Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


Қысқаша осындай жарнама айлалары жайлы



Pdf көрінісі
бет49/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
Қысқаша осындай жарнама айлалары жайлы:
Дабыл
 
Жарнама берушілер дабыл қағушы жарнамалар деп 
аталатын айла арқылы біздің уайымдаушылығымыз 


157
бен сенімсіздігімізді оятып және (тіпті) өз-өзімізді төмен 
бағалауымызға алып келуі мүмкін. Мысалы, 
Blendamed
тіс 
пастасының жарнамасы аппақ маржандай тістері бар әртіс 
арқылы жарнамалануы Сіздің онша аппақ емес тістеріңіз 
жайлы сенімсіздігіңізді оятуы мүмкін. 
Garnier
майына 
жасалынған жарнама беті «жұмсақ, нәзік және әжімсіз» 
әртісті көрсету арқылы әйелдердің жасармайтын тері 
туралы қорқынышын шақыруды көздейді. Жарнамаланып 
жатқан тауарларды көру кезінде Сіз санадан тыс 
Blendamed
Сізге аппақ маржандай тісті болуға, 
Garnier
теріңізді жұмсақ, 
нәзік, солмайтындай етуге көмектесетіндігі жөнінде өз-
өзіңізді сендіре бастайсыз. Бір сөзбен айтқанда, дабыл 
түріндегі жарнамалар, тауарға жарнама жасау арқылы 
Сіздің қобалжуыңыз, сенімсіздігіңіз, өз-өзіңізді төмен 
бағалауыңыз егерде олардың тауарларын қолданатын 
болсаңыз еш негізсіз екендігіне сендіргілері келеді. 
Көңіл күйді білдіретін сөздер
Жарнама жасаушылар біздің жағымды сезімдерімізді 
оятатын сөздерді таңдайды. Ең жиі кездесетін сөз: 1. Тері 
күтіміне арналған тауарларға қатысты: 
жұмсақ, жаңа, таза, 
табиғи, хош иісті, иісі ерекше;
2. Киімге қатысты: 
ыңғайлы, 
әсем, сәнді; 
3. Тағамға қатысты: 
сықырлауық, жаңа, табиғи;
3. Электронды тауарларға қатысты: 
жаңа, сенсорлы;
4. 
Банктік депозиттерге қатысты: 
жоғары пайыздық мөлшер, 
тұрақтылық, жинақтарды басқару ыңғайлылығы; 
5. Дәрі-
дәрмектерге қатысты: 
ауыртпайды, өте жылдам, әсерлі;
6. 
Туризм және демалысқа қатысты: 
ұмытылмас әсер, жайлы 
бөлмелер, ғажайып интерьер, энергия қуаты.


158
Құбылғы-сөздер
Құбылғы-сөздер жарнама жасаушыларға біздің 
критикалық ойлау қабілетімізге қулық жасап, нәтижесінде 
бізді, сатып алушыларды адасушылыққа бағыттауына 
мүмкіндік береді. Құбылғы-сөздер мұқият талдау кезінде 
өзінің негізгі мағынасын өзгертеді (құбылмалы шегіртке 
тәріздес жәндік өз денесінің өңін өзгерте алатыны 
сияқты). Жарнамаларда қолданылатын «мүмкіндік 
береді», «көмектеседі», «күреседі», «... теңгеден басталады», 
«мүмкін», «мүмкін болуы» мына сөздер құбылғы-сөздер 
болып саналады. Кейбір жарнамалар өздерінің тауарлары 
(емдік дәрілер/май/тіс пастасы/...) «А категориясы Б 
категориясымен күресуге көмектеседі» деп сендіреді. 
Алайда көптеген сатып алушылар «күресуге көмектеседі» 
деген түсінікті «емдейді» деп алданып қалады. Ал, 
шындығында А категориясы тек қана (емдік дәрілер/
май/тіс пастасы/...) денсаулыққа «тиімді әсер етеді» деген 
мағынаны білдіреді.
Бутиктердегі жеңілдіктер ше? Мысалы, «бағасы 
2000 теңгеден басталатын жейделер» деген бағаны 
көрсетіп қойса, сізге ұнаған жейде 2000 теңге болады деп 
ойламаңыз! Көбінесе санаулы жейде ғана 2000 теңгеден, ал 
қалған көпшілігі әлдеқайда қымбат болады. 
Үлкен және қара әріптер 
Газеттердегі, ғаламтордағы басты ақпарат кішкентай 
әріппен жазылып тұрған кезде тауарларға арналған 
жарнамалар үлкен және қара әріппен беріліп сіздің 
назарыңызды өзіне аударады. Сіз өзіңіздің сүйікті 


159
дүкеніңіздің «30% ЖЕҢІЛДІК» деген хабарламасына 
үміттеніп, соңынан хабарламаның соңғы бөлігіндегі 
кішкентай әріптермен жазылған жеңілдіктердің белгілі бір 
тауарларға ғана арналғандығын білген кезде көңіліңіздің 
қалай қалғандығын есіңізге алыңызшы. Ал, «СІЗ ЖУЫҚ 
АРАДА 1 000 000 ТЕҢГЕ АЛА АЛАСЫЗ!» деген үлкен қара 
әріптермен жазылған тақырыптары бар спам e-mail-дер 
жайлы не дейсіз? Лотереяға қатысу шартын түсіндіретін 
кішкентай әріптермен жазылған сөздерге жету үшін 
сілтеме бойынша жүре беретін адасушылықтар болып 
тұрады. Егерде сол мезетте Сізде критикалық ойлау 
қабілеті болып жатса, ұтып алу мүмкіндігі 1 000 000 –да
біреу ғана екендігін түсінесіз. Тақырыптағы «АЛА АЛАСЫЗ»
сөзі – құбылғы сөз екендігін ескеріңіз. Сіз расыменде 1 
миллион теңге ала аласыз, бірақ тек қана егерде лотереяға 
қатыссаңыз және Сіздің жолыңыз болса.
Жағымды әсер қалдыру
Жарнама жасаушылар жарнама арқылы Сізге жағымды 
және жақсы әсер қалдыруға тырысады. Мұндай айла 
қолданудағы басты мақсат Сіз бұл тауарды ары қарай да 
сатып алуыңыз үшін ұсынылып отырған тауар жайлы 
жақсы ойда болуыңызды қамтамасыз ету. Мысалы, сусын 
жайлы мынадай жарнаманы алып қарайықшы: Жас жанұя 
табиғат аясында демалыс ұйымдастырды. Әйелі күйеуіне 
алтын түстес алма сусынын стаканға құйып жатыр. Ал, 
күйеуі мен балалары бақытты кейіппен сусынды ішіп 
жатыр. Ата-аналар да, балалары да денсаулықтары жақсы 
адамдар тәрізді көрінеді. Сусынды ішкен соң барлығы 
алтыбақан
теуіп, балалардың сыңғыр күлкілері естіледі.
Бұл жарнама сіз үшін қандай әсер қалдыруға тырысады? 


160
Бұл жарнаманың басты мақсаты – осы сусынға қатысты 
сіздің жағымды әсеріңізді ояту. Бұл жарнаманың негізге 
алған аудиториясы жанұя. «Табиғат аясындағы демалыс» 
сусын қоспалары табиғи іспеттес әсер туындатады. 
«Денсаулықтары мықты және бақытты әртістер» егерде 
Сіз және жанұяңыз осы сусынды ішсе, Сіз бен жанұяңыз 
дәл осындай денсаулықтарыңыз мықты және бақытты 
болатындай әсер қалдырады. «Табиғат аясындағы демалыс», 
«сыңғырлаған күлкі», «алтыбақан» - осының барлығы 
жағымды әсер қалдырып көңіл күйіңізді сергітеді. 
Жұлдыздарды тарту
Жарнама жасаушылар өз тауарларын (қызметтерін) 


161
жарнамалауда атақты әртістерді, әншілерді, шоумендерді, 
әзілкештерді, жұмысқа жиі тартады. Мұндай айланың 
басты мақсаты – бұл тауарды (қызметті) сатып алсаңыз 
Сіз жарнамалап жатқан жұлдызға жақындайтындығыңыз 
жайлы Сізге әсер қалдыру болып табылады. Егерде ұлттық 
Көкпар ойынының жұлдызы қымызды жарнамалайтын 
болса, жарнама жасаушылар қымыздың осы брендін
сатып алу арқылы сізді Көкпар жұлдызы сияқты күшті әрі 
қырағы болатындығыңызға сендіруге тырысады. Мұндай 
жұлдызды жарнама халықтың тауарды оп-оңай және тез 
сатып алуларына ықпал ету үшін жасалынады. Оған себеп, 
қарапайым адамдар үшін жарнамаланып отырған осы және 
басқа тауарды танымал адамның қолдануы жеткілікті 
болып саналады. 
Әзіл
 
Жарнамадағы әзіл – бұл дегеніміз сіздің назарыңызды 
толықтай аударып, критикалық ойлау қабілетіңізді 
ұмыттыруға арналған тиімді айла. Жарнамадағы 
әзілдің басты мақсаты ұсынылып отырған тауар жайлы 
(ұсынылып отырған қызмет) есте қаларлық әсер қалдыру 
болып табылады. 
Айрықша ұрандар
Айрықша ұрандар мен қысқа аудио/видео/ музыкалық 
роликтер де ұсынылып отырған тауардың (ұсынылып 
отырған қызмет) есте қаларлықтай әсерлі болуы үшін 
қолданылады. Бірақ, біз көбінесе жадымызға әсер ететін 
ерекше процесстің болатындығын байқай бермейміз. 


162
Айрықша ұрандар немесе роликтер қаншалықты әсерлі 
болса, жарнама соншалықты жылдам есте қалады. Жылдам 
есте сақтаудың тағы бір әдісі сөздердің қайталануы. 
Нәтижесінде, біздің алғашқы алған тауарымыз жадымызда 
ең жақсы сақталған дүние болып қалатындығы жиі 
кездесіп жатады. Жылдам есте сақтау үшін қажетті тағы 
бір айла тақпақ үлгісіндегі айтылатын сөздер, ұйқас, буын 
болып табылады. 


163


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет