Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


Қоғамдық орындарда шылым шегуге тиым салу қажет



Pdf көрінісі
бет20/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
Қоғамдық орындарда шылым шегуге тиым салу қажет 
пе? «Қоғамдық орын» түсінігіне анықтама беріңіз.
2.3. Аралық қорытынды
Бекітілімдердің  барлығы  дерлік  дәйектер  мен
тұжырымдардың  қатаң  категориясына  жата  бермейді.
Кейбір бекітілімдер мағынасына қарай, бір мезетте дәйек
пен  тұжырымдаманың  қызметін  атқара  алады.  Мұндай
бекітілімдер  аралық  қорытындылар  деп  аталынады.
Мысалдарды қарастырайық:
Әпкесі:    Далада  адамдар  күртешемен  жүр.  Далада  күн 
суық болуы керек. Сондықтан да жылы киін. 
Бұл  аргументтегі  негізгі  қорытынды  –  «жылы  киін»
болып  отыр.  Мұндай  қорытынды  үшін  дәйек  ретінде  өз
кезегінде ойша пайымдау «далада күн суық болуы керек»
- «жылы киін» дерегіндегі негізгі қорытынды болып отыр.
Мұндай қорытындыдағы дәйек болып өз кезегінде «Далада
адамдар күртешемен жүр» тұжырымына сүйенген «Далада


41
күн  суық  болуы  керек»  -  деген  пайымдау  қызмет  етіп
отыр. Яғни, аралық тұжырым болып бірінші сөйлемнен
(Далада  адамдар  күртешемен  жүр)  шығып,  соңғы  негізгі
қорытындыға  алып  келетін  (Сондықтан  да  жылы  киін) 
екінші сөйлем (Далада күн суық болуы керек) болып отыр.
Аргументтерде  кездесетін  аралық  тұжырымдар  саны
бірнешеу болуы да мүмкін. Тағы да бір мысал қарастырып
көрейік:
 Демография бойынша есеп: Еліміз бойынша туу деңгейі 
өте төмен және жыл санап төмендеп келеді. Бұл дегеніміз, 
өмір  сүру  ұзақтығын  қаншалықты  жақсартқанына 
қарамастан,  уақыт  өте  келе  қоғамымызда  адамдар  саны 
азайып, қарт адамдарға жәрдемдесу үшін өте көп жұмысқа 
қабілетті  адамдарға    мұқтаж  болатындығымызды 
білдіреді.  Зейнеткерлік  жасты  ұлғайту  немесе  жас 
адамдардың еңбек өнімдерін жақсарту қажет болады.  
Бұл  аргументтегі      «Еліміз  бойынша  туу  деңгейі  өте 
төмен  және  жыл  санап  төмендеп  келеді»  аргументінде
екі  аралық  қорытынды  негізделеді:  1)    «уақыт  өте  келе
қоғамымызда  адамдар  саны  азаяды»,  2)  «қарт  адамдарға
жәрдемдесу  үшін  өте  көп  жұмысқа  қабілетті  адамдарға
мұқтаж  боламыз».  Осы  аралық  қорытындылар  бірлесе
отырып  негізгі  қорытындыға  алып  келеді:  «Зейнеткерлік
жасты  ұлғайту  немесе  жас  адамдардың  еңбек  өнімдерін
жақсарту қажет болады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет