177
санның күңгірт күшіне сенетін болсаңыз, онда Сіз 13
санынан үнемі қауіптеніп жүретін шығарсыз. Көп жылдар
бойы, тіпті бүгінге дейін адамдар 13-саны жаман ырым
деп санап келген. Осыған байланысты кейбір елдердің
кіреберісінде 13-нөмерлі пәтерді табу мүмкін емес. Ал,
театрлар мен кинотеатрларда 13-ші қатар немесе 13-
ші орындық болмайды. Ер адамдар өзінің сүйіктісіне 13
талы бар раушан гүлін сыйламайды.
Бұл санға қатысты
осыншама мықты сенім қайдан пайда болды?
Бүгінде біз санаудың негізі ретінде ондық жүйені
қолтанатын болсақ, ежелгі римдіктер, қытайлықтар және
басқа халықтар 12 санын қолданған. Сонымен қатар 12
санын қосқандағы барлық сандар бүкіл түсінікті және
белгілі дегенді білдірген. Себебі, белгісіз дүниелермен
қорқынышты және қауіптілік байланысты болғандықтан
адамдар 13 саны сәтсіздік
алып келеді дегенге сене
бастаған.
7.2. Ырымдар мен қоғамдағы наным-сенімдердің
қысқаша сараптамасы
Төмендегі сұраққа тағы бір рет қысқаша жауап беруге
тырысайық: Неліктен адамдар ырымдарды ұстануларын
қоймайды? Оған әрине, көптеген жауаптар бар.
Солардың
біразы жоғарыда аталып өтті. Біріншіден, ырымшыл
адамдар көбінесе ырымның негізгі шығу тарихы жайлы
ойланбайды. Олардың әртүрлі
белгілерге, ырымдарға
деген қарым-қатынасы мынадай ой пікірге негізделеді:
«Белгілерге менің ата-анам, әжем мен атам сенеді. Менің
арғы ата-әжем де ырымшыл болған. Міне,
сондықтан да
мен де ырым мен білгілерге сенемін. Себебі, мен егерде
көп жылдардан бері жалғасып келе жатса бұл шындық
178
болуы керек деп ойлаймын». Алайда, критикалық ойлай
алмайтын адам келесі сұрақтарға жауап іздемейді:
«Менің арғы ата-әжелерім
қаншалықты ақиқатқа жақын
болған? Себебі, олардың да қателесулері мүмкін ғой?»,
«Ырымдайтын белгілер бүгінде әлі күшінде, қолданыста
ма? Немесе олардың «қолдану мерзімі» ертеректе
аяқталған ба?».
Екіншіден, көптеген адамдар егерде олар көп
жағдайлардың ішінде бір
рет қана дұрыс айтқан болса
да өз сенімдерін белгі күшіне бекітеді. Ал, егерде айна
сынғаннан соң келесі күні сіз бір сәтсіздікке ұшырап
Ертеректе көбінесе Ауыл шаруашылығы
күнінде колхоз,
совхоздарда кезекті жұмыс
күнінің аяқталуына орай, қазақтың ұлттық ойын
түрлері бойынша ат спорт жарысы өткізілетін.
Олар: бәйге, көкпар, қыз қуу және т.б.. егерде
жарысқа басқалармен қатар өткен жылғы
жеңімпазды шақыратын болса, ол міндетті түрде
өткен жылғыдағыдай киінетіні сөзсіз: сол аяқ
киімі, жейдесі, шалбары, міндетті түрде
сол ерге
отырып, сол кездегі ұстаған қамшысын қолына
алады...
Достарыңызбен бөлісу: