Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


«Авторитеттерден» (Беделділерден) болатын



Pdf көрінісі
бет28/86
Дата04.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#29739
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   86
3.2. «Авторитеттерден» (Беделділерден) болатын 
аргументтер
Өкінішке орай, авторитет сөзі кейбір кезде қылмыстық
әлемдегі  қатал  ағалар  туралы  ойға  алып  келеді.  Ал,
шындығында  авторитет  сөзі  ағылшын  тілінің    author-
ity,  «құзіретті  қайнаркөз»,  «сарапшы»,  «ықпалды  адам»


64
деген  мағынаға  ие  сөзінен  шыққан.    «Авторитет»  -  сөзі
аргументтерде дәлел ретінде жиі қолданылады. Мысалы:
Аға: «Сен сүтке баруын керек.»
Әпке: «Неге?»
Аға: «Өйткені анамыз солай айтты.»
Келтірілген  жағдайда  әжемізбен  болған  оқиға
тәріздес  ана  беделді  болып  келеді.  Ол  кісі  ненің  дұрыс
екендігін,  ненің  бұрыс  екендігін  біледі.  Әпкесі  анасының
айтқандарының  барлығын  бұлжытпай  орындайды.
Осыған сәйкес, анасы – құзіретті қайнаркөз және ол кісіні
дәйектердегі  бедел  ретінде  көрсетуге  болады.    Әрине,
мынадай қосымша дәйектерді де келтіруге болатын еді: 1)
Әпкесі бізге қандай сүттің қажет екендігін ажырата алады,
ал, ағасы ажырата алмайды; 2) Әпкесі қолжетімді бағамен
сүтті қайдан алуға болатындығын, дүкендердегі бағаларды
жақсы  біледі.  Бірақ,  анасының  беделі  бұл  сұрақтардың
барлығын  алмастырып,  әпкесі  ешқандай  артық  сұраққа
келместен де қуана-қуана сүт әкелуге кетеді. Басқадай бір
мысалды қарастырайық:
Ауыл  әкімін  сайлау  кезінде  саяси  үгітші:  «Қайырден 
ағаға дауыс беріңіздер. Ол кісіге тіпті біздің кикбоксингтен 
облыстық  жарыс  бойынша  чемпион  –  Мистер  Дулаттың 
өзі дауыс беруде!» 
Бұл  жерде  саяси  үгітші  ауылдағылардың  көбісіне  өте
құрметті  және  беделді  кикбоксерды  ауылдықтардың
Қайырден  ағаға  дауыс  берулеріне  себепкер  ретінде
қолданып  отыр.  Әрине,  Дулат  –  спорт  және  дене
шынықтыру  саласының  сарапшысы.  Ол  әртүрлі  әдістерді
біледі  және  облыстық  сайыстарда  өз  ауылының  беделін
қорғайды.  Оның  үстіне,  бізде  Дулаттың  адамдардың
басқару  дағдылары  жайлы  жақсы  біледі  ме,  жоқ  па  деген


65
сияқты  оның  саяси  түйсігі  туралы  ешбір  ақпарат  жоқ.
Ол  үміткерлерді  өзара  салыстырып  көріп,  Қайырден
аға  расымен  ең  мықтысы  және  ауылдағы  қордаланған
мәселелерді  шеше  алатындығына  сенімді  ме?  Бұл  жайда
біз  ештеңе  білмейміз.  Ал,  Дулатқа  қомақты  ақша  төлеп,
ол  Қайырденмен  бірге  суретке  түсуге  келісімін  беріп,  бұл
суреттер ауылдың барлық жерінде ілінуі де әбден мүмкін.
Мұндай  жағдайларда  біз  саяси  үгітшінің  аргументтеріне
сақтықпен қарап және ауыл әкіміне қай үміткердің лайық
екендігін өзіміздің анықтауымыз қажет. Яғни, біз кикбоксер
беделінің  саясатта  емес  мүлдем  басқа  салада  екендігін
ескере  отырып,  кикбоксердің  беделіне  толығымен  сенім
артпағанымыз  дұрыс.  Осыған  сәйкес,  оның  сараптамалық
қорытындысы біз үшін беделді дәйек бола алмайды.
Біз  сіздерге  беделді  адамдарды  тыңдамауыңызды
немесе құрметтемеуіңізді өтініп отырған жоқпыз. Дұрысы,
біз  Сізден  өзіңізді  қызықтырған  сұрақтарда  құзыреттілігі
молырақ  беделділерді  тыңдауды  сұраймыз.  Бәлкім,  сіз
бізден:  егерде  беделділер  саны  бірнешеу  және  олардың
пікірлері  әртүрлі  болған  жағдайда  не  істеуге  болады  деп
сұрауыңыз  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  біз  аргументтердің
басқа жақтарын қарастыруды бастаймыз.
Қайнаркөз     
Авторитеттердің
айтқандарын
жеткізетін
қайнаркөздерді  міндетті  түрде  тексеру  қажет.  Кейбір
қателікпен    танымал  авторлардың  романдарындағы
кейіпкерлердің  айтылған  сөздерін  келтіріп,  бұл
сөйлемдерді  авторлардың  аттарынан  беріп  жатады.  Кей
кездерде  авторлар  мен  олардың  жазған  сөйлемдерінде


66
ешбір  байланыс  болмай  жатады.    Мұндай  жағдайда
автордың  жақсы  аты  еліктіру  мақсатында  қолданылады.
Берілген суретке көз тастаңызшы. Біз ғаламтор жайлы бір
нәрселер айтып жатқан Владимир Ильич Ленинді көреміз.
Алайда,  біз  Лениннің    интернетке  қарағанда  «интернат»
немесе  Интернационализм  жайлы  көбірек  хабардар
екендігін жақсы білеміз. Себебі, ол кезде интернет жайлы
ешкім естіген де жоқ.
Контекстен  бөліп  алынған  цитата  басқаны,  ал,
контексте  мүлдем  басқаны  білдіретін  кездері  де  болады.
Сондықтан да контексті міндетті түрде тексеру қажет. Сары
басылымдар  көп  бөліктерінде  дәлелдерін  нақтылау  үшін
дәлелдеу  немесе  жоққа  шығару  мүмкін  емес,    болжамдар
мен ешқандай да салмақты пікірі жоқ дәйектерді келтіреді.
Авторитет  ретінде  тек  қана  адамдардың  айтқаны
келтірілмейді.  Кейбір  кездерде  адамдар  өз  мақсаттарына
жету  үшін  ел  беделін  немесе  дінде    ғылымның  беделін
қолданады. Мысалы, Ұлы Отан соғысы кезінде Гитлер өзге
нәсіл мен ұлттардан арийялық артықшылығын көрсететін
ғылыми  дәлелдерді  келтіре  отырып  миллиондаған  неміс


67
жастарын  қызу  соғысқа  қатысуға  көндіре  алған.      Басқа
бір  мысал  келтіретін  болсақ,    ел  беделінің  «Германияда
жасалынған»  немесе  «Жапонияда  жасалынған»  деген
мақтанышпен  және  керемет  сапасына  деген  сенімділікті
көрсететін жазуларды қолдануды көптеген жарнамалардан
байқауға  болады.  Расымен,    Германия  Мерседес  және
БМВ  сияқты  бренд  қалыптастырып  үлгерген  мықты
автокөліктерді  шығарады.  Қалай  дегенмен  де,  бұл  елдің
барлық  өнімдері  жоғары  сапамен  ерекшеленеді  дегенді
білдірмейді.  Осы  логикаға  қарап,  егерде  тауар  Қытайда
өндірілсе    («Made  in  China»),    жақсы    не  жаман  деген
тұжырымдама жасауға болмайды. Әрбір тауар шығарылған
еліне  немесе  тауарды  жарнамалаушы  танымал  тұлғаға
қарап емес, нақты бір сапасына сәйкес бағалануы тиіс.
       


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет