91
ойлау бойынша емтихан үлгісі университеттің сайтында
орналасқан. Емтиханның ұзақтығы: 60 минут. Бір сағат
ішінде үміткерлер ағылшын тілінде екі мәтінді талдап
(жалпы алғанда 30 ұпай болатын),
мәтін бойынша
сұрақтарға жазбаша түрде жауап берулері қажет.
Мәтіндердің танымал тақырыптары: ғылым, саясаттану
және экономика. Қысқартылған түрдегі осыған ұқсас
мәтіндерді қарастырып, осы кітаптағы өзіміз өткен
тақырыптарға сүйене отырып
сұрақтарға жауап беріп
көрейік:
Мәтін 1
1.
Х елдерінің үкіметі күйзеліспен байланысты
аурулардың санын азайтуға қатысты өз шешімдерін
жария етті.
2. Жақында Х еліндегі 10 000 «ақ жағалыларға»
жүргізілген зерттеулер өз жұмысына деген бақылау
әлдеқайда жоғары деңгейдегі ер адамдарда күйзеліс
арқылы болатын жүрек аурулары жиілігі төмен
болатындығын көрсеткен.
3. Сондықтан да ең күйзеліске көп ұшырайтын жұмыс
орны ретінде жұмыскерлерге өз қызметтерін
ұйымдастыруда аз бақылау жасауға мүмкіндік
беретін орындар болып табылады.
4.
Осыған сәйкес, егерде үкімет күйзелістен болатын
аурулардың азаюына расымен қызығушылық
танытса, онда өз қызметкерлеріне жұмыстарына
көп бақылау жасауға мүмкіндік беретін жұмыс
берушілерді қолдаулары қажет.
Бұл мәтін өте қарапайым тәрізді. Бүкіл аргумент төрт
сөйлемнен тұрады. Бірінші сөйлем үкіметтің мақсатын
92
баяндайды. Екінші сөйлем жұмысқа бақылау жасау дәрежесі
мен пайда болуы мүмкін жүрек аурулары арасындағы
мүмкін болатын корреляция
жайлы айғақтайтын зерттеу
нәтижелерін хабарлайды. Үшінші сөйлем екінші сөйлемге
негізделген аралық қорытындыны қамтиды. Төртінші
сөйлем негізгі қорытындының қызметін атқарады. Бұл
құрылымдарды біле отырып, біз келесі сұрақтарға жылдам
жауап бере аламыз:
Достарыңызбен бөлісу: