл болуын тілеген есімдер, сәбидің
дүниеге келгендегі ата-ананың арман-тілегінің орындалғанын білдіретін
есімдер де жатады. Құрмет есімдері (меморативтер) тарихи тұлғалардың,
46
халық қаһармандарының, танымал адамдардың құрметіне, қайтыс болған ата-
бабасының, туған-туысының құрметіне қойылады. Мәдени-тарихи есімдер
( әлеуметтік) есімдер пұтқа табынушылықты сипаттайтын (языческие имена),
тотемдік, діни, табуға қатысты және неологизм есімдерді қамтиды.
Аталған бөлімде 1980, 1990, 2000, 2010, 2018 жылдары дүниеге келген
нәрестелердің аты-жөні тіркелген – 43 027 туу туралы акт жазбасы негізінде
кісі есімдері мен тектеріне лексика-семантикалық, құрылымдық-cөзжасамдық,
тілдік қатысымдылығына қатысты талдау жасалады.
2.1.1 Қазақ кісі есімдерінің лексика-семантикалық топтары
Достарыңызбен бөлісу: |