Арнау мәнді немесе құрмет есімдер (меморативтер) – тарихи
тұлғалардың, халық қаһармандарының, танымал адамдардың құрметіне, қайтыс
болған ата-бабасының, туған-туысының құрметіне қойылатын есімдер. Әлеуметтік лингвистика – тілдің әлеуметтік табиғатын, қоғамдық
қызметін, қоғам өміріндегі рөлін және оның дамуына әсер ететін факторлар мен
оларды реттеу тетіктерін т.б. кең көлемдік проблемаларды кешенді түрде
зерттейтін ғылым саласы. Бүркеншік ат – шын есімнен бөлек, ойдан шығарылған, есім мен тектің
орнына жүретін ойдан шығар ылған атау. Гендер (ағыл. gender – тек (род), жыныс) – әлеуметтік жынысты
биологиялық жыныстан айыру үшін қолданылатын термин. Ол биологиялық
жыныс пен әлеуметтік-мәдени жыныстың (еркектік, әйелдік белгілерінің
рөлдер
бөлінісі,
мәдени
дәстүрлер,
биліктік
қатынастар
арқылы
тұжырымдалуы) шекарасын бөліп көрсету мақсатында енгізілді.