2.7. Шамалап түсінетін қорытынды
Көптеген адамдар тыңдаушы мен оқырман «өзі
тұжырым жасасын» деген оймен бір нәрсені соңына дейін
айтпастан немесе өз дерегін қорытындысыз қалдыруы
мүмкін. Ал, адамдар да келтірілген барлық дәйектерге
бекітілген емес, тек қана қалған дәйектерді меңзейтін
аргументтерді келтіруі мүмкін.
Автор қорытындыны өздігінен құралады деп және
қосымша мүмкіндіктерді енгізген кезде ғана қорытынды
шамалап түсінетіндей қасиетке ие болады. Қалай дегенмен
де, аргументті бағалаудан бұрын берілген дәйектің қайда
алып келетіндігін түсінуіміз керек. Мысалы:
Жұмыстың көп бөлігін (75%) Олеся орындайды. Олеся
өзінің өнімділігімен ерекшеленіп тұрады. Алайда, ол
шығарған өнімінің тек қана 30% алады.
Шындығында мұндай дәйектер жиынтығы аргумент
болып есептелмейді. Себебі, бұл жерде қорытынды жоқ,
тек қана дәйектер. Контекс бойынша автор «Олеся бұдан
көбірек алуы қажет» дегенді айтқысы келген болу керек.
Бәлкім, автор Олесяға жұмыста табандырақ болуды
меңзеген болу керек. Егерде оқырман мен тыңдаушыны
жұмбақта қалдырмай аргументте қорытынды келтіретін
болсақ, мұндай анық емес дүниелерден аулақ болуға
болады. Алайда, критикалық ойлай алатын адам үшін
52
бұл өз-өзіне сұрақ қоюдың, тұжырымдаманы ақылмен
саралаудың, өз жорамалын жасап және тәжірибе түрінде
мүмкін болатын өз дерегін құрудың тағы бір мүмкіндігі
болып табылады. Бұл үшін Сізге қазір осы бөлімнің не
туралы айтылғандығын практикалық түрде санаға құйып
алу керек.
|