Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



Pdf көрінісі
бет50/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
РЕЗЮМЕ...
• 
Сіздің естіген және оқығаныңыздың көп бөлігі Сізге 
Бұқаралық ақпарат құралдары (немесе БАҚ, масс-
медиа деп атап кеткен) арқылы жетеді.
• 
БАҚ кей мағынасында қазылар алқасы іспеттес 
іс-әрекет атқарады. Барлық болып жатқан оқиғалар 
қатаң іріктеуден өтеді. Осының нәтижесінде БАҚ –тың 
белгілі бір талаптарына сәйкес келетін оқиғаларды 
ғана таңдап алады.
• 
Жаңалықтарға беруге арналған оқиғаларды таңдау 
кезінде журналистер мен редакторлар көбінесе көңіл 
көтеретін, әсерлі, таң қалдыратын, қорқынышты, 
әдеттегіден өзгеше, жаныңды баурап алатын 
дүниелерді таңдайды. 
• 
Жарнама (реклама) сөзі латын 
reclamare
сөзінен 
«айқайлау» дегенді білдіреді және екі негізгі мағынасы 
бар: 
1. бір нәрсені кең ауқымда танымал жасауға 
бағытталған, тұтынушылар мен сатып 
алушыларды өзіне тартуға арналған хабарландыру, 
хабарлама және басқа да іс-шаралар; 
2. танымалдылықты қалыптастыру мақсатында бір 
нәрсе, бір тұлға туралы мәліметтерді тарату. 
• 
Жарнама жасаушылар бізді кез-келген дүниеге 
сендіріп, сонымен қатар біздің критикалық ойлау 
қабілетімізді өшіру мақсатында қолданатын бірнеше 
жарнама айлалары бар. Оларға мыналар жатады:
1. Дабыл
2. Көңіл күйді білдіретін тіл


164
3. Құбылғы-сөздер
4. Үлкен және қара әріптер
5. Жағымды әсер қалдыру 
6. Жұлдыздарды тарту
7. Әзіл
8. Айрықша ұрандар
 


165
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
А. Өзін-өзі тексеруге және талқылауға арналған сұрақтар
1. «БАҚ-қа» анықтама беріңіз. БАҚ-қа не жатады?
2. Жаңалықтар қызметі үшін таңдалып алынған 
оқиғалардан кейін көбінесе қандай жаңалықтарды 
көрсетеді.
3. БАҚ-тың айласына түсіп қалмау үшін критикалық 
ойлаушы өзіне қандай сұрақтар қоюы қажет? 
4. «Жарнама» дегеніміз не? Жарнамамен байланысты 
көңілді сәттеріңізді атап көрсетіңіз? 
5. Теледидар, 
радио, 
басылымдардардан 
басқа 
жарнамаларды қай жерлерден кездестіруге болады?
6. Жарнама айлаларын тізіп көрсетіңіз. Осы айлалар 
қолданылатын 
әртүрлі 
жарнамалардан 
мысал 
келтіріңіз.
Келесі тапсырмалар (Б, В, Г) оқушылар мен 
студенттердің топтасып жұмыс жасауына арналған.
Б.
3 адамнан топқа бөлініп, бір күнде жарық көрген әртүрлі 
3 газетті (мысалы, Казахстанская правда, Новое поколение, 
Время) қарап шығыңыз (газетті сатып алсаңыз немесе 
онлайн қарауыңызға болады). Әрқайсыңызға бір газеттен 
бөліп беріңіз. Тапсырманың мақсаты үш газетте 
жарияланған жаңалықтарды іздеуден тұрады. Төмендегі 
сұрақтарға жауап бере отырып, топта мақалаларды 
салыстырыңыз: 
1. Бұл жаңалық газеттердің қайсысында көбірек 


166
берілгендігін, мақалаларды көлеміне қарай сараптаңыз. 
Алайда, ұзақ жазылған мақала нақты егжей-тегжелі 
жазылды дегенді білдірмейтінін есте сақтаңыз. Ол 
жерде тавтологияны көп қолдануға орай, құр сөз болуы 
әбден мүмкін. 
2. Мақалалардағы айырмашылықтарды тізбектеп шығу. 
Егерде мақала қажетті маңызды детальдарды атап 
көрсетпесе, оның оқырманға әсері қандай? Оқырман 
бұл жағдайда қандай сұрақтар қоюы керек? 
3. Қай газеттегі мақала осы оқиғаға алып келген 
жағдайдың өткен-кеткеніне сілтеме жасай отырып, 
оқиғаны кең ауқымда талқылаған? 
4. Бұл оқиғадан соң мүмкін болатын салдары жайлы қай 
газетте талқыланған?
5. Мақалалардың тақырыптарын салыстырыңыз. Әртүрлі 
тақырыптар сіздің пікіріңізге қалай әсер етті?
В. 
1. Бұл жаттығу кезінде сіздер жұптарға бөлінулеріңіз 
қажет. Сағатыңыздағы немесе қалта телефоныңыздағы 
сағаттың секундомерін қолданып, уақытты белгілеңіз.
Кезекпен 10 минут ішінде өзіңіз, балалық шағыңыз
жақындарыңыз, жетістіктеріңіз, болашаққа деген 
жоспарыңыз және т.б. жайлы айтып беріңіз. Бір-
біріңізді тыңдап отырған кезде кейбір нәрселерді түртіп 
жазып отырыңыз. Бірақта, айтқанның бәрін тізіп жазып 
шықпаңыз. Осыдан кейін әрқайсыңыз 20 секунд ішінде 
сынып үшін әңгімелесушіңіз үшін нені маңызды деп 
санайтындығын дауыстап оқып беріңіз. Уақытты өлшеп 
тұру үшін бір оқушыны тағайындаңыз.
2. Осы тапсырмадан соң, 20 секунд үшін таңдап алған
ақпаратты сараптамадан өткізіңіз. Бұл ақпарат Сіздің 


167
құндылықтарыңыз бен басымдықтарыңызды көрсете 
алады ма? Сіз оқу, спорттағы жетістіктерге, жанұяға, 
жоспарларға және т.б. жоғары дәрежеде әсерлене алған 
кездеріңіз болды ма? Бұл нені білдіруі мүмкін? 
3. Бұл тапсырмада Сіз журналист немесе корреспонденттің 
рөлін атқарғандығыңызды атап өту маңызды. 
Сіздің сөзіңізге бөлінген 20 секунд телеарна және 
радиоқабылдағыштағы жаңалықтарға берілген уақыт 
іспеттес. Осы тапсырма жөнінде қысқаша пікіріңізді, 
көзқарасыңыз бен әсеріңізді жазыңыз.
Г.
1. 4 адамнан топқа бөлініңіздер. Әрқайсыңызға бір 
телеарнадан (мысалы, Хабар, Қазақстан, КТК, 31 арна)
бөліп алыңыздар. Демалыс күндері бір сағат бойы кез-
келген бағдарламаны (жаңалықтар, ток-шоу, фильм, 
сериал) қарап шығыңыз. 
• 
Секундомерді қолдану арқылы жарнамаға қанша 
уақыт бөлінетіндігін есептеңіз.
• 
Бір сағат ішіндегі эфирлік сағатқа жарнаманың 
уақыттық арақатынасын есептеңіз. 
2. 1-2 жарнаманы келесі үлгі бойынша сараптамадан 
өткізіңіз.
• 
Жарнама кімге бағытталған? 
• 
Сіздің назарыңыз бен сеніміңіз үшін қандай айлалар
(уайым, көңіл күйге бағытталған сөздер, құбылғы-
сөздер, үлкен қара әріптер, жағымды әсерлер қалдыру, 
жұлдыздарды тарту, әзілдер, айрықша ұрандар) 
қолданылған?


168
Наным-
сенімдер, 
ырым 
және оғаш 
құбылыстар
7


169
Бұл бөлімде біз әртүрлі наным-сенімдер, ырымдар 
туралы, сонымен қатар қоғамымыздағы түсіндіруі қиын 
оғаш құбылыстар жайлы айтамыз. Негізсіз, күмәнді 
құбылыстарға сеніп қалмауға, қалай критикалық тұрғыдан 
ойланып қарау қажет екендігін түсіндіруге тырысамыз.
Бұл бөлімнің мақсаты оғаш құбылыстарға қатысты Сіздің 
көзқарасыңызды өзгерту емес, бұл құбылыстардың 
негізінде болатын кейбір құпиялар мен түсіндірмелерді 
ашуға тырысу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет