Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру



Pdf көрінісі
бет25/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86
РЕЗЮМЕ...
•  Аргумент сөзі латынның argumentum, яғни:
1.  айғақ  болудың  негізіне  қызмет  ететін  логикалық
дәйек;
2.   математикада тәуелсіз ауыспалы шама.
•  Кейбір  ғалымдар  критикалық  ойлауды  «түсінудің
белсенді, жүйелі процесі ретінде» анықтайды.
•  Критикалық ойлаудағы аргумент тұжырымдамаларды
растауға  келтірілген  аргументтер,  себептер,  дәйектер
мен  мысалдардың  қорытынды  жиынтығы  дегенді
білдіреді.
•  Тұжырымға  аргумент  ретінде  ұсынылып  отырған
бекітілімдер  дәйек  деп  аталынады.  Дәйек  қызметін
атқара алатын тұжырымдардың сан алуан түрлері бар.
Жалпыға  танымал  аргументтер,  ортақ  принциптер,
аксиомалар,  сауалнамалар  мен  тәжірибе  нәтижесі,
статистикалық  мәліметтер  және  басқа  да  аргументтер
дәйектің  бір  бөлігі  бола  алады.  Ал,  оларды  сенуге
болатын    беделді  мәліметтер  түрінде  берілетіндіктері
біріктіреді.
•  Аргументтердегі дәйектер: “неге?”, “неден?”, “не үшін?”,
“қандай  себептен?”  сияқты  сұрақтарға  жауап  беруге
көмектеседі. Дәйектерде кеңінен тараған индикаторлар:
солай болғандықтан, себебі, осыған байланысты, осыдан 
кейін,  осының  салдарынан,  осының  арқасында,  осылай 
болғандықтан. 
•  Тұжырымдама  деп  –  бастапқы  ақпарат  пайымдау
(алғышарт, дәйектер), жаңа пайымдауға – қорытындыға
айналатын  талқылау  процесін  атайды.  Қорытындыда
кеңінен  тараған  индикаторлар:  сондықтан  да,  осыған 
сәйкес, осыған байланысты, осыдан келіп. 


54
•  Кейбір  бекітілімдер  мағынасына  қарай,  бір  мезетте
дәйек пен  тұжырымдаманың  қызметін  атқара  алады.
Мұндай бекітілімдер аралық дәйектер деп аталынады.
•  Критикалық ойлау түсінігінде «жорамал» сөзі өздігінен 
болатын  деп  есептеледі.  Бірақ,  анық  дәйек  бола
алмайды. «Жорамал» сөзі нақты айтылмаған, тек қана 
нұсқап көрсеткен нәрселерді білдіруде қолданылады.


55


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет