153
және оны қайдан сатып ала алатындығы жайлы неғұрлым
көп ақпараттануында жарнаманың алар орны ерекше.
Бір жағынан жарнама біздің жан-жағымыздан шығып
мезі қылып жібереді. Сіз өзіңіздің сүйікті телесериалыңызды
көріп отырған кезде аяқастынан жарнама ролигі шыға
келгенде немесе сіз сүйікті музыкаңызды тыңдап
отырған сәтті Сізге қажеті жоқ әртүрлі хабарламалар үзіп
жібергенде қалай ашуланғаныңызды есіңізге түсіріңізші.
Әлеуметтік желілерді қолданушылар жарқ етіп шығып
тұратын жарнамалар көңілдерін қалай бөлетіндіктерін
жақсы біледі. Жарнама тек қана газет, журнал, телеарна,
интернет т.б. арқылы ғана
емес барлық жерде қыр
соңымыздан қалмайды. Біздің кіреберістегі есігіміз ту
сияқты шұбарланып, сан алуан қызметтерді белсенді
түрде жарнамалап тұрады. Мысалы, «авто мектепте 2 ай
ішінде көлік жүргізіп үйрену», «2 апта ішінде ағылшын
тілін меңгеру!», «жоғары білікті бала бағушы» және т.б.
Тіпті, мультфильмдердегі танымал тұлғалардың бейнесі
салынған (Бір жағынан кім-кімге жарнама жасап жатқаны
белгісіз. Мультфильм кейіпкерлері арқылы өндірушілер
тек
қана балалар тауарын жарнамалап жатыр ма әлде қалай
дегенмен олар,
балалар тауарлары және мультфильмді
жарнамалап отыр ма?! ) балалар
ойыншығы мен тағамы
да бүгінде күнделікті жарнамаланып отыр. Жарнамалар
шай қорапшаларында, сусын бөтелкесінде және шеколад
қабының сыртында да кездеседі. Олар кинотеатрларда (
жоғары буындағы адамдар үшін олар «журнал» ретінде
танымал) көркем фильм көру үшін күтіп отырған мезетте
алдымыздан трейлер түрінде шыға келетіні тағы бар.
Бірақ, шындығында біз үшін ең жаманы бізге қатты әсер
ететіндігі, құндылықтарымызды өзгертіп, материалдық
дүниеге көбірек тәуелді ететіндігі болып отыр. Біз
154
қанағатсыздыққа ұшырап, болған үстіне
бола берсе екен
деген халге душар бола бастаймыз. Жарнама - күнделікті
өмірдегі құндылықтар мен көзқарасты қалыптастыруда
аса үлкен күш. Жарнама жасаушылар сатып алушының
санасына емес, психологиялық айлаларды қолдану
арқылы парықсыз көңіл күйге шақырады. Жарнама
жасаушылар белгілі бір құндылықтарды бағалау және
басқаларын менсінбеу жолы арқылы біздің ойлау
қабілетімізді өзгертеді. Жарнама Сіз, тұтынушы ыңғайлы
және байлықта өмір сүруге, қымбат және сүйкімді киінуге,
француз
әтірінің иісін иіскеуге, пайдалы және пайдасыз
(чипсы, гамбургер, кола) тағамдарды жеуге, техниканың
соңғы жаңа түрін алуға, қымбат автокөлікте жүруге, т.б.
тиіссіз дегенді меңзейді және көрсетеді. Алайда, жарнама
сіздің критикалық ойлау қабілетіңіз бен шешіміңізді,
сонымен қатар сіздің өз-өзіңізбен еркін болғыңыз
келетіндігін менсінбейді. Жарнама,
Сіз моральдық
құндылықтарға қарағанда материалдық жағдайыңызға
көбірек көңіл аударуыңызға алып келеді. Жарнамадағы
көрсетілген «Өміріңізге аса қажетті» дүниелерді алу
соңында жүрген кезіңізде, өзіңіз де байқамастан теледидар
экранындағы немесе компьютердегі, радио мен газет
жолақтарындағы кезекті жарнаманың тұтқыны болып
шыға келесіз. Сіз саналы,
жоғары ұйымдастырушылық тән
мораль иесі болып табылатындығыңыздың дәлелі бола
алатын өзіңіздің жеке критикалық ойлау қабілетіңізді
пайдалануды ұмытасыз.