Әлихан Бөкейханның



бет2/3
Дата07.06.2023
өлшемі74,96 Kb.
#99563
1   2   3
Темірбек Жүргенов ССРО Жоғарғы Советіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылатын 1937 жылдың 3 тамызында «халық жауы» деген жалған айыппен ұсталған. РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. ССРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының 1957 жылы 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып толық ақталған.
Халел Досмұхамедов 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып, әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ ССР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды.
1938 жылы екінші рет қамалғанда шиеттей бала-шағасына: «Енді мені күтпеңдер. Елге көшіңдер», – деп тіл қатып, соңғы сөзін айтып үлгереді…
1937 жылдың тамызынан 1938 жылдың 25 ақпанына дейін НКВД түрмесінде отырған Санжар Асфендияровтың соңғы сөзін білу мүмкін емес. Осындай пікірді әйгілі қайраткер өмірін зерттеуші ғалымдар бекітіп отыр.
Әйгілі қайраткердің жұбайы Рабиға да ҚарЛАГ-та 5 жыл айдауда болды. Өзі 1958 жылы 26 мамырда ақталды.
Нәзір Төреқұловты 1937 жылдың 17 шілдесінде НКВД жендеттері тұтқындады. Осы жылдың қараша айында ССРО Жоғарғы сотының әскери алқасы түрікшілдікті насихаттады және «халық жауы» деп айыптап, ең жоғарғы үкім – ату жазасына кесті.
1958 жылы 28 қаңтарда ССРО Жоғарғы сотының шешімімен ақталды.
1929 жылы басталған советтік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жалған жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін Жүсіпбек Аймауытовқа 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.
«Маған тағылған кінәмен таныстым. Өзімді айыптымын деп санамаймын». Бұл Аймауытов қаламынан туған соңғы сөздер еді.
Сәкен Сейфуллин нақақ жаламен 1937 жылдың 24 қыркүйегі күні қамауға алынған. 1938 жылы «ұлтшыл буржуа» деген айыппен тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматы НКВД-сының қабырғасында атылды. Кейін Сталин қайтыс болған кейін 1953 жылы ақталған.
Сұңқар Сәкен: «Ешқандай қылмыс жасаған емеспін. Алдын ала жүргізілген тергеуде айтылғандарды растамаймын», – десе де, ажал құрығынан құтыла алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет