Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет75/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Ер  антропонимиясы.  Зерттеу  нәтижесі  бойынша  Қазақстанның  барлық 
аймақтары бойынша ер аты-жөнінің рәсімделуінде 8 нұсқа кездесті: 


102
 
 
1) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Оспанов  Ерасыл  Кайратович  (-ов/-ев/-ин  + 
есімі  +  -евич/-ович),  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  жасалған  үш  мүшелі 
аты-жөні; 
2) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Қажыкенов Ерсұлтан Алтайұлы (-ов/-ев/-ин + 
есімі  +  -ұлы),  тегі  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  жасалып,  әке  атына  ұлы 
сөзі бірге қосылып жазылған үш мүшелі аты-жөні;  
3)  тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Әбілтан  Еркебұлан  Пернебекұлы  (тегі 
аффикссіз  +  есімі  +  -ұлы),  тегі  аффикссіз  жасалып,  әке  атына  ұлы  сөзі  бірге 
қосылып жазылған үш мүшелі аты-жөні;  
4) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Балуанияз  Алмас  Абатович  (тегі  аффикссіз  + 
есімі  +  -евич/-ович)  тегі  аффикссіз  жасалып,  әке  атына  орыс  тіліндегі  -евич/-
ович аффикстері жалғанған үш мүшелі аты-жөні;  
5) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Абдул Башир Хаһим, тегі аффикссіз + есімі + -
ұлы), тегі мен әке аты аффикссіз жасалған үш мүшелі аты-жөні;  
6) тегі,  есімі  (ТЕ)  –  Абаев  Диас  (-ов/-ев/-ин  +  есімі)  тегі  орыс  тіліндегі 
аффикс арқылы жасалған екі мүшелі аты-жөні;  
7) тегі,  есімі  (ТЕ)  –  Cәрсенбек  Қастер  (тегі  аффикссіз  +  есімі)  тегі 
аффикссіз жасалған екі мүшелі аты-жөні; 
8) әкесі,  есімі  (ӘЕ)  –  Нұрғазыұлы  Нұрсейіт  (-ұлы  +  есімі),  әке  атына  ұлы 
сөзі жалғанып жасалған екі мүшелі аты-жөні;  
Ер аты-жөні нұсқаларының пайыздық және сандық үлесі кестеде (кесте 16) 
берілді. 
 
Кесте 16 – 2017 жылғы білім гранты иегерлері арасында ер аты-жөні нұсқалары 
 
№  Ер аты-жөні нұсқалары (2017 ж. білім гранты 
иегерлері ) 
Саны 
Пайыздық 
көрсеткіші % 





ТЕӘ (-ов/-ев /-ин + есімі + -ович/евич)  
2268 
20,88 % 

ТЕӘ (-ов/-ев /-ин + есімі + -ұлы)  
3415 
31,45 % 

ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ұлы)  
4436 
40,85 % 

ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ович/евич)  

0,05 % 

ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + әке аты) 

0,092 % 

ТЕ (-ов/-ев /-ин + есімі)  
41 
0,38% 

ТЕ (тегі аффикссіз + есімі) 
430 
3,96% 

ӘЕ (-ұлы + есімі) 
264 
2,43% 
Барлығы: 10860 
 
 
Ер  аты-жөні  нұсқалары  арасында  ең  көп  қолданыс  тапқан  ұлты  қазақ 
азаматтар  үшін  аты-жөнінің  ұлттық  нұсқасы  ретінде  ұсынылған  «тегі,  есімі, 
әкесі» нұсқасы – 40,85 %-ды құрады. Рәсімделуі бойынша екінші сатыда 31,45 
%-дық  көрсеткішпен  –  ТЕӘ  (-ов/-ев  /-ин  +  есімі  +  -ұлы)  аты-жөні  нұсқасы 
болған.  Үшінші  сатыда  ТЕӘ  (-ов/-ев/-ин  +  есімі  +  -ович/-евич)  орыс  тіліндегі 
аффикстер арқылы жасалған үш мүшелі аты-жөні нұсқасы – 20,88 %.  


103
 
 
Жиі таңдалған ер есімдері. 2017 жылғы білім гранты иегерлері арасында 
ең жиі таңдалған 10 ер есімі кестеде (кесте 17) берілді.  
 
Кесте 17 – 2017 жыл білім гранты иегерлері арасында жиі таңдалған ер есімдері 
 
№ 
Ер есімдері (2017 ж. білім гранты иегерлері) 
Саны 




Әлішер 
167 

Әділет 
144 

Азамат 
142 

Данияр 
136 

Темірлан, Тимур 
132 

Диас  
130 

Нұрсұлтан 
126 

Нұржан 
105 

Нұрдәулет  
103 
10 
Еркебұлан 
100 
 
 
Қазақстанның  барлық  аймақтары  бойынша  ең  жиі  таңдалған  ер  есімдері: 
Әлішер  –  167  рет,  Әділет  –  144  рет,  Азамат  –  142  рет,  Данияр  –  136  рет, 
Темірлан  (Тимур)  –  132  рет  кездесті.  Жиі  таңдалған  он  есім  арасында  нұр 
антропокомпоненті арқылы жасалған НұрсұлтанНұржанНұрдәулет есімдері 
назар аудартады. Қазақстанның барлық аймақтары бойынша таңдаулы есімдер 
арасында  Нұрсұлтан  есімінің  уәжі  Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаевтың  құрметіне 
берілуімен түсіндіріледі. 
2017  жылы  ҚР  білім  гранты  иегерлері  арасында  жиі  қойылған  ер 
есімдерінің  (2000  жылы  Алматы  қаласы  бойынша  жиі  берілген  есімдермен 
сәйкес келмейтін) шығу тегі, жасалу жолдары мен мән-мағынасы төмендегідей: 
Әділет, ар. ғадил – әділдік, шыншылдық, ақиқаттық [136, 31 б.]. 
Нұрсұлтан, ар. – әрлі, нұрлы сұлтан [136, 103 б.]; 
Нұржан, ар. нұр + ир. жан, яғни жан біткеннің нұрлысы, әдемісі, көріктісі 
[136, 101-102 бб.]; 
Нұрдәулет,  ар.  нұр  +  дәулет;  яғни  байлығы,  дәулеті,  сәулеті  жарасқан 
[136, 101 б.]; 
Еркебұлан, қаз. – бір үйдің әлпештеген аяулысы, ерке тотайы [136, 63 б.].  
Осы  тұрғыда  Қазақстанның  барлық  аймақтары  мен  Алматы  қаласы 
деректері негізінде 2000 жылы жиі қойылған ер антропонимдері бойынша бес 
есімнің  сәйкес  келгендігін  атап  өтуге  болады  (кесте  18).  Аталған  5 
антропонимге: ӘлішерАзаматДаниярТемірланДиас есімдері жатады.  
 
Кесте 18 – 2000 жылы Қазақстан аймақтары және Алматы қаласы бойынша жиі 
таңдалған ер есімдері 
 
№ 
Ер есімдері (2017 ж. білім 
Ер есімдері (2000 ж. Алматы қаласы) 


104
 
 
гранты иегерлері) 




Әлішер 
Темірлан, Тимур  

Әділет 
Әлішер  

Азамат 
Санжар  

Данияр 
Данияр 

Темірлан 
Арман 

Диас  
Диас  

Нұрсұлтан 
Ілияс  

Нұржан 
Азамат 

Нұрдәулет  
Дінмұхамбет  
10 
Еркебұлан 
Дәулет  
 
Кестеде көрсетілгендей, Данияр және Диас есімдері Қазақстанның барлық 
аймақтарында және Алматы қаласы бойынша жиі таңдалған есімдер арасында 
бірдей орындарда орналасуы назарды аудартады.  
Сирек  ер  есімдері. Қазақстан  аймақтары  бойынша  келесі сирек  таңдалған 
ер  есімдері  анықталды:  Ақсауыт,  Астана,  Аязби,  Әбиірбек,  Белес,  Бірлік
Ғаламат,  Ғасыржан,  Ғұмырбек,  Дидахмет,  Жанмарал,  Жансырым
Жанымхан,  Жәйберген,  Қастер,  Қолжігіт,  Қосжан,  Қосдәулет,  Майқыби
Мәртебе,  Молшылық,  Мыңжан,  Ниет,  Нөсер,  Сүннәтіллә,  Тулаған,  Түлек
Өжет,  Өзтүрік,  Өткір,  Ұланғайыр,  Хазіретәлі,  Харунрашид,  Шешен
Ынтымақ. Аталған сирек есімдер арасында Ғасыржан антропонимі нәрестенің 
жаңа ғасырда туылғаны жайлы нақты мәлімет береді. Сонымен бірге Майқыби
Өзтүрік сынды құрмет есімдері де еркеше назар аудартады. 
Тілдік  қатысымдылығы.  2017  жылғы  білім  гранты  иегерлері  арасында  ер 
антропонимдерінің жалпы саны – 1235. Ұлттық тіліміздегі және өзге тілдерден 
енген есімдердің пайыздық үлесін анықтау мақсатында тілдік қатысымдылығы 
айқындалды. Талдау нәтижесі төменде суретте (сурет 7) берілді. 
Суретте  көрсетілгендей,  саны  жағынан  қазақ  тіліндегі  есімдер  –  42,27  %-
бен басымдық көрсетті.  
Екінші  сатыда  гибридті  есімдер  –  26,23  %-ды  құраса,  келесі  сатыда  араб 
тілінен енген есімдер – 24,70 %-ды құрады. 
Өзге  шет  тілдерден  енген  есімдердің  сандық  және  пайыздық  көрсеткіші 
төмендегідей: евр. – 13 (АдамДәуітЖақып, т.б. – 1,05 %), герм. – 6 (Бернард
Рауль,  Эдуард,  т.б.  –  0,49  %),  слав.  –  6  (Богдан,  Радмир  –  0,49  %),  монғ.  –  5 
(Алтай,  Жамбыл,  Құралбек,  т.б.  –  0,40  %),  лат.  –  4  (Алан,  Армат,  Марс, 
Марсель – 0,32 %), гр. – 2 (АрсенДенис – 0,16 %), фр. – 1 (Марат – 0,08 %), 
кельт – 1 (Артур – 0,08 %), исп. – 1 (Диас – 0,08 %). 
 


105
 
 
 
Сурет 7 – 2017 жылғы білім гранты иегерлері бойынша ер антропонимдерінің 
тілдік қатысымдылығы 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет