Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


А сәлемдемесі  бейнебір  Б



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
Критикалық ойлау негіздері

А
сәлемдемесі 
бейнебір 
Б
салдарын алып келетін болса, онда бұл салдарды 
(яғни «
Б
емес») жоққа шығару 
А 
сәлемдемесін де (яғни «
А
емес») жоққа шығарады.


83
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
А. Үшінші тараудың бірінші бөлімі бойынша жаттығулар. 
Ұстаздарыңызбен, достарыңызбен келесі әдет-ғұрып, 
дәстүр және әдетте кездесіп қалуы мүмкін болатын 
себептерді талқылаңыз:
1. «Жеті ата»:
Бұл ұстаным неліктен үлкен маңызға 
ие болды? Бұл дәстүрден қандай практикалық 
артықшылықты көріп тұрсыз? Қандай кемшіліктері 
бар? Көмек: «Адат» — дәстүрі жеті атаға дейінгі бір ру 
өкілдерінің немесе бір аймақта араларын өзен бөліп 
жатпаса олардың өзара некеге тұруына тиым салу.
2. Рулық зираттар салу: 
Неліктен рулық зираттар салу 
қажеттілігі туды? Бұл дәстүрден қандай прктикалық 
артықшылықты көріп тұрсыз? Қандай кемшіліктері 
бар? 
3. Қонақжайлылық: 
Неліктен 
қазақтар 
үшін 
қонақжайлылықтың орны бөлек? Бұл дәстүрден 
дала өмірі жағдайындағы қандай практикалық 
артықшылықты көріп тұрсыз? Бүгінгі заманда қандай 
кемшіліктері бар?
4. «Кешке қарай тырнақ алуға болмайды!»:
Неге? Біздің 
жағдайымызда бұл әлі күшінде ме? 
5. «Есіктің жақтауына сүйенуге болмайды!»: 
Неге? 
Біздің жағдайымызда бұл әлі күшінде ме? 
Б. «Авторитеттерден» болатын аргументтер бойынша 
жаттығулар. Келесі аргументтердегі себептер мен 
қорытындыларды анықтаңыз. Аргументтердің негіздеме-


84
лерін бағалаңыз. Әлсіз аргументтерді қалай нығайтуға 
болады? 
1. Біз Сұлтанды жұмысқа алуымыз қажет. Оның ағасы: 
«Сұлтан – сенімді адам және өзіне берілген жұмысты 
үнемі орындайды»-деп отыр. 
2. Айша Х сусабынын сатып алғысы келеді. Себебі, 
теледидардан танымал чемпионның дәл осы сусабынды 
ұсынып жатқанын көрсеткен.
3. Ерн
ұ
р айтқандай етіп жасайықшы. Қалай дегенмен де, 
сіздердің барлықтарыңыз оның АҚШ-та оқығандығын 
білесіздер ғой. 
4. Википедияда Абайдың туған күні 26-шы қаңтар деп 
жазады. Бірақ, біздің ұстазымыз оның басқа күнде 
туғандығын айтып отыр. Сонда, біздің ұстазымыз 
Абайдың қай күні туғандығын білмегендігі ме?
5. Дәрігерлер шылым шегуге түбегейлі қарсы. Ал, хирург 
болып жұмыс жасайтын менің ағам шылым шегеді! 
Сонда, дәрігерлер бізді алдайтын болып отыр ғой.
В. Себептер мен салдар жайлы аргументтер бойынша 
жаттығулар. Келесі аргументтердегі тұжырымдар мен 
қорытындыларды анықтаңыз. Аргументтің негіздемесін 
бағалаңыз. Әлсіз аргументтерді қалай нығайтуға болады? 
1. Сырт киіммен ұйықтайтын адамдардың 80% таңертең 
бастары ауырғандықтарын айтып шағымданады. Яғни, 
сырт киіммен ұйықтау бас ауруына әкеліп соғады. 
2. Мен «Шахтердың» ойынына баруым қажет. Мен бармай 
қалған жалғыз ойында олар жеңіліс тапқан болатын! 


85
3. Ол бала кезінде арбадан құлап кеткендіктен, қазірде 
сабағын нашар оқиды. 
4. Бе
шп
армақ жеуден адамдар толысады. Мен оны жақсы 
білемін. Себебі, Бәке үнемі бе
шп
армақ жейді және ол 
расымен семіз. 
5. Жақындағы зерттеулер арақ ішетін адамдар сырадан 
бастағандығын көрсетіп отыр. Яғни, қазіргі кезде сыра 
ішетін Асылбек күн өте келе арақ ішеді деген сөз.
Г. Жалпыландырылған аргументтер бойынша жаттығу-
лар. Ой бекітілім түрін анықтаңыз: индуктивті немесе 
дедуктивті? 
1. Американдықтардың барлығы ағылшын тілін жақсы 
біледі. Рогстад – американдық. Ол ағылшын тілін жақсы 
білуі қажет.
2. Самалдың барлық әпкелері спортпен айналысатын 
болғандықтан, жақын арада ол да спортпен шұғылдана 
бастайтын шығар. 
3. Асыл жұмысына тек қана №53 деген автобуспен 
барады. Асыл бұл автобуспен басқа еш жерге бармайды. 
Бүгін автобуста оны Баян көріп қалды. Осыған сәйкес, 
Асыл жұмысына бара жатқан еді. 
4. Ерсая мен 
Ә
рлен Достоевски
й
дің, Толстойдың және 
Буниннің барлық романдарын оқып шыққандықтан, 
олар Тургеневтің де романдарын оқитын болулары 
керек.
5. Күзет кезінде Игорь ұйықтайды немесе тамақ жейді. 
Қазір күзетте отыр. Бірақ Игорь ұйықтаған жоқ. Осыған 
сәйкес ол тамақ жеп жатыр.


86
Д. Басқа да «қауіпті» аргументтер бойынша жаттығулар. 
Келесі аргументтердегі себептер мен қорытындыларды 
анықтаңыз. Аргументтің негіздемесін бағалаңыз.
1. Сауда орталығында болған ұрлық күні әбден шаршаған 
күзетші – Асхат үйінде жалғыз қалды. Сондықтан да 
оның расымен үйінде болғандығын ешкім растай 
алмай отыр. Сонымен қатар, ол жұмыс жасайтын 
сауда орталығынан Асхаттың қол таңбаларын тапқан. 
Осының нәтижесінде сауда орталығының менеджменті 
Асхатты айыптап отыр.
2. Сіз маған дене шынықтыру пәні бойынша бестік 
қоюыңыз керек! Менің бұдан басқа сабақтарымның 
барлығы «үздік» болып келеді. Тек сіздің сабағыңыз 
ғана кедергі болып тұр. Менің жағдайымды түсінуге 
тырысыңызшы! 
3. Сен – нағыз патриотсың. Бүкіл ел өзіңе қарап отыр. 
Осыған байланысты, сен жұмысқа таңертең ертемен 
келіп, ал кешкісін өте кеш қайтуың қажет. 
4. Егерде сен Денди ойнасаң, онда сен 20-шы ғасырда 
туылғансың. Осыған сәйкес, егерде сен Денди 
ойнамасаң, онда сен 21-ші ғасырда дүниеге келгенсің.
5. Егерде Аргентина 2014 жылғы Әлем Чемпионатында 
жеңіске жетпесе менің ағам ешқашанда Буэнос-Айреске 
бара алмайды. Осыған сәйкес, егерде менің ағам Буэнос-
Айреске барып жатса, бұл Аргентина 2014 жылғы Әлем 
Чемпионатында жеңіске жетті дегенді білдіреді. 


87


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет