Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет86/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Өзегіне  жуық  аймағы:  «ару»,  «ана»,  «бике», 
«бибі», «ханша», «ханым», «патша» апеллятивтері, 
ұл  және  жаңыл  сөздерінен,  екі  есімнен  бірігіп 
жасалған антропонимдер 
Шеткері  кеңістік: 
күнтізбелік  есімдер,  батыстық 
үлгідегі есімдер 
Өзегі: «сұлулық» ұғымын білдіретін 
антропонимдер, араб тілінен енген есімдер 


130
 
 
Кербез,  Керімай,  Қорлан,  Ләтипа,  Мейірім,  Рахима,  Рәзия,  Сәнді,  Сәнім
СымбатТаңсұлуШырайлымІзет.  
«Араб  тілінен  енген  есімдер»  соңғы  жылдары  Ислам  дінінің  дамуы 
ықпалынан, діни тұрғыда ойлаумен байланысты кеңінен қолданысқа ие болып 
отыр. Мысалы: АйшанұрӘл-МәруаӘлфияӘминаӘмираДінзухраЖәннат
Зәмзәм,  Кәусар,  Құран,  Мәдина,  Мүслима,  Низатель,  Нұрәлима,  Нұрила
Нұрикамал,  Нұриман,  Нұрфатима,  Нұрхадия,  Раяна,  Румейса,  Рухаят
СағадатСафиянұрСәлсәбілСеманұрФирдаусХадишаХайырнисаХанифа
УәсилаЯсина
Заманауи  қазақ  антропонимиялық  кеңістігі  өзегіне  жуық  (околоядерное) 
аймақтағы 
антропонимдерге 
гендерлік 
айырмашылықты 
сипаттайтын 
сөздерден  жасалған,  яғни  «ару»,  «ана»,  «бике»,  «бибі»,  «ханша»,  «ханым», 
«патша»  апеллятивтерінен  жасалған  есімдер  жатады.  Бұл  топтағы 
антропинимдердің уәжі  Отанасы,  еланасы болсын деген  тілекпен анықталады. 
Мысалы:  Айару,  Айбике,  Айбибі,  Айғаным,  Аруана,  Арухан,  Байбике,  Гүлбибі
Гүлханым,  Гүлімхан,  Елана,  Нұрғаным,  Оразбибі,  Патшайым,  Сұлубике
Сүйінбике,  Тәттіару,  Ханжан,  Ханиза,  Ханшайым,  Ханыкей  (ханның  әйелі), 
Ырысбике.  Сонымен  бірге  отбасында  ұл  баланың  өмірге  келуін  қалаумен 
байланысты  «ұл»  және  «жаңылу»  сөздері  арқылы  жасалған  әйел 
антропонимдері  қазіргі  уақытта  та  қолданыста  екендігі  анықталды.  Мысалы: 
Жаңыл,  Жаңылған,  Жаңылсын,  Ұлай,  Ұлана,  Ұлбану,  Ұлбөбек,  Ұлбөпе,  Ұлдай
Ұлдықыз,  Ұлқыз,  Ұлбике,  Ұлдария,  Ұлжалғас,  Ұлжан,  Ұлжарқын,  Ұлжібек
Ұлзада,  Ұлзира,  Ұлина,  Ұлнара,  Ұлсана,  Ұлсая,  Ұлсерік,  Ұлту,  Ұлтуар,  Ұлшат
ҰлымҰлыш.  
Бұл  топқа  «екі  есімнен  бірігіп  жасалған  антропонимдер»  де  жатады. 
Соңғы  жылдары  «екі  есімнен  бірігіп  жасалған  есім  беру  үрдісі  кеңінен  өріс 
алып  отырғандығы  тілдік  деректерді  саралау  барысында  айқындалды.  Екі 
есімнен  бірігіп  жасалған  әйел  антропонимдері:  Айшагүлден,  Аруаққу
Асылажар,  Асылайым,  Асыл-Дара,  Бибіжамал,  Бибіфатима,  Бибімәриям
ДанеркемМұнтаз МақалСафиябегімТомирисясминХанна ОкоуеІнжуару.  
Заманауи  қазақ  әйел  антропонимиясы  шеткері  кеңістігінде  орналасқан 
есімдерге  тілдік  санадан  ұмыт  болып,  қолданыстан  шыққан,  яғни  архаизм 
есмдерге  айналып  бара жатқан күнтізбелік  есімдер  (күн,  апта,  ай, жыл мезгілі 
атауларынан  жасалған)  енеді.  Мысалы:  Жұмабике,  Көктемгүл,  Маусымжан
Наурызгүл,  Сәуіржамал.  Сонымен  бірге  батыстық  үлгідегі  есімдер  осы  топқа 
кіреді: АрмидаАртемидаАнгеликаДеяЛеянСабризаЭльзаЭмилия
Талдау  нәтижесі  көрсеткендей  қазіргі  қазақ  антропонимиясы  араб 
өркениетінің  ықпалымен  араб  тіліндегі  жаңа  есімдер  қатарымен  толығып, 
заманауи қазақ антропонимиясы кеңістігінің өзегінен орын алып отыр.  
Кісі  тегін  өрістік  тәсіл  бойынша  талдау.  Заманауи  қазақ  кісі  тектерін 
өрістік тәсіл бойынша талдау нәтижесінде антропонимиялық кеңістік өзегінде, 
өзегіне жуық және шеткері аймақта орналасқан кісі тектер айқындалды. Талдау 
нәтижесі суретте (сурет 18) берілді.  


131
 
 
 Заманауи  қазақ  антропонимиялық  кеңістігінің  өзегі  ретінде  анықталған 
кісі  тектеріне:  «хан,  бай,  бек  сынды  әлеуметтік  детерминативтер,  ақын,  құл 
және  тай  антропокомпонетері  мен  араб  тіліндегі  ғали  (әлі,  алы,  қали),  қажы
қазы 
антропокомпонеттері 
арқылы 
жасалған 
біріккен 
тұлғалы 
антропонимдерді»  жатқызамыз.  Мысалы:  Абызбай,  Әлімқұл,  Баймұхамбет
Дүйсенғазин,  Жұманалы,  Заманхан,  Қабылтай,  Қажымұрат,  Қажығали
Қанжархан,  Құсайынғазы,  Молдақын,  Мырзатай,  Нұрғазы,  Ордабай
ПердебайРахманқұлСапарғалиСерікқазыСұлтанғалиТемірәліТұрдақын
 
 
 
 
Сурет 18 – Заманауи қазақ кісі тектерінің өрістік кеңістігі 
 
Ж.А. Манкеева  өз  еңбегінде  халықтардың  ат  қоюы  немесе  таңбаны 
таңдауы  өзіндік  тұрмыс  салтының,  әдет-ғұрпының,  көзқарастарының, 
дүниетанымының  әсерінен  болады  деп  түсіндіреді  [173,  147  б.].  Қазақ 
халқының негізгі кәсібі болып саналатын, көшпенді өмір салты мен мәдениетін 
сипаттайтын  мал  шаруашылығымен,  оның  ішінде  төрт-түліктің  жас 
ерекшеліктеріне  қатысты  атаулардан  жасалған  кісі  тектері  антропонимиялық 
кеңістіктің  өзегіне  жуық  (околоядерное)  аймақты  құрайды.  Мысалы:  Баспақ
БотабайЖылқыбаевҚозыбайҚойлығараҚойбағарҚойшыбайҚойшыман
Қошқарбек,  Малдыбай,  Марқа,  Серкебай,  Тайлыбай,  Тайлақ,  т.б.  Бұған  қоса, 
қазақ халқының төрт-түлікке шұрайлы жайылым табу мақсатында жылдың төрт 
мезгіліндегі  көшпенді  өмір  салтын  сипаттайтын  атаулардан,  мал  басының 
санына  байланысты  атаулардан,  құрал-сайман  атауларынан  жасалған 
антропонимдер де  заманауи  қазақ  антропонимиялық  кеңістігінің өзегіне жуық 
(околоядерное)  аймақта  орналасқан.  Мысалы:  Жайлаубаев,  Қыстаубаев
ҚамшыбекОтархан, Табынбай, т.б. Сонымен бірге бұл топқа тарихи оқиғалар, 
әлеуметтік-саяси жағдайларден мәлімет беретін антропонимдер жатады: Армия
Герой,  Докторхан,  Зауытбек,  Кеңесқали,  Мәжіліс,  Мэлсбек,  Октябрь
Өндірісбек,  Пунктбай,  Сайлау,  Сайлаубек,  Советхан,  Советқали,  Совхозбек
СоциалСъезд, т.б. 
Табиғат  құбылыстарына  қатысты  атаулардан  жасалған  есімдер  мен 
күнтізбелік  есімдерден  жасалған  кісі  тектері  шеткері  кеңістікке  ығысып, 
архаизм  есімдерге  немесе  историзм  есімдерге  айналып  барады.  Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет