Әлихан Бөкейханның



бет3/3
Дата07.06.2023
өлшемі74,96 Kb.
#99563
1   2   3
Байланысты:
алаш арыстары кыскаша

Ілияс Жансүгіров 1937 жылы 5 тамыз күні репрессия жендеттерінің кесірінен қамауға алынып, 1938 жылы 26, ақпан күні ату жазасына кесіледі. 1957 жылы 12 сәуірде толық ақталып, туған халқымен қауышады.
Ақынның соңғы кезде қалай және қайде жерде ұсталғанын, оны ұстап әкеткен адамдар жайлы оның ұлы Саят «Азаттық» радиосының тілшісі Өміржан Әбдіхалықұлына берген сұхбатында былай дейді: «Әкем ол уақытта Жазушылар одағын (1937) басқарған. Қазақтың салтымен жаз шыға таудың бөктерінде киіз үй тігіп, сонда дем алады екен. Сол жақтан ұстап әкеткен. Қаладағы үйін тінтіп, құжаттарын, шығармаларын алып кеткен. Кейбір шығармаларының қайда екені әлі күнге белгісіз».
Бейімбет Майлин 1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның кесірінен 1938 жылдың 25, ақпанында сұраусыз атылды. Бейімбеттің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеген Тоқтар Бейісқұловтың көрсетуінше, әйгілі жазушыны айыптайтын сот отырысы 26 ақпанда 12.30-да басталып, 12.45-те аяқталған. Ұлттық әдебиеттің классигін өмірін жалғыз оққа байлаған үш адам-ақ шешіміне не-бары 15 минут уақыт кеткен.
Құдайберген Жұбанов атышулы 58-баптың 2, 8, 9, және 11-тармақтары бойынша айыпталған. Ең алдымен бірінші бап (58-2) бойынша «жапон жансызы» ретінде кінә таққан. Ондағысы ғалымның жапон тіліне қызығушылығынан бөлек, 10-нан астам тілді білетіндігі себеп. Алайда 58-8 бап (террорлық) айыпталып, өлім жазасына кесілген үкім шығарылды. 1938 жылдың 25 ақпанында атылған. 1957 жылы 3 қазанда ССРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының шешімімен ақталды
Шахзада Шонанова – сталиндік репрессия жылдарында атылған жалғыз қазақ қызы. Төре тұқымынан және Бақытжан Қаратаевтың туысы болуы себепті, кейін көрнекті мұғалім Телжан Шонановқа тұрмысқа шығуына байланысты өмірі ауыр жағдайда өтті. 1931 жылы Алматы медициналық институтына түсіп, алайда қатаң бақылауда болып, үздіксіз аңду мен қудалаудың астында болған ол 1933 жылы ақыры оқуды тастады. 1937 жылы қисынсыз жала жабылып, «халық жауы» атанған Шонанова саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.
Алаштың арыстай азаматтарына қарсы ұйымдастырылған ОГПУ мен НКВД репрессиясы екі кезеңнен тұрады дейді зерттеушілер. Бұл қуғын-сүргіннің ақыры жаппай соттаудан бөлек жаппай атуға ұласты. 1928-1932 жылдардағы алғашқы сүргіндеу барысында 47 адам тергеліп, 1930 жылғы 4 сәуірдегі сот үкімімен 35 адамға түрлі жаза қолданған. Ахмет Байтұрсынов бастаған 10 адамның атуға бұйырылып, кейін онысы 10 жылдық түрмеге ауыстырылатыны осы кез. Ал 1932 жылғы екінші сот үкімінің Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов бастаған ұлы қайраткерлер тобы 5 жылдың мерзімге Воронежге еріксіз айдалды.
Тұтастай алып қарағанда, 1937-1938 жылғы қанқұйлы сталиндік репрессиядан ешкім де аман қалмаған («Алашорда» кітабының «Абақты жолы» бөлімі).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет